Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
22
1-2-сабақтар
5.
«Дайындық» үлестірме материалымен жұмыс.
Іс-әрекеттегі зерттеуге
дайындық сатысында мұғалім таңдап алынған тақырыпты мүмкіндігінше
тарылта отырып, іс-әрекеттегі зерттеу нақты қандай мәселеге бағытталатынын
шешеді. Өз тәжірибесін ой елегінен өткізіп,
тәжірибесінің қай қырын
жетілдіргісі келетінін анықтайды. Қазіргі кезде белгілі бір нәтижеге қол
жеткізген
саланы таңдап, осы салада басқа әдісті қолданып көруге болады.
Ол үшін бұл салада тиімді болатын әдіс туралы басқа адамдармен алдын ала
сөйлесе алады. Таңдаған әдісті қолдану / іске асыру үшін мұғалімге белгілі бір
ресурс және әріптестерінің көмегі қажет болуы мүмкін. Бұл кезеңде бастапқы
шаралар орындалып, шешім қабылданады.
6.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Осы кезеңдердің барлығын түсіндіңіздер ме? Қандай кезеңді түсіну қиын
болды?
ә) Осы тақырыпқа қатысты қандай сұрақтарыңыз бар?
7.
Сабақты қорытындылау. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру.
8.
Үй тапсырмасы: қосымша оқуға ұсынылған
әдістемелік құралдарды оқу
Қосымша оқу
1.
Ермуханова Г., Жаксылыкова Г., Калиева З. Из опыта внедрения проекта Action
Research. Астана, 2015.
2.
Идришева З. Ултанбаева С. Практическое руководство по проведению
Исследования в действии. Астана, 2015.
3.
Сагинова К., Атейбек С., Ермагамбетова Г. Мұғалімнің өз тәжірибесін зерттеуі.
Астана, 2015.
4.
Сапарова Г., Айдарханова И., Адильжанова Д. Ғылыми-педагогикалық зерттеу
тәсілдері оқу үдерісін жетілдірудің қуатты құралы ретінде. Астана, 2015.
Достарыңызбен бөлісу: