Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет122/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   342
Байланысты:
анатомия

дабыл бөлігі,
pars tympanica сырткы дыбыс 
жолының алдыңғы, төменгі және артқы жиегінің бір бөлігін түзеді, тек 
қатты иілген табақшатәрізді.
Сыртқы дыбыс жолы, meatus acusticus externus, ішке және біршама 
алға қарай бағытталған және дабыл қуысына апаратын кыска өзек 
болып табылады.
Жаңа туған нәрестеде сыртқы дыбыс жолы әлі қалыптаспаған, 
өйткені дабыл бөлігі дабыл жарғағымен тартылып жабылған жартылай 
сақина (anulus tympanicus) болып табылады. Дабыл жарғағының сыртқа 
қарай осылай тым жақын орналасуынан жаңа туған нэрестелер мен жас 
балаларда дабыл қуысының ауруы жиі байкалады.
Тасты бөлік,
pars petrosa, өзінің сүйек затының беріктігіне қарай 
осылай аталған. Оның берік болуы сүйектің бүл бөлігі бассүйектің 
негізін кұрауға катысады әрі құрылысы тым нәзік және түрлі
106


5 0 - с у р е I . С ам ай с ү й е к , 
os
temporale,
о ң , асты нан
қар аган дағы көрінісі:

tu b ercu lu m articulare; 2 - c a n a lis
m u scu lo tu b a r iu s; 

ap ex partis
petrosae; 4 - c a n a lis caroticu s; 
5
f o ss u la petrosa; 6 - apertura externa
c a n a lic u li 
c o c h le a e ; 7 - c a n a lic u lu s
m a sto id e u s ; 8 - f o s s a jugularis; 9
for. s ty l o m a s t o i d e u m ; 10 
sul. a.
o c c i p i t a l i s ; 11 
in cisu ra m astoidea;
12 - p r o c e s s u s m a sto id e u s; 13 - pars
ty m p a n ic a ; 
14 - fissura 
petro-
ty m p a n ic a ; 15 
f o ss a m andibularis;
16 - p r o c e s s u s sty lo id e u s .
зақымданулардан мықтап кор- 
ғауды қажет ететін есту және 
тепе-теңдік мүшелерінің жай- 
ғасатын орны болуына бай- 
ланысты. Ол шеміршектен да- 
миды. 
Бұл бөліктің екінші 
атауы пирамида, оның негізі 
сыртқа қарай, ал төбесі алға 
және ішке сынатәрізді сүйекке 
қарай бағытталған үшқырлы пирамидатәрізді пішініне карай берілген.
Пирамиданың үш беті бар: алдыңғы, артқы және төменгі. Алдыңгы 
беті ортаңғы бассүйек шүңқырының түбінің қүрамына кіреді; арткы 
беті артқа қарай және медиалды бағытталып, артқы бассүйек 
шүңқырының алдыңғы кабырғасының бір бөлігін күрайды; төменгі беті 
төмен қараған және бассүйек негізінің сырткы бетінде ғана көрінеді. 
Пирамиданың құрылысы күрделі, онда ортаңғы және ішкі күлак 
жайғасады, нерв пен тамырлар өтеді. Пирамиданың алдынғы бетінде, 
төбесіне жақын жерде, үшкіл нерв (n. trigemini) түйінінен болған 
кішкене батыңқы ойыс, impressio trigemini байқалады. Одан сыртка 
қарай екі жіңішке жүлге: медиалды sulcus m. petrosi majoris, және 
латералды, hiatus canalis n. petrosi majoris, және латералды, hiatus canalis 
n. petrosi minoris болады. Бұл тесіктерден сыртка карай доғатәрізді 
қырат, eminentia arcuata, байқалып тұрады, олар жылдам дамитын 
лабиринттің, атап айтканда жоғарғы доғашық куыстын томпаюынан 
түзіледі. Eminentia arcuata мен squama temporalis арасындағы сүйектің 
беті дабыл қуысының кақпағын түзеді.
Шамамен пирамиданың артқы бетінің ортасында ішкі дыбыс тесігі, 
porus acusticus intemus, орналасады, ол бет және есту нервтері, 
сондай-ак лабиринттің артериялары мен веналары өтетін ішкі дыбыс 
жолына, meatus acusticus intemus, апарады.
I
107


Пирамиданың бассүйектің негізіне қараған төменгі бетінен 
“анатомиялық букет” бұлшықеттері (mm. styloglossus, stylohyoideus, 
stylopharyngeus), сондай-ақ байламдар - ligg. stylohyoideum және 
stylomandibulare бекитін орын қызметін атқаратын жіңішке үшкір- 
ленген бізтәрізді өсінді, processus styloideus, шығады. Бізтәрізді 
желбезек текті самай сүйегінің бөлігі болып табылады. Ол lig. 
stylohyoideum-мен бірге тіласты доғасының қалдығы болып табы­
лады.
Бізтәрізді және емізіктәрізді өсінділердің арасында біз-емізік- 
тәрізді тесік, foramen stylomastoideum жатады, ол арқылы n. facialis 
шығып, кішкентай артерия кіреді. Бізтәрізді өсіндіден терең мойын 
шұңқыры, fossa jugularis, медиалды орналасқан. Fossa jugularis-тен 
алдыңғы жағына қарай одан үшкір қырмен бөлінген ұйқы өзегінісе 
сыртқы тесігі, foramen caroticum externum жатады.
Пирамиданың үш жиегі бар: алдыңғы, артқы және жоғарғы. Қысқа 
алдыңғы жиек қабыршақпен сүйір бұрыш түзеді. Бұл бұрышта дабыл 
қуысына әкелетін бұлшықетті құбырлы өзектің тесігі, canalis 
musculotubarius, байқалып тұрады. Бұл өзек пердемен жоғарғы және 
төменгі болып екі бөлімге бөлінеді. Жоғарғы, кішілеу, жартыөзек, 
semicanalis m. tensoris tympani, өзіне осы бұлшықеттер орналастырады, 
ал төменгі, үлкендеу, semicanalis tubae auditivae ауаны жұтқыншақтан 
дабыл қуысына өткізу үшін қажет дыбыс өзегінің сүйекті бөлігі болып 
табылады.
Пирамиданың алдыңғы және артқы беттерін бөліп тұратын жоғарғы 
жиегімен жақсы байқалатын жүлге, sulcus sinus petrosi superioris, аттас 
веналық синустың ізі өтеді.
Пирамиданың артқы жиегі fossa jugularis-тен алға қарай шүйде 
сүйектің базилярлы бөлігімен қосылып, осы сүйекпен бірге sulcus sinus 
petrosi inferioris - төменгі тастақты веналық синустың ізін түзеді.
Пирамида негізінің сыртқы беті бұлшықеттердің бекитін жері 
қызметін атқарады да, оның сыртқы бездері (өсінді, тіліктер, бұдырлық) 
осыған байланысты болады. Ол томен қарай емізіктәрізді өсіндіге, 
processus mastoideus, айналып созылады. Оған төс-бұғана-емізіктәрізді 
бұлшықет бекиді, ол дененің тік қалпы кезіндегі басты тепе-теңдік 
күйде ұстайды. Сондықтан емізіктәрізді өсінді төртаяқтыларда, тіпті 
адамтәрізді маймылдарда да болмайды, ол тік жүруге байланысты тек 
адамда ғана дамиды. Емізіктәрізді өсіндінің медиалды жағында терең 
емізіктәрізді тілік, incisura mastoidae, - m. digastricus бекитін жер 
болады; одан да гөрі ішке қарай - кішкентай жүлге, sulcus a. occipitalis, - 
аттас артерияның ізі жатады.
Емізіктәрізді өсінді негізінің сыртқы бетіндегі тегіс үшбұрышты 
бөліп көрсетуге болады, ол емізіктәрізді өсіндінің үяшықтары іріңге 
толғанда оперативті көмекке келетін жер болып табылады.
108


Емізіктәрізді өсіндінің ішінде осы үяшыктар, cellulae mastoideae. 
жатады, бүлар ауалы куыстар болып табылады. Олар дабыл куысымен 
antrum mastoideum аркылы жалғасады. Пирамида негізінің ми бетінде 
терең жүлге, sulcus sinus sigmoidei, өтеді, ол жерде аттас веналык синус 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет