Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет276/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   342
Байланысты:
анатомия

ІШТІҢ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ
Іштің бұлшықеттері кеуде торының төменгі тесігі мен жамбас 
астауының жоғарғы жиегі аралығын алып жатады. Олар іш қуысын 
қоршап, оның қабырғасын түзеді. Бүйір, алдыңғы және артқы 
бұлшықеттерді ажыратады. Іш бұлшықеттері осы аймақтың аутохтонды 
вентралды бұлшықеттеріне жатады. Бүйір бұлшықеттері бір-біріне 
қабаттасып жатқан үш жалпақ бұлшықеттерден түзіледі. Олардың 
сіңірлі созылмалары m. rectus үшін қынап түзіп, іштің алдыңғы жағында 
ақ сызык,
бойында қосылады.
1. Іш тің сы ртқы қиғаш бұлш ықеті, 
т. obliquus externus abdominis,
іштің жалпақ үш бұлшықетінің ішіндегі ең беткісі (130-сурет). Ол кеуде 
торының бүйір бетінде, төменгі сегіз қабырғадан басталып, жоғарыдан 
томен қарай медиалды өтеді. Бұлшықеттің бүлайша кең алаңмен 
басталуы және төртаяқтылармен салыстырғанда төмендеу орналасуы
256


130 с у р е т. Іштің бүлшықеттері (сол жағында іштің тік бұлшыкеті 
кынабының алдыңғы табақшасы алынған).
1 - гп. obliquus extemus abdominis; 2 - lam. anterior vaginae m. recti abdominis; 
3 m. rectus abdominis; 4 intersectiones tendineae; 5 - anulus inguinalis 
superficialis; 6 funiculus spermaticus; 7 hiatus saphenus;
8 - m. Pyramidalis; 9 linea alba.
257


адамтәрізді маймылдарда ағаштан ағашқа секіруге, ал адамда еңбек 
құралы ретінде қызмет етуге арналған қол бұлшықеттерінің күшеюіне 
байланысты. Қол бұлшықеттеріне үлкен тіректің қажеттігінен кеуде 
торы ұзарып, оған бекитін іштің қиғаш және тік бұлшықеттері төмен 
қарай ығысады. Сыртқы қиғаш бұлшықеттер талшықтары сыртқы 
қабырғааралық бұлшықеттердің жалғасы сияқты, осы бағытта қиғаш 
жоғарыдан төмен және арттан алға қарай жүреді. Бұл филогенез 
үрдісінде қабырғалар жоғала басталуымен қосарлана қабырғааралық 
бұлшықеттер өзара бітісе-өсіп, тұтас бұлшықет қыртыстарын түзумен 
түсіндіріледі. Артқы будалар мықын қырына бекиді. Бұлшықеттің 
қалған талшықтары іщтің тік бұлшықеті, m. rectus, алдынан және іштің 
орта сызығына, linea alba, өтіп, басқа жағының апоневрозымен 
қосылады. Сыртқы қиғаш бұлшықеттің апоневрозының төменгі бос 
жиегі spina iliaca anterior superior және tuberculum pubicum арасында 
орналасып, науа түрінде ішке қарай бұрылады. Апоневроздың қалған 
бөлігінен жасанды түрде бөліп қарастырылатын бұл жиек шап байламы, 
lig. inguinale, деп аталады.
Приматтарда шап байламы іштің төменгі қабырғасын сүйейді және 
эрекция үшін маңызы бар. Адамда ол шап өзегінің төменгі қабырғасы 
ретінде ғана бөлінеді.
Шап байламының медиалды бекитін жерінде, оның фиброзды 
талшықтары томен қасаға сүйегінің қырына қарай иіліп, тесіктік 
байлам, lig. lacunare-ні, түзеді. Шап байламының медиалды бөлімінің 
үстінде сыртқы қигаш бұлшықет апоневрозының үшбұрышты 
саңылауы - беткей шап сақинасы, annulus inguinalis superficialis, 
жатады. М. obliguus extemus abdominis-тің етті бөлігінің артқы жиегінде 
және ш. latissimus dorsi басталатын жердің арасында төменгі жағынан 
мықын қырымен шектелген кішкене бел үшбұрышы, trigonum lumbale, 
түзіледі. Бұл үшбұрыштың түбін іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, ш. 
obliguus externus abdominis-тің сыртқы беті шандырлы жапырақшамен 
жабылған, ол бұлшықеттің апоневрозына жалғасады. Осы жапырақ- 
шаның үстінде құрсақасты аймагында теріасты шелмайының терең 
қабатында жататын тагы бір, беткей шандыр, fascia superficialis, 
кездеседі, ол төменгі жақта шап байламымен бітісіп-өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет