abductio
), яғни одан
қашықтау.
3. Вертикалды білікті айнала қозғалу, яғни айналу (
rotatio
): ішке
қарай
(pronatio
) және сыртқа қарай (
supinatio
).
4. Шеңбер бойымен қозғалу (
circumductio
), бұл кезде бір біліктен
екінші білікке ауысу іске асады, соның өзінде сүйектің бір шеті шеңбер
сызады, ал бүкіл сүйек - конус пішінін сызып шығады.
170
Буындык беттердің сырғанай козғалуы мүмкін, сондай-ақ олар
бір-бірінен
алыстауы
мүмкін,
мысалы,
саусактарды
созғанда.
Буындардағы козғалыс көлемі буындасатын беттер шамасының
айырмасына тәуелді. Егер, мысалы, буын шүңкыры үзына бойы 140°
доға болса, ал басы 210° болса, онда козғалыс доғасы 70°-қа тең болады.
Буындык беттер аумақтарының айырмасы неғүрлым көп болса,
козғалыс догасы (көлемі) соғүрлым үлкен болады және керісінше.
Буындасқан беттер аумактары айырмасының кішіреюінен баска
буындардағы қозғалысты кейбір байлам, бүлшыкеттер, сүйек өсінділері
сияқты т.б. тежеуіштер шектеуі мүмкін. Сүйек және бүлшыкеттердің
жүмыс гипертрофиясын тудыратын күшті дене (күш) жүктемесі осы
түзілістердің өсуін тудырып, жылжымалыкты шектейтіндіктен, түрлі
спортшыларда спорт түріне карай буындарда түрліше иілгіштік
(икемділік) байкалады. Мәселен, жеңіл атлетшілерде ауыр атлет-
шілерге карағанда иык белдеуінің қозғалыс көлемі көптеу болады. Егер
буындарда тежегіш тетіктер өте күшті дамыса, онда олардағы козғалыс
тым шектелген болады. Ондай буындар катаң буын деп аталады.
Қозғалыс шамасына қозғалыстардың көп түрлілігін арттыратын
буынішіндегі шеміршектер эсер етеді. Мәселен, буындык беттер пішіні
жағынан екі білікті буындарға жататын шыкшыт буынында буыні-
шіндегі дисктің болуынан үш түрлі козғалыс мүмкін болады.
Байламдарды ц орналасу заңды лы қтары . Буынның жүмысын
бағыттап, үстап отыратын бекітуші бөлігі байламдар, ligamenta, болып
табылады; осыдан келіп оларды бағыттаушы және үстап түрушы деп
бөледі. Адам денесінде байламдар саны өте көп, сондықтан оларды
жақсы зерттеп, есте сактау үшін, олардың ортак орналасу заңды-
лықтарын білу қажет.
Байламдар буындык беттердің қозғалысын берілген буынның бел-
гілі бір айналу білігі айналасында бағыттайды да, сондықтан әрбір
буында оның біліктерінің саны мен орналасу жағдайына карай таралады.
Байламдар: а) берілген айналу білігіне перпендикуляр және ә) негі-
зінен оның шеттері бойынша орналасады.
Олар буынның берілген қозғалыс жазыктығында жатады.
Мәселен, саусақаралық бір фронталды айналу білігі бар буында,
бағыттаушы байламдар, оның бүйірлерінде (ligg. collateralia) верти-
калды орналасады. Екі білікті шынтак буынында, ligg. collateralia
вертикалды, фронталды білікке перпендикуляр бойымен жүреді, ал ligg.
anulare горизонталды, вертикалды білікке перпендикуляр орналасады.
Ақырында, көп білікті үршық буынында байламдар түрлі бағыттарда
орналасады.
171
Буын қапшығы зақымданғанда ауа буын қуысына өтеді, соның
себебінен буындық беттері дереу ажырайды. Әдеттегі жағдайларда
буындық беттердің ажырасуына қуыстағы теріс қысымнан басқа
байламдар (буын ішіндегі және буын сыртындағы) мен сіңірлерінің
қабатында орналасқан дәнтәрізді сүйектері бар бұлшықеттер де кедергі
жасайды. Байламдар мен бұлшықет сіңірлері буынды нығайтатын
қосалқы аппарат болып табылады.
Бірқатар буындарда буындық беттерді толықтыратын қосымша
тетіктер - буын ішіндегі шеміршектер болады; олар талшықты
шеміршек тінінен тұрады және пішіндері не тұтас шеміршек табақ-
шалары - дисктер,
Достарыңызбен бөлісу: |