Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
159
Дабырлаған топ қызды ат үстінен көтеріп ап, сұлтандарға қарай жүрді. Олар
Жәнібектер тұрған маңға таянғанда ғана қызды қолдарынан түсірді. Өздерінің
тобына жақындап келіп, иіліп сәлем берген Жаған адамзаттың баласы емес, көктен
түскен қор қызы боп көрінді. Қос бұрымы жерге тиіп шұбалып,
құралайдың
көзіндей танадай қара көздері Жәнібекке жайбарақат, мөлдірей қарады. Осы бір
күнәсіз көзқараста жігіттің асау жүрегін тайдай тулатқан бір ғажа-
йып сиқырлы күш бар еді. Өн бойы қорғасындай балқып,
Жәнібек өзін-өзі әзер
ұстап қалды.
— Арсыздар ма, құда жігіттер? — деген Жаған сонда ұзын кірпіктерін
Жәнібектің жүрегіне, дәл осы қазіргісіндей қадап.
— Барсыз ба, мерген құдаша? — деген жігіттер шулай жауап беріп.
Осыншама шудың ішінен тек Жәнібектің даусын естігендей Жаған сұлтан-
ға тағы да бір мәністі көз тастады. Сұлтан енді бұрынғыдан да бетер өртеніп кете
жаздады. Сол күні түні бойы көз ілінбей шықты. Ертеңіне Жәнібек Жаған қыздың
қалай асау үйреткенін көрді. Бойды алған жалын, ойды өртеген арман бұрынғыдан
да өрши түсті. Ұлытауға қайтып келісімен сұлтан сонау Алтын хан еліне
құдалыққа кісі жіберді. Келесі Жазтоқсанның
басында он төрт жасар Жаған
сұлуды үшінші бәйбішесі етіп ақ отауға кіргізді. Баяғы алғашқы жолы кездескенде
«Барсың ба, ару қарындас?» деп амандасқаннан кейін, ол Жағанмен бірінші
мәртебе осы ақ мамық — жар төсегінің үстінде сөйлесті. Төсектің ірге жағында
көйлекшең отырған Жағанның жерге шұбатылып жатқан қос бұрымын оң білегіне
орап, сол қолымен тастай қатты сүйір ұшты қос анарын кезек-кезек сәл ауырта
қысып,
ұяттан
күйіп-жанып
не
істерін
білмей
жанта-
ласқан жас аруды бауырына тартты. Бетіне бетін таяп:
— Мен сені Жаған, жақсы көріп алдым, — деді.
әйел жынысын ол уақытта тек мүлік деп қарайтын еркектің бұлай дегеніне жас
сұлу таң қалды. Сөйтсе де көңілдегі өкпесін айтты:
— Өткен жылы менімен ең болмаса бір мәртебе сөйлесуіңіз керек еді ғой.
Мәжнүнді жақсы көрген Ләйлідей менің бөтен
біреуді ұнатып қалмағанымды
қайдан білдіңіз?
Қыз сөзі Жәнібектің еркектік намысына тиді. Ол кенет алқымына тығыла
қалған ашуын әзер басып:
— Оны қазір көрерміз, — деді — ит тиген арам аста қадір бола ма? Келген
жеріңде ауылың бар...
Үй іші тастай қараңғы болса да, Жәнібек қыздың езу тартып күлгенін
сезіп
қалды.
— Егер анамның ақ сүтіндей адал болсам, — деді қыз кенет даусы қалтырап
шығып, — бір тілегім бар, орындайсыз ба?
— Қандай тілек?
— Егер ұл тапсам, оған атеке етіп біздің ауылдың Хасен деген бір жас жігіті
бар, соны алдыр. Маған садақ тартып, асауды жуасытуды сол үйретіп еді.
Жәнібек бойын өртеп бара жатқан жалынды күшпен басып енді отыра алмады,
қыз өтінішіне жауап берудің орнына, оны аш белінен құшақтай өзіне тартты, жаңа
піскен мәуедей әбден дер кезіне жеткен жас сұлу да, бауырын жазып жігіт әуеніне
қарай икемделе берді.
Тірі жан қол тигізбеген сырлы тобатайды алғашқы сындырған Жәнібек қатты
ұйықтап кетті. Тек таң бозарып атып келе жатқанында, бойын тағы бір күш билеп