Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет15/61
Дата13.07.2022
өлшемі1,16 Mb.
#147454
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
Руководство для школьного тренера

6-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Зерттеу сабағын өткізу. Сабақтан кейінгі талдау. Сабақ туралы рефлексия
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар зерттеу сабағына қатысып, сабақтан кейін оны талдайды.
Жаттығулар 
1-сабақ
1.
Зерттеу сабағы өткізіледі. Тыңдаушылар өзара келісіп, бір сабақ өткізіліп, 
барлығы соны қадағалай ма, әлде шағын топтар өз сабақтарын өткізіп, әр 
шағын топ өз сабақтарын қадағалайтындығы туралы шешім қабылдайды.
Ескерту

Сабақты зерттеу үдерісі оқушының сабақ барысындағы 
белсенділігін, іс-әрекетін және оның не үйренгенін зерделеуге, қадағалауға 
бағытталған! Сабақты зерттеу тәсілі мұғалімнің оқыту тәсілдерін, іс-әрекетін, 
мінез-құлқын қадағалауға бағытталмаған!
2.
Белгіленген мұғалім сабақ өткізіп, қалғандарықадағалайды. Бақылауға алынған 
балаларды назарға ала отырып, сыныпты қадағалау парағын (1-үлестірме 
материал) және оқушының сөздерін жазуға арналған парақты (2-үлестірме 
материал) толтырады.
3.
Сабақ аяқталып, оқушылар сыныптан шыққан соң мұғалімдер бірден сабақты 
талқылауға кіріседі. Кездесуде уақыттың сақталуын қадағалайтын, хаттама 
жүргізетін, т.б. рөлдерді орындайтын адамдарды белгілеу.
Ескерту: Алдағы уақытта да зерттеу сабағын талдауды мүмкіндігінше 
бірден сабақ өткен күні немесе ол сабақтан көп күн өткізбей талдау 
қажеттігіне назар аударту!
4.
Тыңдаушылар бүкіл топқа өзінің толтырған парағын көрсете отырып, ол 
парақта жазылған мәліметті талдайды. Талдау кезінде мән берілуге тиіс 
мәселелер:

Қадағалау парағын толтыру оңай/қиын болды ма? Неге?

Сабақта оқушылар өздерін қалай сезінді? Мұғалім ше?

Қадағалаушы ретінде өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Қадағалау барысында не қиындық тудырды? Алдағы уақытта ондай 
проблема болса, оны шешудің қандай жолдарын ұсына аласыз?

Сабақ жоспарын жетілдіру туралы қандай ұсыныс жасай аласыз?
5.
Топтық талқылау.
2-сабақ
6.
Тыңдаушылар шағын топта «Зерттеу сабағы туралы рефлексия жасау үдерісі» 
үлестірме материалын талдайды.
7.
Тыңдаушылар қадам-қадаммен жоғары аталған үлестірме материалдың 
тармақтарын орындайды.

Ең бірінші болып зерттеу сабағы туралы ойларымен сабақ жүргізген
мұғалім бөліседі.

Зерттеу сабағын қадағалаған мұғалімдер өз деректерін және сабақтан 
түйген ойларын ортаға салады (әр адамға қадағалау барысында түйген 
ойларымен және жинаған деректерімен бөлісуге мүмкіндік беру қажет).

Қадағалаушы мұғалімдер оқушылардың білімді игергендігін және оқыту
мен оқудағы кез келген елеулі мәселені атап көрсету үшін дәлелдерді 
пайдаланады. 4-үлестірме материал толтырылады.
4. Үй тапсырмасы: зерттеу сабағын қадағалау барысында қай жаттығуға 
оқушылар қалай қарап, ол жаттығулардың оқушылардың оқуға деген уәжіне, 
жалпы мінез-құлқына қалай әсер етуі мүмкін екені туралы ойларын жазу.


Мектеп
тренеріне
арналған
нұсқаулық
19

Оқыту мен оқуға енгізілуі тиісті/енгізуге болмайтын кез келген өзгеріс
туралы ойланып, осы түзетілген жоспарды қайтадан оқыту керек пе, әлде 
жаңа циклді бастау қажет пе екенін шешеді.
8.
Сабақты қорытындылау. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру.
9.
Үй тапсырмасы: қадағалаған сабақты, одан кейінгі пікірталас пен топтық 
рефлексияны негізге ала отырып, оқушылардың оқуында қандай олқылықтар 
болғаны туралы ойларын жазбаша жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет