МЕКТЕП ТРЕНЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ НҰСҚАУ Мектеп мұғалімдері өздерінің педагогикалық шеберліктерін арттырып, кәсіби даму үшін
өз тәжірибелерін зерттегені тиімді. Осы бағытта мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында
осы Бағдарлама әзірленді. Бағдарламаны іске асыру барысында мектеп тренері ретінде мектеп
мұғалімдерінің әлеуетін толыққанды пайдалану көзделген.
Осылайша кім мектеп тренері бола алады? Әлемдегі білім беру саласындағы үрдістерді,
елдегі орта білім мазмұнын жаңарту саласындағы өзгерістерді түсінетін және қабылдайтын,
өз тәжірибесіне өзгеріс енгізуге және ол өзгерістердің салдарын бағамдап, қорытынды
жасауға дайын мұғалімдер мектеп тренері болуға лайық. Өйткені «мұғалімнің үздіксіз кәсіби
дамуы мұғалімнің білім беру саласындағы жаңа идеялар мен заманауи үрдістерді танудағы
қажеттілігін қанағаттандырудағы маңызды мәселе болып табылады (Thomas, 2010). Оның
үстіне, қазіргі мектепте мұғалім мектептен тыс жерлерде бірдеңені үйренумен шектел-
мей, мектептің өзінің ішінде кәсіби даму ортасын қалыптастыруға тиіс. «Ұлттық білім беру
жүйелерін трансформациялаудағы жаһандық үрдістер: 2035 жылы білім қандай болмақ?»
атты баяндамасында ЕЫДҰ Білім және құзыреттілік директоратының басшысы А.Шляйхер
атап өткендей, «TALIS зерттеуінің нәтижелері көрсетіп отырғандай, мұғалімдер бір-бірімен
көбірек бірлесіп жұмыс істеген сайын жұмыстарының тиімділігі арта түспек» (Шляйхер, 2017)
Мұғалімдердіңоқытумәселелерітуралытүсінігікүнделіктітәжірибенегізіндеқалыптасады,
ал сосын сол түсініктің негізінде тәжірибе қалыптасады, яғни тәжірибе туралы білім тек дамуда
көрінеді. Мектеп базасында зерттеу жүргізу арқылы мұғалімдер оқушылардың оқуы, өздерінің
оқыту тәжірибесі туралы білім түзеді. Оқу үдерісіне зерттеу тәсілдерін ықпалдастыру оның
жетіліп, мұғалімнің оқыту тәжірибесі дамып, оқушының оқуының жақсаруына ықпал етеді.
Бұл Бағдарламаның аясында мектеп тренерлерінің басты рөлі:
•
Кәсіби шеберлік және кәсіби даму;
•
Тиімді оқытуға арналған жоспарлау;
•
Оқытудағы уәждеу тәсілдері;
•
Барлық мұғалімдерді жұмысқа тарту және тапсырма беру;
•
Мониторинг, бағалау және кері байланыс;
•
Бағамдау әдістері.
Мектеп тренерлеріне қойылатын талаптар (төменде курсивпен белгіленген) мұғалімдердің
кәсіби дамуын ұйымдастыру және қолдау көрсетуде пайдалы болатын ақыл-кеңестермен бірге
берілген.