Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет192/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   342
Байланысты:
анатомия

ossa metatarsalia
, түрады (79-сурет). Алақан сүйек- 
теріндегі сияқты, олардың да проксималды шеті, немесе негізі, 
basis

ортаңғы бөлігі, немесе денесі, 
corpus
, және дисталды шеті, басы, 
caput
болады. Оларды аяқ үшының медиалды жиегінен бастап санайды. Табан
161


сүйектері 
өздерінің 
негіздерімен 
тілерсектің 
дисталды 
қатары 
сүйектеріне I, II және III табан сүйектерінің әрқайсысы сәйкесті 
сынатәрізді сүйекпен байланысатындай, ал IV және V табан сүйектері 
текше сүйекпен байланысатындай болып буындасады. II табан сүйегінің 
негізі онымен буындасатын аралық сынатәрізді сүйектің қысқалығынан 
едәуір артқа қарай шығып тұрады. Буындық беттерінен басқа табан 
сүйектерінің негіздерінің проксималды шеттерінде (тілерсек сүйектерімен 
буындасатын жерлерде) қысыңқы бүйірлік беттері - бір-бірімен буында­
сатын жерлер болады. V табан сүйегінің негізінде тек медиалды жағында 
ғана IV табан сүйегіне арналған буын беті болады. Ал ол латералды 
жағынан бұдырмақ, 
tuberositas ossis metatarsalis V,
 
түзеді. I табан сүйегінің 
негізінің де табан жаққа қарай шығатын бұдырмағы, 
tuberositas ossis
metatarsalis
 
болады. Бастары бүйір жақтарынан қысылған және алақан 
сүйектерінің бастары сияқты, бұлардың жан-жағында байламдардың 
бекуіне арналған шұңқырлары болады. I табан сүйегі - ең қысқа әрі жуаны, 
II табан сүйегі - ең ұзыны.
А я қ ұ ш ы б а қ а й л а р ы н ы ң с ү й е к т е р і, 
бақайшақтар, 
phalanges
digitorum p ed is
 
(қысқа қуысты моноэпифизарлы сүйектер) қол ұшының 
осындай сүйектерінен кішілеу шамаларымен өзгешеленеді. Тек екі 
бақайшағы бар I бақайды қоспағанда, бақайлар, саусақтар сияқты үш 
бақайшақтан тұрады. Дисталды бақайшақтардың шетінде жуандаған 
бұдырмағы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет