foramen sphenopalatinum,
аттас нерв пен тамырлардың
өтетін жеріне барады; 2) артқы жоғарғы тесік ортаңғы бассүйек
шұңқырына
foramen rotundum
барады, ол арқылы бассүйек қуысынан
үшкіл нервтің II тармағы шығады; 3) алдыңғы тесік көзұясына,
fissura
orbitalis inferior,
барады, нервтер мен тамырлардың өтуіне арналған;
4) төменгі тесік ауыз қуысына,
canalis palatinus major,
барады, ол
жоғарғы жақсүйек пен таңдай сүйегінің аттас жүлгесінен түзіледі және
қанат- таңдай шұңқырының томен қарай құйғыш тәрізді тарылуы болып
табылады, ол шұңқырдан өзек арқылы таңдай нервтері мен тамырлар
өтеді; 5) артқы тесік вегетативтік нервтердің жүретін жолына қарай
(n. canalis pterygoidei) бассүйектің сыртқы негізіне,
canalis pterygoideus
барады (65-сурет).
Бассүйекті үстіңгі жағынан
(norma verticalis) қарағанда оның
күмбезі мен жіктері көрінеді: шеке сүйектерінің медиалды жиектері
арасында сагитталды жік,
sutura sagittalis
; маңдай және шеке сүйектері
арасында тәждік жік,
sutura coronalis,
және шеке мен шүйде сүйектері
арасында ламбда тәрізді жік,
sutura lambdoidea
(гректің "ламбда"
әріпімен ұқсастығына қарай).
Бассүйектің сыртқы негізі,
basis cranii externa,
бет (төменгі жақ-
сүйексіз) және ми сауыты бөлімдерінің төменгі беттерінен құралады.
Бассүйектің сыртқы негізін алдыңғы, ортаңғы және арткы деп үш
бөлімге бөлуге болады.
Алдыңғы бөлім қатты таңдайдан, palatum osseum және жоғарғы
жақсүйектің ұяшықтар доғасынан тұрады. Қатты таңдайдың артқы
бөлігінде, оны түзетін жақсүйектің таңдай өсіндісі мен таңдай сүйегінің
горизонталды табақшасының қосылған жерінде, көлденең жік,
sutura
transversa,
байқалып тұрады; орта сызықпен қатты таңдайдың жұп
бөліктерін байланыстырып, алдыңғы ұшында foramen incisivum-мен
қосылып кететін жік,
sutura mediana,
өтеді. Қатты таңдайдың артқы
бөлігінде, альвеолды доғаның жанында canalis palatinum major шығатын
жер болып табылатын
Достарыңызбен бөлісу: |