septum nasi,
арқылы онша симметриялы
емес екі жартыға бөлінеді, өйткені көп жағдайда қалқа қатаң түрде
сагитталды тұрмай, жанына қарай қисаяды. Мұрын куысының әр
жартысында бес қабырға бар: жоғарғы, төменгі, латералды, медиалды
және артқы қабырғалар.
Латералды қабырғаның құрылысы барынша күрделі;
оның
құрамына (алдынан артына қарай) мына сүйектер кіреді: мұрын сүйегі,
жоғарғы жақсүйектің денесі мен маңдай өсіндісінің мұрындық беті,
көзжас сүйегі, торлы сүйек лабиринті, төменгі қалқан, таңдай сүйегінін
перпендикулярлы табақшасы, сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді өсін-
дісінің медиалды табақшасы.
М ұрынның сүйекті қалқасы ,
septum
nasi osseum,
мұрын
қуысының әрбір жартысының медиалды қабырғасы сияқты. Ол торлы
сүйектің перпендикулярлы табақшасы, желбезек, жоғарғы жағында
маңдай сүйегінің spina nasalis-інен, crista sphenoidalis, төменгі жағында
жоғарғы жақсүйек пен таңдай сүйектің cristae nasales-інен түзілген.
Жоғарғы қабырға маңдай сүйегінің кішкене бөлігі, торлы сүйектің
lamina cribrosa және ішінара сынатәрізді сүйектен түрады.
Төменгі қабырғаның немесе түбінің құрамына palatum osseum
құрайтын жоғарғы жақсүйектің таңдайлық өсіндісі мен таңдай
сүйегінің горизонталды табақшасы енеді; оның алдыңғы бөлімінде
күрек тіс өзегінің,
canalis incisivus,
тесігі байқалады.
Мұрын қуысының латералды қабырғасында ішке қарай үш мұрын
қалқаны салбырап тұрады, олар үш: жоғарғы, ортаңғы және төменгі
мұрын жолдарын бір-бірінен бөліп тұрады. Ж оғарғы мүрын жолы,
meatus nasi superior,
торлы сүйектің жоғарғы және ортаңғы мұрын
қалқандары арасында орналасқан; ол ортаңғы жолдан екі есе қыска да,
мұрын қуысының ортаңғы бөлімінде ғана орналасады; онымен sinus
sphenoidalis, foramen sphenopalatinum жалғасады әрі оған торлы
сүйектің артқы ұяшықтары ашылады. О ртаңғы мүрын жолы,
Достарыңызбен бөлісу: |