Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет123/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   342
Байланысты:
анатомия

Самай сүйегінің өзектері.
Ен ірі өзек canalis caroticus болып 
табылады, ол аркылы ішкі үйкы артериясы өтеді (51-сурет). Ол өзінің 
сыртқы тесігі аркылы пирамиданың төменгі бетінен басталып, жоғары 
көтеріледі, содан кейін тік бүрыш жасай иіліп, өзінің ішкі тесігімен 
пирамиданын төбесінде canalis musculotubarius-тан медиалды ашы- 
лады. Бет өзегі, canalis facialis, porus acusticus қабатында басталып, одан 
өзек алдымен алға және латералды түрде пирамиданын алдыңғы 
бетіндегі саңылауларға (hiatus) дейін барады; өзек бүл тесіктерде 
горизонталды қалыпта кала отырып, geniculum canalis facialis түзе, тік 
бүрыш жасай латералды және артқа карай, содан кейін томен карай 
бүрылып, самай сүйегі пирамидасының төменгі бетінде орналаскан 
foramen stylomastoideum арқылы аякталады. Canalis musculotubarius 
(жоғарыда айтылған).
51 - с у р е т. Самай сүйек, 
os temporale,
 
оң (пирамида білігіне параллелді
тік жазықтықтағы кесіндісі).
1 - anthrum mastoideum; 2 - tegmen tympani; 3 prominentia canalis 
semicircularis lateralis; 4 - cavum tympani; 5 - impressio trigeminalis;
6 - дабыл өзегіне енгізілген сым таяқша, canaliculis tymphanicus;
7 - semicanalis tubae auditiveae; 8 - canalis caroticus; 9 - fossa jugularis;
10 - canalis facialis et for. stylomastoideum; 11 - cellulae mastoideae.
109


Шеке сүйек
Шеке сүйегі, 
os parietale,
жұп, бассүйектің қақпағының ортаңғы 
бөлігін түзеді (52-сурет). Адамда ол басқа барлық жануарлармен 
салыстырғанда миының күшті дамуына байланысты барынша жетілген. 
Ол негізінен қорғаныш қызметін атқаратын нағыз жабын сүйек болып 
табылады. Сондықтан оның құрылысы сырт жағынан дөңес, іш жағынан 
ойыс төртбұрышты табақша түрінде біршама қарапайым келеді. Оның 
төрт жиегі көрші сүйектермен байланысуға қызмет етеді, атап айтқанда: 
алдыңғы жиегі - маңдай сүйегімен, margo frontalis, артқы жиегі - 
шүйдемен, margo occipitalis, медиалды жиегі - басқа жағының аттас 
сүйегімен, margo sagittalis, және латералды жиегі 
самай сүйегінің 
қабыршағымен, margo squamosus. Алғашқы үш жиегі кетіктелген, ал 
соңғы жиегі қабыршақты жік түзуге бейімделген.
Төрт бұрышының алдыңғы медиалдысы - маңдай сүйегімен, angulus 
frontalis, алдыңғы латералдысы - сынатәрізді сүйекпен, angulus 
sphenoidalis, артқы медиалдысы - шүйдемен, angulus occipitalis және 
артқы латералдысы самай сүйегінің, angulus mastoiodeus, емізіктәрізді 
өсіндісінің негізімен байланысады. Сыртқы дөңес бетінің бедері 
бұлшықеттер мен шандырлардың бекуіне байланысты. Оның ортасында 
шеке төмпесі, tuber parietale, (сүйектенудің басталатын жері) шығып 
тұрады. Одан томен самай шандырлары мен бұлшықеттеріне арналған 
иілген самай сызықтары 
lineae temporales (superior et inferior) өтеді.
А 
Б
52 - с у p e т. Шеке сүйек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет