Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет279/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   342
Байланысты:
анатомия

Іш булиіьщеттерінің қызметі.
Іш бұлшықеттері іш қуысын 
тарылтып, оның ішіндегі мүшелерді басып-қысып тұрады, сөйтіп іш 
қысымын - prelum abdominale құрайды. Оның іс-әрекеті сыртқа нәжіс 
шығару, несеп шығару, босану, сондай-ақ жөтелу және құсу кездерінде 
байқалады. Бұл қимылдарға көкет те қатысады, ол демді ішке алған 
кезде жиырылып, жалпақтануы арқылы жоғарыдан төмен қарай ішкі 
ағзаларға қысым түсіреді де, ал жамбас астау көкеті оларға тіреніш 
болады. Оған қоса, құрсақ тығыршығы бұлшықеттерінің тонусы 
арқасында ішкі ағзалар өздерінің орналасу қалыптарын сақтайды; бұл 
жағдайда іштің бұлшықет-апоневроздық қабырғасы іш белдеуін ұстап 
тұрушы қызметін атқарады. Іш бұлшықеттері омыртқа бағанасы мен 
тұлғаны иіп, оны жазғыш бұлшықеттердің антагонистері болып 
табылады. Тік бұлшықеттер кеуде торы мен жамбас астауын өзара 
жақындастырады, бұған екіжақты жиырылған кезде қиғаш бұлшық- 
еттер де қатысады. Біржақты жиырылғанда іш бұлшықеттері m. erector 
spinae-мен бірге тұлғаны бүйір жаққа қисайтады. Іштің қиғаш 
бұлшықеттері омыртқа бағанасының кеуде торымен бірге айналуына 
қатысады және де бұрылатын жақта m. obliquus intemus abdominis, ал 
қарама-қарсы жақта - m. obliquus externus abdominis жиырылады. 
Ақырында, іш бұлшықеттері тынысалу қозғалыстарына да қатысады: 
олар қабырғаларға бекіп, оларды томен қарай тартып, тыныс шығаруға 
жағдай жасайды.
А ртқы бұлш ықеттер.
Белдің ш арш ы бұлшықеті, 
т. quadratus lumborum,
m. erector 
spinae-нің, алдында жатқан және одан fascia thoracolumbalis терең 
жапырақшасымен бөлінген төртбұрышты бұлшықет. Ол мықын қыры 
мен lig. iliolumbale-ден басталып, XII қабырғаға және II-IV бел 
омыртқалардың көлденең өсінділеріне бекиді.
Қызметі.
Шаршы бел бұлшықеті біржақты жиырылғанда басқа іш 
бұлшықеттері және m. erector spinae-мен бірге омыртқа бағанасын 
кеуде торымен қоса бүйірге қарай қисайтады. Екі жақта да бір мезгілде 
тонусты жиырылғанда сол бұлшықеттермен бірге омыртқа бағанасын 
тік қалыпта ұстап тұрады. XII қабырғаны томен қарай тартып, тыныс 
шығаратын бұлшықет рөлін де атқарады.
Шап өзегі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет