Мектеп
тренеріне
арналған
нұсқаулық
7
технологияларды пайдалану жолдарын көрсету үшін технологияларды пайдаланады. Барлық
жаттығулар және олармен байланысты қосымша құралдардың мақсаты сабақ жоспарында
қойылған оқу мақсаттарына жету болып табылады.
Мектеп тренерлері тыңдаушылар бұған дейін меңгерген білімдерін жаңадан алған
білімдерімен байланыстыра алуы үшін ақпарат пен жаңа ұғымдарды мейлінше түсінікті
баяндайды.
Мектеп тренерлері ақпарат пен жаңа ұғымдарды түсінуге ықпал ететін түсіндіру және
ұсыну тәсілдерін жоспарлайды. Сонымен қатар түйінді идеяларды құрылымдап көрсету үшін
диаграмма, модель, кесте және т.б. пайдаланады. Бұл құралдар тренердің ауызша түсініктемесін
және/немесе мұғалімнің өз бетінше оқуын бекітуге көмектеседі. Мүмкіндік болса, мектеп
тренерлері тізім, модель, кесте мен сызбаларды бөлменің ішіне іліп қойғаны дұрыс, бұл иде-
яларды үздіксіз қабылдауға ықпал етіп, мұғалімдерге ұғымдар арасында байланыс орнатуға
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: