негізгі принциптері қазіргі кезде де қолданылады.
XIX ғасырдың
ортасына қарай органикалық заттардың қасиеттері туралы жаңа
мәліметтер жинақгалған сайын оларға түсінік беруде және
болжауда типтер теориясы дәрменсіздік көрсетті.
Ғылымның ары қарай дамуы органикалық химияның жаңа
прогресшіл теориясының болуын талап етті.
Мұндай теорияның
қалыптасуъша өз үлестерін қосқан, ең алдымен, орыс ғалымы
А.М.Бутлеров, неміс ғалымы А.Кекуле және шотландық ғалым
А.Купер болды.
Өткен ғасырдың ортасындағы
органикалық химияның
маңызды жетістігі көміртек атомының төрт валенттілігі туралы
түсінік (1857 ж., Кекуле). Төрт валентті көміртек атомын былай
I
- с -
белгілейді і . Осы кезде, яғни 1857
жылы Купер органикальгқ
заттардың молекуласьшдағы көміртек атомдары бір-бірімен
қосылып, тізбек түзетінін дәлелдеді. Ачайда бұл ғалымдар
молекулалардың құрылысын түсіну мүмкін емес деп санады.
2. А. М . Бутлеровтың химиялық күрылыс теориясы
1861 жылдың қыркүйегінде Шпейер қаласында (Германия)
болған жаратылыс зерттеушілер конференциясында А.М.Бут
леров “Заттардың химиялық қүрылысы туралы”
баяндама
жасады. Міне, осы баяндамада ол құрылыс теориясының негізгі
идеяларын ұсынды. Бұл теорияның мәні мынандай негізгі
қағидалардан тұрады:
I. Молекуладағы барлық атомдар өздерінің валенттіліктеріне
сәйкес ретпен (тәртіппен) байланысады.
Молекуладағы атомдардың қосылысу
тәртібін жөне олардың
арасындағы байланыстың сипатын А.М. Бутлеров
химиялық
күрылыс
деп атады.
Жоғарыда айтылған көміртектің төрт валентгілігі және
олардың бір-бірімен тізбек түзе қосылуы туралы түсініктер
құрылыс теориясының құрам бөлігі болып табылады.
Көміртек атомдары бір-бірімен қосылысқанда, олардың
арасында бір, екі жөне үш байланыстың болатыны
және көміртек
атомдарының тізбегі аіпық та, тұйық
та болып келетіні
анықгалды:
12