шап сақинасы
деп
аталатын беткі және терең тесіктер бар.
Беткей шап сақинасы, annulus inguinalis superficialis,
(алдыңғы
қабырғада) сыртқы қиғаш бұлшықет апоневрозы талшықтарының екі
аяқшаға ажырауы арқылы түзілген, ол аяқшалардың біреуі, crus laterale,
tuberculum pubicum-re бекиді, ал екіншісі, crus mediale
қасаға
симфизіне бекиді. Бұл екі аяқшадан басқа, шап өзегінде шәует
шылбырының артында беткей сақинаның үшінші (артқы) аяқшасы,
қайырылған байлам, lig. reflexum, болады. Бұл аяқшаны қарама-қарсы
жақтың m. obliquus externus abdominis апоневрозының төменгі
талшықтары түзеді, олар орталық сызықты қиып өтіп, crus mediale
артынан өтіп, шап байламдары талшықтарымен қосылып кетеді. Crus
mediale және crus laterale арқылы шектелген шап сақинасы қиғаш
үшбұрышты саңылау пішінді. Саңылаудың сүйір бүйір бұрышы т .
obliquus externus abdominis-ті жабатын шандыр есебінен пайда болатын
доға тәрізді сіңірлі аяқшааралық талшықтармен, fibrae intercrurales,
қоршалады. Осы шандыр жұқа қабықша түрінде беткей шап
сақинасының жиектерінен шәует шылбырына түсіп, оған fasca
cremasterica деген атпен ұмаға дейін ілесіп барады.
Терең шап сацинасы, annulus inguinalis profundus,
шап өзегінің fascia
transversalis түзген артқы қабырғасы аймағында жатады да сақина
жиектерінен шәует шылбырына дейін созылып, оны және атабезді бірге
қоршайтын қабық, fascia spermatica intema-ны түзеді. Одан басқа, шап
өзегінің артқы қабырғасының медиалды бөлімінде m. transversus
abdominis-тің апоневрозынан шығып, тік бұлшықеттің жиегімен томен
шап байламына түсетін сіңірлі талшықтармен бекітіледі. Бұл шап орағы,
falx inguinalis, деп аталады. Бұл қабырғаны жабатын ішастар бір-бірінен
кіндік қатпары деп аталатын, ішастардың тік қатпарларымен бөлінген екі
шап шұңқырын, fossae inguinales, түзеді. Бұл қатпарлар мыналар: ең
латералдысы - plica umbilicalis lateralis астынан өтетін a. epigastrica
interior-re байланысты, ішастардың көтерілуінен түзілген; медиалды
қатпар, plica umbilicalis medialis - онда ligamentum umbilicale mediale,
яғни ұрықтың қуысы бітесіп кеткен a. umbilicalis орналасқан; орталық
қатпар - plica umbilicale mediana - ұрықтың, lig. umbilicale medianum-ын
жабады (ұрықтың бітесіп кеткен несеп жолы (urachus).
Достарыңызбен бөлісу: |