Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет14/61
Дата13.07.2022
өлшемі1,16 Mb.
#147454
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61
Байланысты:
Руководство для школьного тренера

Қосымша оқу
4-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Сабақты қадағалау тәсілдері
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және 
зерттеу сұрағына жауап алу үшін қадағалау барысында қандай дерек жинау 
қажеттігі туралы қорытынды шығарады
Жаттығулар
1.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.
Қадағалау үдерісінің мақсаты. Топтық талқылау:

Қадағалау шараларының мақсаты қандай?

Алынатын нәтиже мақсатқа қаншалықты сәйкес келеді?
3.
Бүкіл топ орындайтын жұмыс. Топтық пікірталас:

Егер енгізілген өзгеріс жағымды (қолданылған әдіс тиімді) болса, жиналған 
деректерден бұл өзгерістерді іске асыру 
негізді 
болғанын көруге бола ма? 
Олай болса, бұл қандай деректер және олар нені білдіреді?


Мектеп
тренеріне
арналған
нұсқаулық
17
5-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Мұғалімдердің сабақты қадағалау құралдары
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар бейнежазбадағы сабақты қадағалап, оқушылардың әрекеттерін 
талдайды. Сондай-ақ оқушылардың сабақтағы өзара әрекеттестігіне ықпал ететін 
жағдайларға талдау жасайды.
Жаттығулар 
1-сабақ
1.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.
Тыңдаушылар бейнежазбаны қарап, әрқайсысы алдыңғы күнгі сабақта 
әзірлеген қадағалау парағын жеке толтырады
3.
Шағын топ болып қадағалау парақтарын салыстырып, талқылайды.
4.
Бүкіл топ болып сабақты қорытындылау. Тыңдаушылардың сұрақтарына 
жауап беру.
2-сабақ
1.
Жаттығу. Тыңдаушылар Фландерс әзірлеген «Өзара әрекеттестікті талдау 
санаттары» кестесі бойынша жұмыс істейді. Оларға тірек сөздер жазылған 
парақ пен «Өзара әрекеттестікті талдау санаттары» кестесі таратылады. 
Тыңдаушыларға тірек сөздерді пайдалана отырып, Фландерстің кестесін 
толтыру ұсынылады. Бұл ретте мектеп тренері тыңдаушылардың тірек сөздерді 
әрбір санатқа бөліп қана қоймай, ол сөздің мағынасын ажыратып, тарқатып 
жазуын қадағалайды.
2.
«Сыныпты қадағалау – оқыту мен оқуды зерттеудің құралы ретінде» 
атты материалының 4-5-беттеріне назар аударуды сұрау. Содан кейін 
тыңдаушылардың бұның алдындағы жұмыстарының нәтижелері мен мақала 
үзіндісін назарға ала отырып, топтық пікірталас жүргізіледі.
3.
Күн қорытындысы. Тыңдаушылардың рефлексиясы:

«Мен бүгін өзімнің қорыма ... алып кетемін, себебі...»;

«Мен ... туралы ойлануым керек, себебі ...»;

«Мен ... қоқысқа тастаймын, себебі ...».

Егер енгізілген өзгерістің (қолданылған әдістің) кері әсері болса, 
алдағы уақытта үздік нәтиже алу үшін зерттеу сабағына, оқыту мен оқу 
тәжірибесіне қандай өзгеріс енгізу қажет?

Сіздің деректеріңізден оқушылардың оқуы өзгергенін қалай көруге
болады?
4.
«Зерттеу сабағын өткізу және қадағалау» үлестірме материалының негізінде 
бұл үдерістің қалай жүретінін және ондағы әр адамның функциясын түсіндіру 
және талқылау.
5.
Топтық жұмыс: зерттеу сабағын қадағалау нысандарын әзірлеу. Қадағалау 
нысандарын тыңдаушылар электронды нұсқада әзірлейді.
6.
Әзірленген қадағалау нысандарының таныстырылымы. Топтар интербелсенді 
тақта арқылы көрсете отырып, өз нысандарын қалған шағын топтарға 
таныстырады және мектеп тренері мен тыңдаушылардан кері байланыс алады. 
Осы кері байланыстың негізінде қажет болса, нысанға өзгеріс енгізеді. Соңында 
барлық шағын топтар бір-бірімен қадағалау нысандарымен алмасады.
7.
Рефлексия:
Қадағалау шараларын қалай жетілдіруге болады?
8.
Сабақты қорытындылау. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру.
9.
Үй тапсырмасы: Сабақты қадағалау кезінде оқушылардың санасындағы 
өзгерістерді қалай тіркеуге болатыны, ол үшін неге назар аудару қажеттігі 
туралы ойларын жазбаша жазу


Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет