Мектеп
тренеріне
арналған
нұсқаулық
15
Қосымша оқу
1.
Абдрахманова Ж., Биярова С., Зейнолдина Г. Lesson study: для желающих
заниматься исследованием своего урока. Астана, 2015.
2.
Байгаринова Ж. Исследование урока (Lesson study): от «А» до «Я». Астана,
2016.
3.
Ғабдоллақызы Б. Lesson study: конференциядан кейінгі ойлар. Астана, 2015.
4.
Пит Дадли. Lesson study: теориясы мен қолдану тәсілдері. Астана, 2013.
5.
Чичибу Т., Ду Тоит Л., Тулепбаева А. Lesson study бойынша мұғалімдерге
арналған нұсқаулық.
2-күн
Сабақтың
тақырыбы:
Сабақты зерттеу тәсілінің қадамдары. Зерттеу тақырыбын анықтау
Сабақтың
мақсаты:
Тыңдаушылар Сабақты зерттеу тәсілінің қадамдарын және зерттеу тақырыбын
анықтау үшін не істеу керектігін талдайды.
Жаттығулар
1-сабақ
1.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.
Үй жұмысының негізінде бүкіл топ болып Сабақты зерттеу үдерісінің
қадамдарын талқылау.
3.
Тыңдаушыларды 5 жұпқа (3 адамнан тұратын топқа) бөлу. Оларға «СЗ тобының
бірінші отырысы», «Сабақты жоспарлау», «Сабақты өткізу», «Оқушылармен
сұхбаттасу», «Талқылау және келесі сабақты жоспарлау» деп жазылған
флипчарт тарату. Жұптар өздеріне тиген кезеңді 15 минут талдап, нәтижесінде
осы сатыда орындалатын жұмыстар мен қабылданатын шараларды нақтылап,
осы кезеңді тиімді өткізуге көмектесетін ұсыныс-нұсқау әзірлейді.
4.
Жұптар бүкіл топқа өздері әзірлеген ұсыныстарын таныстырады (әр жұпқа 5
минуттан).
5.
Топтық талқылау. Тыңдаушылардың ұсыныстарының негізінде өз нұсқауларын
толықтыру (қажет болса).
6.
Сұрақ-жауап, жұмысты қорытындылау.
2-сабақ
1.
Бірінші сабақты қысқаша қорытындылап, екінші сабақта олардың зерттеу
тақырыбын анықтайтындарын жеткізу.
2.
Тыңдаушылар шағын топта жұмыс істеп, «Сабақты зерттеу жобасының үлгісі»
үлестірме материалын толтырады.
3.
«Сабақты зерттеу үдерісінің тақырыбын таңдау» үлестірме материалымен
жұмыс.
4.
Тыңдаушылар таныстырылым және «Зерттеу сұрағын тұжырымдау картасы»
үлестірме материалымен жұмыс істей отырып, картаны толтырады.
Тыңдаушыларды үш шағын топқа бөліп, оларға үш зерттеу сұрағын таңдауды
ұсынуға болады.
5.
Бұл сабақта тыңдаушылар модельдеп, сосын апта бойы келесі сабаққа дейін
осы шараларды шын мәнінде орындайтынын ескерту.
6.
Сабақты қорытындылау. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру.
7.
Үй тапсырмасы:
а) шағын топта зерттеу сұрағын тағы бір талқылап, қажет болса өзгеріс енгізу
немесе басқа сұрақ алу;
ә) зерттеу сабағы қай сыныпта қандай пән бойынша өтетінін келісу.
Достарыңызбен бөлісу: