Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет23/61
Дата13.07.2022
өлшемі1,16 Mb.
#147454
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61
Байланысты:
Руководство для школьного тренера

Қосымша оқу
1.
Абдраманова Қ., Жансүгірова Ж. Іс-әрекеттегі зерттеуде деректермен жұмысты 
қалай ұйымдастыруға болады. Астана, 2015.
2.
8-үлестірме материал. Сандық деректерді талдау.
3.
9-үлестірме материал. Сапалық деректерді талдау
15-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Зерттеуге көрсетілетін қолдау (сыншы дос)
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар сыншы дос деген кім екенін, кім сыншы дос бола алатынын және 
оның іс-әрекеттегі зерттеуге қалай қолдау көрсете алатынын талдайды.
Жаттығулар 
1-2-сабақтар
1.
Тыңдаушыларды бүгінгі күні қарастырылатын мәселелермен таныстыру және 
бірінші сабақта сыншы дос мәселесі қаралатынын жеткізу.
2.
«БББ» кестесінің 1 және 2-бағанын толтыру.
3.
Сыншы дос ұғымының анықтамасын қарастыру. Таныстырылым (2-5-слайдтар.
4.
2-үлестірме материалдың және 5-слайдтың негізінде тиімді сыншы дос деген 
қандай болатынын талқылау.
5.
Қандай салаларда мамандар сыншы достың көмегіне жүгіне алатынын 
қарастыру (6-слайд).
6.
Сыншы достың мұғалімнің кәсіби дамуына көмек көрсете алатын 
басқа адамдардан айырмашылығын талдау үшін таныстырылымның 7-10-
слайдтарына жүгіну.
7.
Бүкіл топты жұпқа бөліп, оларға біреуі сыншы досты, біреуі зерттеу жүргізетін 
мұғалімді ойнайтын рөлдік ойынға дайындалуды тапсыру (10 минут).
8.
Жұптарға дайындағандарын көрсетуге 3 минут беріледі.
9.
Топтық талқылау.
10.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Неліктен зерттеу барысында сыншы дос болған маңызды деп ойлайсыз? 
ә) Өз зерттеуіңізге сыншы дос ретінде кімді таңдар едіңіз?
б) Өзіңіз таңдаған адаммен сыни достық қарым-қатынас орнатуға, сыншы дос 
болу жөнінде келісуге кім көмектесе алады деп ойлайсыз?
11.
Өзін-өзі бағамдау. Тыңдаушылар «БББ» кестесінің үшінші бағанын толтырады.
12.
Сабақты қорытындылау.
13.
Үй тапсырмасы: алда жоспарлап отырған іс-әрекеттегі зерттеуіне сыншы дос 
табу.
Қосымша оқу
1. Ғабдоллақызы Б. Сыншы дос. Мұғалімнің кәсіби дамуындағы 
ынтымақтастық тәсілі. Астана, 2014.


Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет