6.
Орагникалық қосылыстардың реакциялары бейорга-
никалық қосылыстардың реакцияларына қараганда баяу жүреді
және көбінесе аяғына жетпейді, әрі шығымы аз болады.
7. Органикалық қосылыстардың арасында и з о м е р и я
құбылысы кең тараған. Бұл құбылыс XIX ғасырдың басында
ашылды.
1882 жылы Велер молекуласы бір атом күмістен, бір атом
азоттан, бір атом көміртектен және бір атом оттектен түратын,
яғни формуласы AgNCO болып өрнектелетін изоцианқышқыл
күмісті алды. Осыдан бір жыл өткен соң Либих молекула құрамы
дәл сондай, бірақ қасиеттері өзгеше затты синтездеп алды. Бұл
зат өте қопарылғыш еді, соған сәйкес, оны
күркіреуік кышқыл
куміс
деп атады. Екі талым өздерінің бәсекесін шешу үшін, алған
заттарын сол кездегі өйгілі талым Берцелиуске тексеруге
жібереді. Берцелиус екі затты алып, өзі анализдеп тексеріп,
молекула
кұрамы бірдей
өр түрлі заттардың болатынын
мойындайды. Бұл күбылысты
изомерия
деп атады. Молекулалық
құрамы және молекулалық массасы бірдей, ал химиялық
құрылысы әр түрлі заттарды
изомерлер
деп атады. Сотан сәйкес
изоцианқышқылы күмістің
құрылысы былай өрнектеледі:
A g-N ~ C = 0,
ал
күркіреуік
қышқыл
күмістің
құрылысы:
A g-0-N = C .
Органикалық қосылыстардың көптігінің бір себебі болып
келетін изомерия қүбылысымен органикалық қосылыстардьщ
жеке кластарын оқыганда кездесеміз.
Достарыңызбен бөлісу: