Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні



Pdf көрінісі
бет54/181
Дата12.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#149227
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні 
бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары
2022 - 2023 оқу жылында мектептердің дайындығына (кадрлық, ресурстық 
және т.б.) байланысты вариативтік компонент сағаттарының есебінен 
академия сайтында орналасқан курстарды таңдауға немесе басқа да элективті 
курстарды өткізуге болады.
2022-2023 оқу жылында Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті 
есебінен бастауыш білім беру деңгейінің оқу пәндері бойынша жүргізілетін 
элективтік курс тақырыптары ұсынылады: 
«Қазақ тілі» пәні бойынша: «Тіл дамыту», «Сауатты жазайық», «Көркем 
жазу»; 
«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша: «Парасаттылық және әдеп», «Балалар 
әдебиеті», «Оқу сауаттылығы», «Мәнерлеп оқу», «Отбасылық оқу сағаты»; 
«Математика» пәні бойынша: «Математика және логика», «Математика 
күнделікті өмірде», «Математика және экология», «Математикалық жобалар»; 
«Жаратылыстану» пәні бойынша: «Жас зерттеуші», «Жаратылыстану 
жұмбақтары»; 
«Дүниетану» пәні бойынша: «Экономикаға кіріспе», «Жасыл ел», «Мен 
және экология» курстары. 
Бұл курс тақырыптарын мұғалім өз сыныбындағы білім алушылардың жас 
және жеке ерекшеліктерін, білім деңгейлерін ескеріп, таңдап алуы тиіс. Соған 
сәйкес мұғалім өзі таңдап алған курстың оқу бағдарламасын жасайды және ол 
мектептің әдістемелік бірлестік отырысында талқыланып, нәтижесінде 
педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілуі тиіс.
Курс мазмұны білім алушылардың метапәндік құзыреттіліктерін (ғылыми-
танымдық, 
мәдени-әлеуметтік, 
тілдік-коммуникативтік, 
ақпараттық-
технологиялық) дамытуға бағдарланған заманауи білім беру технологиялары 
мен ресурстарын ұтымды қолдану арқылы жүзеге асырылады. 


94 
«Парасаттылық және әдеп» курсы білім алушылардың бойында әдептілік, 
ізгі-ниеттілік, адалдық, толеранттылық, іс-әрекеттеріне жауапкершілік, ұжымда 
жұмыс істей білуі сияқты жеке қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді. 
«Математика күнделікті өмірде» курсы білім алушылардың бойында 
теориялық білімдерін күнделікті өмірмен нақты, практикалық әрекеттер, 
ойындар, саяхаттау әрекеттері арқылы байланыстыра отырып, білімдерін өмірде 
пайдалана білу жағдаяттарына төселдіреді, үнемділік, еңбекқорлық, адамзат 
еңбегін құрметтеу сияқты адами қасиеттерге баулиды. 
«Математика және экология» курсы білім алушыларды математика мен 
экологияны 
байланыстыра 
отырып, 
табиғатқа, 
адамзат 
баласына 
жанашырлықпен қарауға, үнемшілдікке, жауапкершілікке дағдыландырады.
«Математикалық жобалар» курсы білім алушылардың өзіндік алғашқы 
математикалық жобалар жасау біліктілігін, іскерлігін және зерттеу дағдысын 
қалыптастырады. Бастауыш сынып оқушылары зерттеу жұмыстарын жүргізе 
білуге төселеді. 
«Отбасылық оқу сағаты» курсы білім алушылардың отбасымен бірге оқуға 
арналған шығармалар тізімі таңдалып алынады. Сол шығармаларды оқушы үйде 
ата-анасымен бірлесе оқиды. Апта сайын бір отбасы өздері оқыған шығарма 
мазмұны жайлы әртүрлі формада (презентация, бейнежазба және тсс)
баласының сыныптастарымен таныстырады, қойылған сұрақтарға жауап береді. 
Сынып ұжымында сол шығарманы талқылап, түйінді ой шығарылады. Курс 
өзара коммуникативтік қарым-қатынасының артуына ықпал етеді. Ата-ана мен 
бала, мұғалім арасындағы байланысты күшейтеді. Оқушының танымдық ойлау 
қабілетін дамытады.
«Оқу сауаттылығы» курсы оқу және жaзу apқылы oқушылapдың cын 
тұpғыcынaн oйлaу дағдыларын дaмытуды негізге ала отырып, шығармаларды 
түсініп оқуға, оқылған шығарманы жан-жақты талдап,еpкін oйлaуғa, жaзбaшa, 
aуызшa oй aлмacуғa, мәтін мазмұнын aшуғa, aвтop іpіктеген cөздеp мен cөз 
тіpкеcтеpінде жaтқaн ұғымдapды түcінуге баулиды. 
«Мәнерлеп оқу» курсы дауыс интонациясы арқылы автордың ойын 
білдіру, мазмұндық ой екпінін қойып, кейіпкердің көңіл күйін сезініп оқу.
Мәнерлеп оқу арқылы оқушы шығарманың мазмұнын түсініп, ондағы көңіл 
күйді сезінеді, қиялына ерік береді. Оқушы сөйлеудегі ритм мен үнді, дауыстың 
бірде жоғарылап, бірде төмендеуін қолдана отырып сахналау өнеріне 
талпынады. 
«Жаратылыстану жұмбақтары» курсы бастауыш сыныпта оқыту үдерісін 
жаратылыстану саласы бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі 
үшін оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін 
дамытуға, әлеуметтік- мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін біліктерді 
меңгеруге бағыттайды. 
«Жас зерттеуші» курсы білім алушылардың қоршаған ортаны зерттеуге 
деген қызығушылықтарын ояту, өз өмірлерінде кездесетін жағдаяттардан 
шығуға арналған пайдалы ой - тұжырым дағдыларын қалыптастыруға бағыттау 
және мұғалімнің басшылығымен тәжірибелер ұйымдастыра отырып, әр бала 


95 
өзінің нені зерттегісі келетінін, қалай зерттейтінін, нәтижесінде неге қол 
жеткізгенін айта алатын тұғаның дамуына бағыт беру; білім алушылардың 
қоршаған орта туралы анағұрлым көп мағлұмат алып, өздері құбылыстың пайда 
болуының себептері туралы болжамдарын, оларды тексеру амалдарын 
(қарапайым тәжірибелер) жасауларын көздейді. 
«Экономикаға кіріспе» курсы бастауыш сынып оқушыларына қарапайым 
экономикалық ұғымдарды өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру, өздерін 
қоршаған табиғи орта және адамдар дүниесі ретінде, олардың қажеттілігімен 
және осы қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдерімен таныстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет