Синхондроз, articulatio cartilaginea, - сүйектердің шеміршек тіні
арқылы үзіліссіз қосылуы және шеміршектің физикалық қасиеттері
арқасында серпінді қосылу болып табылады. Синхондроз кезінде
қимыл аздау және серпімді сипатты болады. Олар шеміршек қабат-
шаларының қалыңдығына байланысты, ол соғұрлым қалың болса,
көбірек қозғалғыш келеді.
Шеміршек тінінің (гиалинді немесе фиброзды) қасиеттеріне
қарай:
1) гиалинді синхондроз, мысалы, 1 - қабырға мен төссүйек арасында;
2) талшықты синхондроз деп бөледі.
Талшықты синхондроз механикалық әсерге кедергі көптеу жерде,
мысалы омыртқа денелері арасында, пайда болады. Бұл жерде тал-
шықты синхондроздар өздерінің серпімділігі арқасында соққы мен
шайқауларды жұмсартып, буфер рөлін атқарады.
Белгілі мерзімге байланысты синхондроздар былай бөлінеді:
Уақытша синхондроздар - белгілі бір жасқа дейін ғана болып, одан
кейін синостоздарға алмасады, мысалы, эпифиз бен метафиз арасын-
дағы немесе бір жамбас сүйекке қосылатын жамбас белдеуінің үш
сүйегі арасындағы синхондроздарЛ Уақытша синхондроздар қаңқа
дамуының екінші кезеңі болып табылады.
Тұрақты синхондроздар - бүкіл өмір бойы болады, мысалы, самай
сүйегі пирамидасы мен сынатәрізді сүйек, пирамида мен шүйде сүйегі
арасында.
Егер синхондроздың ортасында буындық беттері мен қапшығы бар
нағыз буын қуысы сипаты жоқ тар саңылау түзілсе, онда мұндай
қосылулар үздіксізден үзілістегі (буындарға) өтпелі болады да, симфиз,
symphysis, деп аталады (мысалы, маңдай симфизі, symphysis pubica).
Симфиз буындардың редукциясы нәтижесінде үзілісті қосылудан
үздіксіз қосылуға ауысу арқасында түзілуі мүмкін, мысалы, кейбір
омыртқалыларда бірқатар омыртқалардың денелері арасында буын
қуысынан саңылау қалады.
Үздікті (үзілісті) қосылыстар, буындар, диартроздар Буын дегеніміз үздікті (үзілісті), қуысты, қозғалмалы қосылу немесе
буындасу,