Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет21/61
Дата13.07.2022
өлшемі1,16 Mb.
#147454
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61
Байланысты:
Руководство для школьного тренера

Жаттығулар 
1-сабақ
1.
Бүгінгі күннің мақсатымен және орындалатын шаралармен таныстыру.
2.
Зерттеу сұрағы анықталған соң зерттеу жүргізуші практик алдымен ағымдағы 
жағдайды және тәжірибеге өзгеріс енгізілгеннен кейін орын алған өзгерістерді 
қалай құжаттайтынын алдын ала шешіп алуы керек. Содан кейін бастапқы 
жағдайды білу мақсатында дерек жинап, оны талдауға дайындайды. Деректерге 
түсініктеме беріп, соның негізінде қандай өзгеріс енгізу қажеттігін анықтайды. 
Ол өзгерісті жүзеге асырып, содан кейін алынған нәтижені ой елегінен өткізеді 
және де алдағы қадамдарын жоспарлай алады.
3.
«Іс-шаралар» сызбасын талқылау. 1-үлестірме материал.
4.
«Жиналатын дерек түрлері» жаттығуы. Таныстырылымның (2-6-слайдтар) 
көмегімен тыңдаушыларды зерттеу жүргізу барысында жалпы қандай дерек 
жинауға болатынымен және ол деректерді қандай әдістердің көмегімен 
жинауға болатынымен таныстыру.
5.
Төрт адамнан тұратын топта 2-үлестірме материалда ұсынылған дерек 
жинаудың бір тәсіліне КӘМҚ талдау (3-үлестірме материал) жасайды.
6.
Алдағы сабақтарда назар аударуды қажет ететін сұрақтар мен сабақ мазмұнын 
талқылау.
2-сабақ
1. Жалпы алғанда дерек жинау тәсілдерін шартты түрде 3 үлкен топқа бөлуге 
болады: құжаттарға талдау жасау, қадағалау және сұхбат алу (әңгіме). 
Тыңдаушылармен «Зерттеу барысында дерек жинау көздері» үлестірме 
материалын талқылау.
3.
Мұғалімдер қолданылатын материалдарды, жұмсалатын уақытты және игеруге 
тиісті тәжірибені ойластырады, сондай-ақ табыс критерийлері туралы шешім 
қабылдайды, яғни мұғалім сынаған әдісінің тиімді болғанын қалай біледі және 
нәтижені қалай өлшейді, бағалайды. «Жоспар әзірлеу» сызбасын талқылау 
(5-үлестірме материал).
4.
«Үш баған» жаттығуы (6-үлестірме материал).
5.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Соңғы сабақтағы жаттығу сізге өз іс-әрекеттегі зерттеуіңізді жоспарлауға 
қалай көмектесе алады?
ә) Зерттеу сұрағын тұжырымдау қиын ба?
б) Зерттеуіңізде кең мәселелерді қамтымай, барынша нақты бір мәселені 
таңдау үшін не істейсіз?
в) Зерттеу жүргізер алдында осы тақырыптағы әдебиетке шолу жасауды қалай 
ұйымдастырасыз?
5.
Күнді қорытындылау. Тыңдаушылардың рефлексиясы «Мен үшін бүгін ... 
құнды болды, себебі ...». Тыңдаушылардың сұрақтары болса, жауап беру.
6.
Үй тапсырмасы: Зерттеу сұрағын тұжырымдау немесе сабақ барысында 
белгілеген зерттеу сұрағын алып, осы мәселеге қатысты ғылыми әдебиетпен 
танысу. Қажет деп тапқан дәйексөздердің, ол дәйексөз алынған кітаптың 
авторы мен деректерінің тізімін жасау.


Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
24
2.
Дерек жинауда кеңінен қолданылатын әдістерге тоқталу: сауалнама; сұхбат; 
қадағалау. Бүкіл топты үш шағын топқа бөліп, үшеуіне үш әдіспен жұмыс 
істеуді тапсыру (5, 6, 7-үлестірме материалдар).
3.
Әр топ өзіне берілген дерек жинау әдісін таныстырады.
4.
Топтық талқылау.
5.
Сабақты қорытындылау.
6.
Үй тапсырмасы: зерттеу сұрағы тұрғысынан сыныптағы ағымдағы жағдай 
туралы дерек жинау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет