Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет11/61
Дата13.07.2022
өлшемі1,16 Mb.
#147454
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
Руководство для школьного тренера

 
 
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
 
1-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Кәсіби даму курсына кіріспе. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі. Сабақты 
зерттеу тәсілімен танысу
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне талдау жасайды және 
ынтымақтастықта оқыту туралы қорытынды шығарады.
Жаттығулар 
1-сабақ
Мектеп тренерінің кіріспе сөзі
 
Кәсіби даму курсы туралы кіріспе мәлімет беріп, курс барысында қарастырылатын 
мәселелерге шолу жасау.
 
Сабақ уақыты, шағын үзілістер, өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат, сабақ кезінде ұялы 
телефонды сөндіру және т.б.
 
Курстың мақсаты және курстың құрылымымен таныстыру (Мұғалімге арналған 
нұсқаулық: оқу жоспары).
Тыңдаушылардың өз пікірлерін айтып, сұрақ қоюына мүмкіндік беру.
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі
 
ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
тақырыбындағы Жолдауында айтылған «Мәңгілік Ел» идеясының еліміздің 
болашағыүшінмаңызынатоқталу, жалпыұлттыққұндылықтардыңбасымдықтарын 
қарастыру (1-үлестірме материал. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 
құндылықтары, таныстырылым).
 
«Мәңгілік ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне тоқталып, 
елімізде жалпыұлттық идеяның құндылықтарын оқу-тәрбие жұмысының барлық 
түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асыру қолға алынғанына тоқталу.
Ойлан-жұптас-бөліс
 
Тыңдаушылардан осы курстан не күтетіні туралы және өзін ойландыратын 
проблемалар туралы ойлануды сұрау. Олар бұл тақырыпты әріптестерімен 
талқылайды.
 
Одан кейін төрт адамнан тұратын топта талқылайды. Қандай да бір жаңа мәселе 
туындады ма? Топ үшін қандай басымдықтар бар?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет