Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
10
бағалауды қолданады. Бұл тыңдаушылар үшін пайдалы екені сөзсіз, бірақ тренер тарапынан
жүргізілетін мониторинг пен бағалауды алмастыра алмайды. Мұғалімдерге рефлексиялық
есепке енетін іс-шаралар туралы жазбаларымен алмасу және ол бойынша пікірлерін білдіру
үшін қоғамдастықты пайдалануды ұсынуға болады.
Мектеп тренерлері оқуға қолдау көрсетіп, дамытуға бағытталған сындарлы
қалыптастырушы бағалау мен кері байланыс ұсынады.
Мектеп тренерлері ұсынатын қалыптастырушы кері байланыс ауызша немесе жазба-
ша болуы мүмкін. Ол орындалған жұмыстың бағдарламаның негізгі үш өлшеміне және
тапсырма үшін арнайы белгіленген басқа өлшемдерге сәйкестігін
немесе сәйкес еместігін
анықтауға қатысты болады. Қалыптастырушы кері байланыс мұғалімдердің білімі мен
түсінігін одан әрі жетілдіру, оларды тәжірибеде қолдану тәсілдерін жақсарту және/неме-
се өзінің тәжірибелік қызметі туралы ойларын дамытуға арналған ұсынымдарды қамтиды.
Жақсартудың қандай тәсілдерін пайдалану керектігін тура айтудың орнына мектеп тренерлері
мұғалімдерге өз жұмыс әдістерін қалай жетілдіруге болатынын өздігінен түсінуге түрткі болу
үшін сұрақ қояды.
Мектеп тренерлері қандай жиынтық баға қою туралы нақты, сенімді және әділ шешім
қабылдау үшін тыңдаушылардың рефлексиялық есептерін зерделейді.
Мектеп тренерлері мұғалімдерінің рефлексиялық есептеріне қорытынды жиынтық
бағасын қояды. Бағалау жұмыстың белгілі аспектілеріне қатысты негізгі үш критерий
негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар мен критерийлер «Мұғалімге арналған нұсқаулықта»
нақты баяндалған. Мектеп тренерлері мен мұғалімдер оларды жете түсіну бағытында жұмыс
жүргізеді. Жиынтық бағалау
мұғаліммен жеке таныстықты, оның мәртебесін, тапсырмалар-
ды орындауға қатысуын, мектептегі тәжірибелік қызметін немесе басқа жазбаша жұмыстарын
ескермейді. Баға қаралатын рефлексиялық есепке қатысты ғана қойылады.
Мектеп тренерлері бағалау әдістерін олардың дұрыстығы, ақиқаттылығы және
негізділігі тұрғысынан талдайды.
Барлық тәжірибелік мәселелер сияқты мектеп тренерлері бағалау үдерісі туралы да ойла-
нып, оны жетілдіруге ұмтылады.
Мектеп тренерлері өздері таңдаған жұмыс тәсілі шынында да бағалануы тиіс нәрсені
бағалайтыны (дұрыстығы) туралы ойланады. Мұғалімдер идеяларды түсініп, оларды пайдалана
білді ме, осы идеяларды жұмыста пайдалану нәтижелері бойынша рефлексия жүргізгендігінің
дәлелдеріне басты назар аударылады.
Мектеп тренерлері өздерінің ойлары басқалардың пікірімен үндесетіндігі (ақиқаттылығы)
туралы ойланады.
Мектеп тренерлері баға қою үшін өзінің деректері жеткіліктілігі (негізділігі) туралы ойлана-
ды. Рефлексиялық есептің әр тарауы бағалаудың әрбір өлшемдеріне әр дәрежеде жауап береді.
Барлық тараулардың белгіленген критерийлерге сәйкес келмеуі мүмкін. Мектеп тренерлері
бүкіл рефлексиялық есепте қажетті шарттардың барлығы орындалғанын көрсететін дәлелдер
жеткіліктілігі туралы жан-жақты ойластырылған кәсіби шешім қабылдайды.
Мектеп тренерлері тыңдаушылардың оқуы мен өз тәжірибелерін жетілдіру мақсатында
қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін талдайды.
Қай тұста қандай қолдау көрсету қажеттігін анықтау үшін оқудың барлық кезеңдерінде
мектеп тренерлері мұғалімдерге қалыптастырушы баға беріп отырады.
Мұғалімдердің иде-
яларды түсінбегені, оларды тәжірибеде қолданбағаны немесе осы идеяларды қолдану тура-
лы сын тұрғысынан ойланбайтыны анықталған жағдайда, мектеп тренерлері қандай қосымша
көмек қажет екенін ойластырып, оны қамтамасыз етеді. Мектеп тренерлері жеке мұғалімдер
мен топтарға тапсырмаларды дұрыс орындап, есептің қойылатын талаптарға сәйкес болуына
көмектесу мақсатында рефлексиялық есепке қалыптастырушы баға береді.
Мектеп тренерлері қатысушылардың оқудағы прогрестері мен алған бағаларының есебін
жүргізеді.
Мектеп
тренеріне
арналған
нұсқаулық
11
Оқу барысында мектеп тренерлері мұғалімдердің сабаққа қатысуын, олардың идеяларды
түсінуін және үйренгендерін жүзеге асыруға дайындық деңгейін есепке алып отырады. Со-
нымен бірге, мектеп тренерлері мұғалімдердің рефлексиялық есептің тарауларын дайындау
жұмысын бақылап, есепке алады. Олар жазбаларды өздеріне ыңғайлы түрде жүргізеді. Бұл ны-
сандар қалыптастырушы бағалау аясында прогресті қадағалау үшін де пайдаланылуы мүмкін.
Мектеп тренерлері бағалау туралы қажетті ақпаратты тыңдаушылардың үлгеріміне
заңды қызығушылық білдіре алатын тұлғаларға хабарлайды.
Жиынтық және қалыптастырушы бағалау жазбаларын мұғалімнің прогресі мен табыстылық
дәрежесі туралы талқылау немесе хабарлауға негіз етіп алуға болады. Тыңдаушылардың
оқуына заңды қызығушылық танытушы тұлғаларға, ең алдымен, мұғалімдердің өздері, мектеп
басшылығы, білім бөлімдері мен басқармалары жатады. Бағалар туралы деректер тиісті заңды
құқығы бар адамдарға ғана беріледі. Жоғарыда аталғандардан басқа адамдар бұл ақпаратты
тек мұғалімнің рұқсатымен ғана ала алады.
Достарыңызбен бөлісу: