Сабаққа қатыстыескертпелер Сабақтың мақсаты тәуелсіздік жолындағы күресте-
гі Томиристің рөлін айқындау болса, тарихи концепт –
"дәлел" болады. "Оқиғаның жалғасын табыңдар" атты
тапсырманы орындауды мәтінді оқытудан бастаңыз.
Оқушылардан мәтін қандай ой туғызғанын сұраңыз.
Бұл жерде массагеттердің де, парсылардың да жағдай-
ларын қарастырып, жұпта пікір алысуды ұйымдасты-
рыңыз. Оқушылардың дәйектері мен дәлелдеріне
назар аударыңыз. Томиристің рөлін сипаттау кезінде
Геродоттың деректеріне сүйеніңіз. Оқушыларға де-
ректі Томиристің рөлінде дауыс екпінін дұрыс қойып
оқытыңыз. Олар деректерге сұрақ қойып үйренеді.
Сұрақтардың ашық және жабық түрлеріне ажырата
алуына көмек беріңіз. Оқушылар сұрақтар арқылы
оқиғаларға болжам жасай алады. Оқулықтағы мәтінді
өздігінен оқи отырып, парсылардың әскери тактика-
ларына баға бере алады. Томиристің жауды жеңуде
қандай стратегиялар қолданғанына болжам жасай-
ды. Бірнеше берілген нұсқалардан таңдау жасағанда-
рын түсіндіре алуы қажет.
Оқиғаның жалғасын табыңдар... Бұл тапсырманы оқушылар топта орындайды.
Геродот тың дерегінен берілген үзіндіні оқушыларға
оқытыңыз. Оқушылар Томиристің рөліне еніп, дауыс
екпінімен оқысын. Деректе оқушылар үшін түсініксіз
сөз болмайтындығына көз жеткізіңіз. Тапсырманы
орындау үшін, оқушылар ашық және жабық сұрақтар
түрлерін құрастыруы керек. Оқушылардың сұрақ
түрлерін ажыратуына көмектесіңіз. Осы сұрақтар не-
гізінде оқиғаны болжап анықтауы қажет. Топтағы жұ-
мыстарына бақылау жасап, талдауларын тыңдаңыз.
Жұмыстарын жариялағысы келетін топты жеребе
арқылы анықтауыңызға болады. Кім бірінші нөмір
алса, сол жұмысын таныстырады. Өзге топтар тыңдап,
толықтырулар мен түзетулер жасайды. Өздерінің жа-
саған болжамының өзгелермен қаншалықты сәй-
кестігін салыстырады.
Сұрақтар: Томирис өзен үстінен көпір тұрғызуға
неліктен қарсы болды? Томирис неліктен парсыларға
өз жағалауына өтуіне мүмкіндік жасады? Кир Томи-
рис ұсынысын қалай қабылдады?
1. Томирис парсылар өзенге көпір салса, масса-
геттер үшін қауіпті болады деп түсінді. Парсылар
көпір арқылы қосымша күштер жеткізе алады.
2. Томирис көпір құрылысын тоқтатудың ама-
лын қарастырып, Кир әскерлерінің жағалауға өтуіне
жағдай жасады. Массагет басшысының шешімі екі
жаққа да тиімді болды.
3-тарау.
Сақтар 93
3. Массагеттердің үш күндік жерге шегінуі пар-
сылар үшін де тиімді ұсыныс болды. Өйткені, көпір
құрылысын салуға көп қаражат, жұмысшы күші мен
уақыт қажет болар еді.