Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет2/61
Дата13.07.2022
өлшемі1,16 Mb.
#147454
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
Руководство для школьного тренера

КІРІСПЕ
 
Осы «Мектеп тренеріне арналған нұсқаулық» әдістемелік құралы «Мұғалім тәжірибесіндегі 
зерттеу» мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасының (бұдан әрі

Бағдарлама) оқу-әдістемелік кешенінің бір бөлігі болып табылады. Бұл нұсқаулық – 
Бағдарламаның түйінді идеяларын ұғынуға көмектесетін, оның мақсаттарымен, міндеттерімен, 
инновациялық әдіс-тәсілдерімен, күтілетін нәтижелерімен таныстыратын, сондай-ақ тренерге 
мұғалімнің оларды игерудегі жетістіктерін бағалаудың тиімді жүйесін ұсынатын құжат.
Ғылыми әдебиетте практик-маман қолданатын, әрқайсысы өзінің түрлі акценттерімен 
және мақсаттарымен, тарихи және гносеологиялық дәстүрлерімен ерекшеленетін зерт- 
теу тәсілдері туралы айтылған. Алайда барлық дәстүрлерге ортақ бірқатар ерекшелік бар. 
Айталық, практик-маманның зерттеулерінің барлық түрлері зерттеу жүргізу үшін ол адамның 
өзі сол қызметте жұмыс істеу керектігін білдіреді, сондай-ақ өз тәжірибесі арқылы білім алып, 
біліктілігін толықтырып отыруын көздейді. Мәселен, мұғалім немесе машықтанушы дәрігер 
өзіне зерттеуші рөлін алғанда, ол практик-зерттеушіге айналады. Сонымен қатар ерекше күн 
тәртібімен жұмыс істейтін осындай практик-зерттеушілердің терең білімі және мәселені ше- 
шуде өзіндік көзқарасы болатындығы да маңызды фактор болып табылады, олар мәселеге бей- 
жай қарай алмайды. Маманның осы ішкі білімі, түйсігі оның зерттелетін мәселенің қарқыны 
мен басқа жағдайлармен өзара байланысын жақсы түсінетіндігін көрсетеді.
Практик-маманның зерттеуі білім мен тәжірибе арасындағы күрделі әрі әрқилы өзара 
қарым-қатынас туралы аргументке негізделеді және тәжірибені жетілдіру үшін қажетті білім 
осы күнделікті тәжірибелік жұмысты анықтайтын түрлі факторлардың ықпалымен және 
олардың өзара қарым-қатынасының әсерінен туындайды.
Практик-маманның зерттеуінің бірнеше түрі бар, алайда бұл жолы мектеп базасын- 
да жүргізілетін Сабақты зерттеу және мұғалімнің іс-әрекеттегі зерттеуіне ерекше назар ау- 
дарылатын болады. Сабақты зерттеу тәсілі бір топ мұғалімнің бірлесіп әрекет етуі ретінде 
қарастырылса, іс-әрекеттегі зерттеу практик-маман өзінің оқыту тәжірибесіне белгілі бір 
өзгеріс енгізіп, сол өзгерістің ықпалын зерделеуі ретінде айқындалады. Бұл орайда білім беру 
үдерісіне қатысатын адамдарды, мысалы ата-аналар және мектеп қауымдастығының басқа да 
мүшелерін, жоғары оқу орындарының оқытушыларын тартуға болады.
Мұғалімдерді мектеп тренері ретінде даярлау арқылы сол мұғалімдердің тәжірибелерін 
пайдалану осы Бағдарламаның теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай 
бейімдеуге болатындығының шынайы дәлелдемесі болып табылады.


Мектеп
тренеріне
арналған
нұсқаулық
5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет