262
мен жүкқұжаттарына сәйкес, 8750000 теңге сомаға табақ темір
шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік
проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома Ескерту
8011 — 1310 = 8750000 1 типті операция
А (+) А (-)
ә)
Қосалқы цехтардың өнімін негізгі
өндірістің мұқтаждықта-
рына шығыс ету. Бұл операциялар № 8011 «Өндірістегі материалдар»
шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар көмекші
өндірістер шығындарының жиынтығынан пайда болатындықтан,
шаруашылық операциялар кредитінен № 8030 шоттың кредитінен
№ 8011 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
8011 — 8030 Талаптар, жүкқұжаттар,
шектеу-алу карточкалары
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8030) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек қана
өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорын өндірісіндегі шығыстары
көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада көмекші өндірістер
бойынша шығындардың мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың
дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: