5
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Ұйғыр
халқының біртуар перзенті, көрнекті ғалым, белгілі
ұйымдастырушы Қожахмет Сəдуақасов 1929-жылы 15-мауысымда
қазіргі Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Үлкен Ақсу ауылында
дүниеге келген. 1950-жылы Абай атындағы
Қазақ педагогикалық
институтын, сосын Қазақстан Ғылымдар академиясының
аспирантурасына түсіп, оны үлкен жетістікпен тəмамдады.
1953 жылы Қожахмет Сəдуақасов Қазақстан Ғылым академиясында
кіші ғылыми қызметкер ретінде ғылыми жолын бастап, 1986 жылы
құрылған Ұйғыртану институтінің директоры дəрежесіне дейін жетті.
Ғылыми тұрғыдан жақсы зерттелінбеген ұйғыртану мəселелерін терең
тексеру, оны түркітану ғылымының ортақ мəселелерімен ұштастыру,
ұйғыр мектептерінің
жұмысын жолға салу, яғни оларды сапалы
оқулықтармен қамтамасыз ету жəне ұйғырлардың мəдени іс шараларын
жандандыру сынды игі істердің басында тұрды. Ғалым 1957 жылы
кандидаттық, 1972 жылы докторлық диссертациясын қорғайды, ал
1975 жылы болса, Қазақстан Ғылыми
академиясының корреспондент-
мүшесі болып сайланады. Қожахмет Сəдуақасов лексология,
диалектология, морфология,
фонология, ұйғыр антропонимикасы
жəне этнолингвистикасы,
фольклортану, əдəбиеттану мəселелеріне
бағытталған 300 ден астам еңбектің, оқу құралдарының, сөздіктердің
авторы. Оның «Ферғана ұйғырларының тілі» атты екі томдық
монографиясы 1977 жылы Шоқан Уəлиханов атындағы сыйлыққа ие
болды. Ғалым əртүрлі салалар бойынша жас мамандарды даярлауға аса
көңіл бөлді. Қожахмет Сəдуақасовтың жемісті ғылыми жəне қоғамдық
жұмыстары үкіметіміз тарапынан жоғары бағаланып,
көптеген
марапаттарды иеленді. 1976 жылы оның есімі «Қазақ ССР Үлгілі
Алтын кітабына» жазылды. Қазасынан кейін қала жəне ауылдарда
көше аттары жəне ұйғыр мектебі ғалым есімімен аталды.
Қожахмет Сəдуақасовтың есімімен Қазақстан ұйғыртануы тығыз
байланысты. Қазақстанда ұйғыртану ғылымы бойынша зерттеу жұ
-
мыстарының жолға қойылуында есімі дүниеге танымал ғалым Қаныш
Сəтпаевтың алар орны ерекше. Белсенді ғалымның бастамасымен
1949 жылы Қазақстан Ғылым академиясында ұйғыр-дүнген мəдени
-
6
еттін үйрену орталығы құрылады. Біршама өзгерістерден кейін 1963
жылы Қазақстан Ғылым академиясының Тіл білімі институтының жа
-
нында Ұйғыртану бөлімі құрылып, онда Қожахмет Сəдуақасов, Му
-
рат Хамраев, Туғлуқжан Талипов, Илияс Семетов, Махмут Абдрах
-
манов, Гегель Исқақов сынды белгілі ғалымдар қызмет атқарған. Осы
бөлім негізінде 1986 жылы Ұйғыртану институтының құрылуы арқа
-
сында ұйғыртану ғылыми көптеген жетістіктерге қол жеткізе баста
-
ды. Ұйғырлардың тілі, əдебиеті, өнері, тарихымен бірге əлеуметтік,
саяси, экономикалық, рухани мəселелері де ғалымдар тарапынан аса
қызығушылық алаңына айналды. Институттың
алғашқы директоры
Қожахмет Сəдуақасовтың қазасынан кейін, директор лауазымына
Коммунар Талипов сайланды. 1996 жылы Ұйғыртану институты Қа
-
зақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрлігі Р. Сүлейменов
атындағы Шығыстану институты құрамындағы Ұйғыртану орталығы
етіп қайта құрылды. Коммунар Талиповтан кейін орталықты
тарих
ғылымдарының доктори, профессор Рисалəт Кəримова басқарып ке
-
луде. Бүгінгі күнге дейін Орталық ғалымдары көптеген фундаментал
-
ды ғылыми жобалар мен бірге «Мəдени мұра», «Шығыс елдеріндегі
ұлттық идея қалыптастыру мəселелерін Қазақстан қоғамының бірігуі
мен тұрақтылығы контексінде зерттеу» сынды мемлекеттік бағдар
-
лама жобаларында, Орталық Азияның тарихы мен мəдениеті тұра
-
лы кітаптарды жазу бойынша халықаралық Орта Азия жобаларында
жəне ЮНЕСКО, «Сорос-Казахстан» фонды, Фулбрайт,
Рокфеллер
сынды халықаралық бағдарламаларда белсенді жұмыс атқаруда.
Орталық ғалымдары «Заманауи ұйғыртанудың өзекті мəселе
-
лері», «Қазақстан ұйғыртануы: дəстүрлер мен жауһарлар», «Махмут
Қашқаридың дүние мəдени мұрасына қосқан үлесі» сынды ұжымдық
монографияларды, «Ұйғырлардың тарихы жəне мəдəниеті бойынша
зерттеулер» серияси бойынша бір неше кітаптар, жүздеген ғылыми
мақалалар, оқу құралдарын басып шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: