Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет17/61
Дата13.07.2022
өлшемі1,16 Mb.
#147454
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61
Байланысты:
Руководство для школьного тренера

8-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Қорытындының негізінде жетілдіруді қажет ететін салаларды немесе 
Сабақты зерттеу үдерісінің келесі кезеңін анықтау
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар зерттеу сабағының нәтижесінде оқыту мен оқу үдерісінің жетілдіруді 
қажет ететін салалары қалай анықталатынын талдап, алдағы шараларды 
жоспарлаудың маңызын талқылайды.
Жаттығулар 
1-сабақ
1.
Тыңдаушылар зерттеу сабағының қорытындысын қайта қарап, жетілдіруді 
қажет ететін салаларды анықтау үшін топтық пікірталас жүргізеді.

жетілдіруді қажет ететін салалардың әрқайсысын талдау: жақтаушылар/
қажет емес деп санаушылар әр тарап өзінің негізді дәлелдерін ұсынады;

әр сала бойынша шешім қабылдау.
2.
Қолданылған әдістің (енгізілген өзгерістің) оқушылардың оқуына ықпалын 
тереңдету үшін не істеуге болатынын қарастыру мақсатында миға шабуыл 
жүргізу.
3.
Сабақты қорытындылау.
2-сабақ
4.
1-сабақта жүргізілген миға шабуылдың нәтижелерін ескере отырып, Сабақты 
зерттеу үдерісінің екінші циклі керек пе, әлде зерттеу үшін басқа тақырып алуға 
бола ма екендігі туралы шешім қабылдау үшін топтық пікірталас жүргізеді
5.
Тыңдаушы рефлексиясы. Тыңдаушыларға «Сабақты зерттеу үдерісі туралы 
рефлексия» үлестірме материалын толтыруды ұсыну.
6.
Сабақты қорытындылау.
7.
Үй тапсырмасы: бірінші сабақта қарастырылған әдіске қосымша екі балама 
әдіс ұсыну және оны негіздеу.
9-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Нәтижені жариялау
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар зерттеу сабағының қорытындысын пысықтап, оларды бір біріне 
таныстырады.
Жаттығулар 
1-2-сабақтар
1.
Алдыңғы сабақтарды түйіндеу. Тыңдаушыларды алаңдататын мәселелер 
болса, оларға ойларын ортаға салуға мүмкіндік беру.
2.
Зерттеу сабағының қорытындысын тағы бір талқылап, нәтижелерді пысықтау.
3.
Жаттығу. Тыңдаушыларды 3 топқа бөлу. Басқаларды зерттеу нәтижелерімен 
таныстыру мақсатында әр топ өзіне тиесілі тапсырма орындайды:

Бір топ ауызша баяндама жасауға дайындалады.

Екінші топ қабырға газетін дайындайды.

Үшінші топ ғылыми журналға мақала дайындайды.
4.
Нәтижені баяндама түрінде таныстыратын топқа 5 минут уақыт беріледі. Қабырға 
газетін әзірлеген топ өз өнімін барлығы көре алатын жерге қабырғаға іледі. Ал 
мақала жазу тапсырылған топ мақаланы (мүмкіндік болса, ксерокс арқылы көбейтіп 
немесе қолдан көшірмелеп жазу арқылы) тыңдаушыларға таратады.
5.
Өзара бағамдау.
6.
Күн қорытындысы. Тыңдаушылар «Шығу билетін» (1-үлестірме материал) 
толтырып, сарапшыға береді. Билеттегі сұрақтар: а)
Бүгінгісабақта Сізгемектептекәсібидамукурсынөткізукезіндемұғалімдерге 
қолдау көрсетуге көмектесетін не білдіңіз?
ә) Сізге мектепте кәсіби даму курсын өткізу кезінде мұғалімдерге қолдау 
көрсетуге көмектесетін тағы не үйренгіңіз келеді?
7.
Үй тапсырмасы: Әріптестерінен, интернеттен Іс-әрекеттегі зерттеу туралы 
мәлімет іздеп, мүмкіндігінше бұл үдеріспен танысу.


Мектеп
тренеріне
арналған
нұсқаулық
21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет