2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет128/176
Дата08.09.2022
өлшемі2,28 Mb.
#149024
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   176
Байланысты:
2022-2023-ou-zhylynda-azastan-respublikasyny-orta-bilim-beru-yymdarynda-ou-trbie-protsesin-yymdastyrudy-erekshelikteri-turaly-distemelik-nsau-khat

«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің мазмұны. 
11-сынып.
Бөлімдер: 
1. «Әскери қызметтің құқықтық негіздері». 
2. «Атыс дайындығы». 
3. «Саптық дайындық». 
4. «Технологиялық дайындық». 
5. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері». 
 
11-сыныпта технологиялық дайындыққа арналған бөлім жол қозғалысы 
ережесін 
және 
автокөлік 
құралдарын 
қауіпсіз 
жүргізуді 
зерделеу 
қарастырылады.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 11-сыныпта «Алғашқы 
әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында алғашқы әскери және 
технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. 


232 
Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және 
оқу процесі кезінде жүргізіледі. 
4. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға 
сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сүйеніп, бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша 10-11 
сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен 
бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне 
ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік 
қағидаларына (Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 
бұйрығының 16-тармағына толықтырулармен) сәйкес жүргізіледі. 
Үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұнның және 
төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 10-11-сыныптарда оқытылатын 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәні бойынша жиынтық 
бағалау өткізілмейді. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні 
бойынша тоқсан, жартыжылдық және оқу жылының соңында «есептелінді» 
(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады
.
10-11 сыныптарды қорытындылау және «есептелінді» («есептелінген 
жоқ») деген белгі қою кезінде педагог критериалды бағалау қағидаттарын 
басшылыққа алуы қажет. 
Оқытушы-ұйымдастырушының әр сабақтағы бақылау қызметі жүйелі 
болады, бұл білім алушыларға жаңа материалды оқу кезеңінде тапсырмаларды 
қаншалықты дұрыс орындайтынын түсінуге мүмкіндік береді, оқушының жеке 
білім траекториясын түзетуге мүмкіндік береді. 
5. 
Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға 
сәйкес зертханалық, практикалық жұмыстар
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
 
пәнінің мазмұнына 
енгізілген оқытудың негізгі нысандары теориялық, зертханалық-практикалық
практикалық және бақылау сабақтары болып табылады. 
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және 
практикалық сабақтарда іске асырылады: 
1) теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, 
техникалық құралдар мен инновациялық әдістерін қолдана отырып, әңгімелесу 
және сұхбаттасу түрінде өткізіледі; 
2) практикалық сабақтар оқулықты, қару және әскери-техникалық мүлікті, 
құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге 
бағытталады. 
Практикалық сабақ басталғанға дейін білім алушылар негізгі ережелерді 
орындау мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндетті нұсқаулықтан 
өтеді. 
Практикалық жүргізу сабақтары әрбір білім алушылармен жеке 
автотренажерлерде, автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және 
3 жылда кемінде 1 рет жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 


233 
аумақтық уәкілетті органда келісуден өткен үйрету бағыттарында өткізіледі. 
Білім алушылардың деңгейін анықтау және оның білімін бағалау үшін 
қорытынды сабақтар өткізіледі. 
Сабақтың, сабақтан тыс және сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік 
мақсатын «2021 жылғы 12 қазанда бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру 
Ұлттық жобасы» идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша сыныптан 
тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2022-2023 оқу 
жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» сабақтарын өткізудің 
басты талабы – білім алушыларды отаншылдық рухқа және Отанды қорғауға 
дайын болуға тәрбиелеуге бағытталған пән. Ол білім алушылардың төтенше 
жағдайларда әскери іс негіздері мен адамның өмір қауіпсіздік әрекеті бойынша 
білім алуына және әскери қызметтің дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша 
элективті курстардың немесе сыныптан тыс жұмыстардың тақырыптары 
ұсынылады: 
Оқу-дала жиыны курсы алғашқы әскери және технологиялық дайындық 
бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару 
органдарымен бірлесіп ұйымдастырылады және білім беру ұйымдарының оқу 
сағаттарымен қамтамасыз етіледі. 
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні сабақтарын 
ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша оқытушы-ұйымдастырушыларға 
әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы 
әзірлеген 
әдістемелік 
ұсынымдар 
академия 
сайтына 
орналастырылған (nao.kz). 
Академия сайтында (www.nao.kz) 10-11 сыныптарда «АӘТД» пәні 
бойынша сынақты жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік 
ұсынымдар орналастырылған. Тапсырмалар оқытушы-ұйымдастырушыларға 
әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұсынымдық сипатта берілген. 
Академия сайтындағы әдістемелік ұсынымдар орта білім беру деңгейіндегі 
10-11 сынып оқушылары үшін «АӘТД» пәні бойынша сынақты жоспарлау, 
ұйымдастыру және өткізу кезінде оқытушы-ұйымдастырушыларға көмек ретінде 
жасалды. Сынақтарға арналған тапсырмалар оқытушы-ұйымдастырушыларға 
білім алушылардың 1 және 2 жартыжылдыққа жоспарланған оқу мақсаттарына 
қол жеткізу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Жартыжылдыққа сынақ 
жүргізу үшін әдістемелік ұсынымдарда оқушылардың дайындық деңгейін 
бағалауға көмектесетін тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалар ұсынымдық 
сипатта болады. Әдістемелік ұсынымдарды дайындау кезінде ресми интернет-
сайттарда ашық қолжетімді ресурстар пайдаланылды. 
Әдістемелік ұсынымдарда «Алғашқы әскери және технологиялық 
дайындық» бағдарламасы бойынша білім алушылардың сабақты аяқтау 
кезеңінде бақылау-тексеру тест тапсырмаларын жүргізу кезінде білім 
алушылардың теориялық білімдерін тексеруге арналған әскери қызмет 
негіздерін игеру, білім беру ұйымдарындағы технологиялық дайындық бойынша 


234 
тест тапсырмалары берілген. Ұсынылатын тест тапсырмаларын оқу барысында 
ағымдағы тексеріс кезінде де қолдануға болады.
Оқытушы-ұйымдастырушы алғашқы әскери және технологиялық 
дайындық сабағын ұйымдастырушы, бастапқы шарттардың ерекшелiктерi, оқу 
орнының материалдық базасының болуы мен жай-күйіне, оқытудағы дербес 
тәжірибесіне, жеке дайындық деңгейіне қарай бағдарламада айқындалған 
мақсаттар мен міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ететін сабақтарды 
өткізудің басқа да әдістерін, нысандарын, тәсілдерін қолдана алады.
Білім алушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау 
және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқып-үйренуге деген 
қызығушылықтарын арттыру мақсатында оқу жылының соңында спорттық-
қорғаныс сауықтыру лагерлерінде, әскери бөлім базаларында (әскери бөлім 
басшылығымен келісе отырып) 10-сынып ұлдарымен 30 сағат көлеміндегі бес 
күндік оқу-далалық (лагерьлік) жиыны өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   176




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет