Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет278/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   342
Байланысты:
анатомия

т. rectus abdominis,
ортаңғы сызықтан 
латералды екі жағында жатады және вертикалды бағытта жүретін 
бойлңқ бұлшықет будаларынан тұрады. Ол V, VI және VII қабырға 
шеміршектерінің алдыңғы беттері мен төстің семсертәрізді өсіндісінен 
басталып, содан кейін, біртіндеп жіңішкеріп, төмен қарай, мықты сіңір 
арқылы симфиз бен tuberculum pubicum арасындағы кеңістікте қасаға 
сүйегіне бекиді. Жануарлармен салыстырғанда адамда түзу жүру мен 
еңбек етуге байланысты (адамтәрізді маймылдар мен адамда) қол 
бұлшықеті тірекке айналып, кеуде торы кеңейеді. Бұлшықет көлденең 
(3-4) өтетін сіңірлі дәнекерлер, intersectiones tendineae, түзеді. 
Дәнекерлер, m. rectus орналасқан қынаптың алдыңғы қабырғасымен 
бітісіп-өседі. Intersectiones tendineae вентралды бұлшықеттің бұрынғы 
сецментті^дамуының іздері болып табылады. Олардың қызметтік те 
маңызы бар: бұлшықеттерді жеке сегменттерге бөліп, олар әр 
сегменттің дербес жиырылуына мүмкіндік береді.
П ирам идалы к бұлш ықет, 
т. pyramidalis,
қасаға симфизі үстінде 
тік бұлшықет қынабы алдыңғы қабырғасының астында жататын 
кішкене үшбұрышты бұлшықеі. Ол клоакалылар мен қалталыларда 
төлін алып жүретін қалтаны қоршайтын бұлшықеттің рудименті болып 
табылада.
Іш тің тік бұлш ықетінің қы набы . Іштің әрбір тік бұлшықеті 
қынаппен, vagina m. recti abdominis, қаусырылған, ол қынап үш жалпақ 
іш бұлшықетінің апоневроздарынан түзілген (132-сурет). Қынап 
кіндіктен жоғары бөлімінде былай құрылған. Іштің сыртқы қиғаш 
бұлшықетінің апоневрозы m. rectus алдынан өтеді, ал көлденең 
бұлшықет апоневрозы - артынан өтеді, ішкі қиғаш бұлшықеттің 
апоневрозы екі табақшаға бөлінеді, олар тік бұлшықетті алды-артынан 
қаусырып, сыртқы қиғаш және көлденең бұлшықеттердің апонев­
розымен бітісіп-өсіп және солармен бірге қынаптың алдыңғы және 
артқы қабырғаларын түзеді. Кіндіктен 4-5 см төмендеу жерде қынаптың
260


132 с у р е т. Іштің тік бүлшықет қынабының қүрылысы (үлгі; көлденең
кесінді).
А бүлшықеттің жоғарғы 2/3 бөлігі; Б - бүлшықеттің төменгі 1/3 бөлігі.
1 lam. anterior vaginae m. recti abdominis; 2 linea alba; 3 - m. obliquus 
externus abdominis; 4 - m. obliquus intemus abdominis; 5 - m. transversus 
abdominis; 6 - peritoneum; 7 - lam. posterior vaginae m. recti abdominis;
8 fascia transversalis.
құрылысы басқаша: бұл жерде барлық үш іш бүлшықеттерінің 
апоневроздары тік бұлшықеттің алдынан, оның кынабының алдыңғы 
қабырғасының құрамында өтеді, ал қынаптың артқы қабырғасын іш 
қабырғасын іштей астарлайтын көлденең шандыр түзеді. Қынаптың 
артқы апоневроздық қабырғасы осы жердің үстінде linea arcuata деп 
аталатын біраз төмен қарай ойыстанған жиекпен аяқталады. Тік 
бұлшықеттің төменгі жағында оның қынабының артқы қабырғасының 
жүқа болуы, сірә қасаға симфизі жиегі үстіне көтеріліп, осы жерге 
ығысатын несепқуықтың толуына байланысты болу керек. Алдыңғы 
қабырғаның төменгі жағының қалыңдауы адам денесінің тік қалпына 
байланысты. Бұл жағдайда іш қабырғасының төменгі бөлігіне барынша 
көп қысым түседі.
Іш тің ақ сы зы ғы . Іштің жалпақ бүлшықеттерінің апоневроздары 
орталық сызық бойымен бірімен бірі түйісіп, қосылып, тік бұлшықеттер 
арасында сіңірлі жолақ ақ сызық, linea alba, түзеді. Ол сызық төстің 
семсертәрізді өсіндісінен қасаға симфизіне дейін созылады. Ақ сызык 
жоғары бөлімінде едәуір кең (кіндік деңгейінде 2-2,5 см), ал төменде 
кіндіктен шамалы қашықта тез тарылады, бірақ оның есесіне алдыңғы- 
артқы бағытта жуандайды. Linea alba ортасында дерлік кіндік терісімен 
қосылатын тыртық тінмен толған кіндік сақинасы, annulis umbilicalis, 
жатады. Сызықтың ақшыл түсті болуы сіңір талшықтарының фрон- 
талды жазықтықта (бір жағынан екінші жағына ауысқанда) және 
сагитталды жазықтықта (бет жағынан тереңге қарай ауысқанда)
1 8 — 2 1 0
261


айқасуына, сондай-ақ қантамырлардың аздығына байланысты. Хирург- 
тер операция кезінде іш қуысын кеңірек ашу керек болғанда (мысалы, 
кесар тілігін жасауда) осы жағдайды пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет