Ќазаќстан республикасыныњ


Морфологиядағы модаль сөздер мәселесі



Pdf көрінісі
бет54/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

Морфологиядағы модаль сөздер мәселесі. 
Модаль сөздер. Түркі 
тілдерінің біразында көмекші сөздердің бір тобына модаль сөздердің 
жатқызылатындығы. Қазақ тілшілері модаль сөздерді жеке топ ретінде бөліп 
алса да, оларды көмекші сөздердің қатарына қоспайтындығы. Қазақ тілінің 
материалының көрсетуінше, модаль сөздер семантикалық, синтаксистік 
қызметі жағынан жеке топ ретінде бөліп алуға болатындай ерекшелікке ие 
екендігі. Дәстүрлі грамматика тұрғысынан модаль сөздер іштей етістікті 
және есімдікті болып жіктелетіндігі модаль сөзге тән белгілер 
қарастырылады. 


54 
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР 
ҮЛГІСІ 
1.
«Морфология» пәнінің нысаны, өзге ғылым салаларымен 
байланысы. Морфологияның нысаны, міндеті. 
2.
Морфологияның басты ұғымдары, терминдерінің қалыптасуы 
жөнінде. Грамматикалық ұғым, грамматикалық мағына, грамматикалық 
категория туралы.
3.
Морфемалар, олардың түрлері. Көптік жалғаудың ерекшеліктері. 
Жай және тәуелді септеу туралы. 
4.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, олардың морфологиялық, 
семантикалық, синтаксистік тұтастықтары туралы. Күрделі сөздерді еркін сөз 
тіркестері мен фразеологиялық тіркестерден ажырату амалдары. 
5.
Қазақ тіліндегі сөздерді семантика-морфологиялық белгілеріне 
қарай топтастыру. Көптік мәнді есімдерге жататын зат есімдер жөнінде. 
6.
Шырай формалары, асырмалы және күшейтпелі шырай, жасалу 
жолдары, ерекшеліктері. Заттық негізді сын есімдер туралы. 
7.
Дара және күрделі сан есімдер. Күрделі сан есімдердің жасалуы. 
Сан есімнің семантика-морфологиялық топтары. 
8.
Есімдіктердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі. 
9.
Түбір етістіктің морфологиялық сипаты. Амалдың өту сипатын 
білдіретін етістіктер. Күрделі етістіктің түрлері. 
10.
Аналитикалық форманттар және көмекші етістіктер.
11.
Есімше, зерттелу тарихы. Көсемше, көсемшенің шаққа қатысы
синтаксистік қызметі. 
12.
Етіс категориясы, түрлері. Етіс түрлеріне тән мағыналық, 
формалық ерекшеліктер. Рай және шақ категориялары, оның түрлері, 
зерттелуі. 
13.
Үстеу, үстеулердің мағыналық топтары, синтаксистік қызметі. 
14.
Еліктеуіш сөздер, олардың фонетикалық ерекшеліктері. 
15.
Көмекші сөздер. Шылау, шылаудың түрлері, абстрактілі 
грамматикалық қызметтері. Модаль сөздердің грамматикалық сипаты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет