себеп болады. Тіл бұлшықеттерінің сіңір арқылы беку тәсілі түсінікті
сөз сөйлеудің дамуына әсерін тигізгенін ескерсек, төменгі жақсүйектің
сүйек бедерінің иек аймағында қайта түрленіп өзгеруі де сөз сөйлеумен
байланысты және таза адамға тән белгі деген қорытындыға келеміз.
Spina
mentalis-тің жандарында, жақсүйектің төменгі жиегіне жақын
жерде
қос құрсақ бұлшықеттерінің, fossae digastricae,
бекитін жерлері
байқалып тұрады. Одан әрі артында артқа және жоғары тармаққа қарай
бағытпен жақсүйек-тіласты сызығы, linae mylohyoidae, аттас бұлшық-
етінің бекитін жері өтеді (61-сурет).
Жақсүйектің тармағы, ramus mandibulae, төменгі жақсүйек
денесінің артқы бөлігінен әрбір жағынан жоғары қарай шығады. Оның
ішкі бетінде жоғарыда аталған canalis mandibulae-re
апаратын төменгі
жақсүйек тесігі,
Достарыңызбен бөлісу: