Оқулық Түзетілген және толықтырылган екінші басылым 1-кітап алматы, 2004 ббк28. 86 я 73 р 12



Pdf көрінісі
бет280/342
Дата16.09.2022
өлшемі23,05 Mb.
#149688
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   342
Байланысты:
анатомия

canalis inguinalis,
саңылау болып табылады, ол арқылы 
еркектерде шоует шылбыры, 
funiculus spermaticus,
ал әйелдерде 
жатырдың жұмыр байламы
lig. teres,
өтеді. Ол іш қабырғасының 
төменгі бөлімінде іштің екі жағында да, іле-шала шап байламының 
үстінде орналасады да, жоғарыдан томен, сыртқы жағынан ішке, артқы 
жағынан алға қарай өтеді. Оның ұзындығы 4,5 см. Ол былай түзіледі: 
шап байламының сыртқы үштен екісіне ішкі қиғаш және көлденең
262


133 с у р е т. Шап өзегі және іштің бүлшықеттері (оң жағының бүлшықеттері 
кесіліп алынған. Сол жағында іштің тік бұлшықетінің қынабы ашылған, ал
бұлшықеттің өзі кесіліп алынған).
1 lam. posterior vaginae m. recti abdominis; 2 - linea arcuata; 3 - fascia 
transversalis; 4 - m. rectus abdominis; 5 - m. pyramidalis; 6 annulus inguinalis 
profundus; 7 annulus inguinalis superficialis; 8 - funiculus spermaticus;
9 - m. cremaster; 10 - aponeurosis m. obliquui extemi abdominis; 1 1 m.
obliquus extemus abdominis; 12 m. obliquus intemus abdominis;
13 - m. transverses abdominis.
бұлшықеттер бітісіп өседі, ал байламның медиалды үштен бірінде 
мұндай бітісіп-өсу болмайды да, бұлшықеттер шәует шылбыры немесе 
жұмыр байлама, арқылы асып өтеді. Сөйтіп, жоғарғы жағынан ішкі 
қиғаш және көлденең бұлшықеттердің төменгі жиектері және төменгі 
жағынан шап байламының медиалды бөлімі арасында үшбұрышты 
немесе сопақша саңылау пайда болады, оған жоғарыда аталған 
құрылымдардың біреуі орналасады. Осы саңылау 
шап өзегі
деп 
аталады. Шәует шылбырының үстінде орналасқан ішкі қиғаш және 
көлденең бүлшықеттердің төменгі жиегінен шәует шылбырына қарай 
онымен үмаға дейін қосарлана ілесетін атабезді көтеретін бұлшықет, т .
cremaster шығады (133 -сурет).
Шап өзегі алдынан төменде шап байламына айналатын іштің 
сыртқы қиғаш бүлшықеті апоневрозымен, ал артқы жағынан fascia 
transversalis арқылы жабылған. Сөйтіп, шап өзегінде төрт қабырғаны
263


ажыратуға болады. Алдыңғы қабырғаны іштің сыртқы қиғаш 
бұлшықетінің апоневрозы, ал артқы қабырғаны 
fascia transversalis 
түзеді; жоғарғыны ішкі қиғаш және көлденең бұлшықеттердің төменгі 
жиегі, ал төменгі қабырғаны - шап байламы құрайды. Шап өзегінің 
алдыңғы және артқы қабырғаларында бір-бірден 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   342




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет