құрылымы варианттанады, бірақ нормадағы
бұл варианттанушылық
ортамен арадағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұза алмайды. Осылайша,
норма дегеніміз - метафизика есептегендей,
қатып қалған, өзгермейтін
нәрсе емес, ол алуан түрлі және жиынтығында организмнің тұқым
қуалаушылығына да, сондай-ақ
сыртқы орта факторларына да
байланысты дара өзгергіштігін құрайтын көптеген құрылым вари-
анттарынан тұрады. Организмнің және оның жекелеген ағзаларының
құрылымының көптеген түрлері - норма варианттары бар (variatio,
латынша - түрөзгеріс).
Вариациялық статистика бойынша, олар
вариациялық қатар түзеді, оның шет жақтарында дара өзгергіштіктің
шегіне жеткен формалары орналасады (В. Н. Шевкуненко). Демек,
норма (қалыпты) дегеніміз - бұл организмнің түр ретіндегі адамға тән
және биологиялық әрі әлеуметтік функцияларының толық орындалуын
қамтамасыз ететіндей құрылым варианттарының үйлесімді
жиынтығы
және кұрылымдық белгілерінің ара қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: