ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе Пәнді оқытудың мақсаты : гидросфера туралы, оның жекелеген
компоненттері, планетаның және оның жеке бөліктеріндегі су ресурстары
жайында және су объектілерінде өтіп жататын негізгі процестер туралы
алғашқы жалпы түсініктемелер мен мағлұматтар беру.
Адам өмірі сумен тыңыз байланысты: адамзаттың ежелгі өркениеттері ірі
өзендер бойында пайда болған.
Заманауи гидрологияның негізі 1919 жылы Ресей, ал 1926 жылдан бастап
Мемлекеттік гидрология институтыныі (МГИ) негізі қаланғалы бері қарқынды
даму үстінде. 1929 жылы Қазақ ССР-сы құрамына кіретін Кеңес Одағы
Гидрометеорологиялық қызметі ұйымдастырылды. Гидрологиялық бақылау
желіліеріндегі су режимі мен оның элементтерін зерттеудегі бақылау
деректерін зерттеу саласының дамуымен бірге келешек гидрология
ғылымының да дамуы жалғасты. Су ағынында орын алып отыратын
заңдылықтарды зерттей келе, экономиканың да бірқатар салалары және су
объектілірін кешенді және үнемді пайдалану салалары дамыды. Ағындыны
қайта үлестіру, су ресурстарын кешенді пайдалану, гидротехникалық
құрылыстар және т.б. мәселелерді су ағыны қозғалысы мен қатты ағындыны
өзендер мен каналдарда тасымалдау теориясын білмей жүзеге асыру мүмкін
емес. Территорияны суландыру немесе құрғату, суқоймалардың лайлану
мәселелері, су басу мен өзендердің су және мұз режиміне қатысты қатерлер
және т.б. сұрақтар гидролог мамандардың зерттеу нысандары болып саналады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ Гидросфера. Гидрология ғылымы Жер шарындағы су. Гидросфера. Су ресурстары. Аймақтардың сумен
қамтасыз етілуі. Гидрология ғылымы, гидрологиялық пәндер. Гидрология
әдістері. Ғылымның даму тарихы. Су объектілерінің және олардың
алаптарының су және жылу теңдестігі туралы түсінік. Теңдестіктің құрамдас
бөліктері, оларды анықтау. Жер шарының және оның жеке бөліктерінің су
теңдестігі. Беттердің жылу теңдестігі, оның компонеттері, оларды анықтау
принциптері, өлшем бірліктері. Су қорлары. Су проблемалары.