Буын қапшығы зақымданғанда ауа буын қуысына өтеді, соның
себебінен буындық беттері дереу ажырайды. Әдеттегі жағдайларда
буындық беттердің ажырасуына қуыстағы теріс қысымнан басқа
байламдар (буын ішіндегі және буын сыртындағы) мен сіңірлерінің
қабатында орналасқан дәнтәрізді сүйектері бар бұлшықеттер де кедергі
жасайды. Байламдар мен бұлшықет сіңірлері буынды нығайтатын
қосалқы аппарат болып табылады.
Бірқатар буындарда буындық беттерді толықтыратын қосымша
тетіктер - буын ішіндегі шеміршектер болады; олар талшықты
шеміршек тінінен тұрады және пішіндері не тұтас шеміршек табақ-
шалары - дисктер,
Достарыңызбен бөлісу: