51
жұрнақтар, олардың өнімді, өнімсіз түрлері. Зат есімнің реңк мәнін
тудыратын жұрнақтар (-еке, -й,-тай,-жан,-қан,-қай,-шақ,-шық,-ша,-ш,-сымақ,-
шығаш,-екеш). Зат есімдердің көптік,
тәуелдік, септік, жіктік жалғаулармен
түрлену жүйесі. Зат есімнің синтаксистік қызметі, зерттелуі.
Сын есім. Сын есімнің семантикалық мағынасы, морфологиялық
сипаты, синтаксистік қызметі. Сын есімдерді зат есімдерден, үстеулерден
ажырату тәсілдері, категориялық белгілер. Сын есімнің семантикасы сапалық
және
қатыстық болып бөлінуі, олардың тұлғалық және мағыналық
ерекшеліктері.
Сын есімнің морфологиялық құрамы, жалаң және күрделі, негізгі және
туынды сын есімдер. Сын есімдердің морфологиялық (синтетикалық),
синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік тәсілдермен
жасалуы. Есімдерден сын есім тудыратын өнімді (-қы,-лы,-сыз,-шыл,-мпаз,
-қой,-қор, т.б.) жұрнақтар. Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді (-қ,
-ынқы, -ынды, -малы, -қыш, -ымды, -улы, -қақ, -ма, т.б.) және өнімсіз (-ыс,
-мыс, -ымтал, -қы, -ыр, -у, -аған, -ын, -қалақ, -алақ, анақ, -ғылықты, -мсақ,
т.б.) жұрнақтар.
Сын есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы, күрделі сын
есімдердің негізгі үлгілері.
Шырай
категориясы, мағынасы, формасы. Шырай тудыратын
жұрнақтар (-ғыл, -ғыш, -ілдір, -қан, -ақ, -шыл, -ша, т.б.), олардың мағыналық,
қолданыстық ерекшеліктері. Шырай түрлері мен жасалу жолдары. Жай
шырай формасы – негізгі форма. Салыстырмалы шырайдың мағынасы мен
жұрнақтары (-рақ, -лау, -қыл, -тым, -шыл, -қай, -аң). Күшейтпелі шырай,
мағынасы, күшейткіш буынның қабаттасуы арқылы жасалуы. Асырмалы
шырай, мағынасы, күшейткіш үстеулермен (аса, тым, тіпті, ең, т.б.) тіркесуі
арқылы жасалуы. Сын есімнің синтаксистік қызметі, зерттелу тарихы.
Сан есім. Лексика-грамматикалық сипаты. Дара, күрделі сан есімдер.
Күрделі сан есімдердің жасалуы. Сан есімдердің
семантика-морфологиялық
топтары. Есептік сан есім. Бір сөзінің ерекшеліктері. Реттік, жинақтық,
топтық, болжалдық, бөлшектік сан есімдер, мағыналары, жасалуы,
жалғаулармен түрленуі, синтаксистік қызметтері.
Сан есімнің зерттелуі
жайында.
Есімдіктің сипаттары, басты белгілері. Оның басқа сөз таптарының
орнына қолданылуы, мағыналық топтары: жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік,
белгісіздік, болымсыздық, жалпылау есімдіктері.
Бұлардың мағыналық,
түрлену ерекшеліктері, синтаксистік қызметтері. Есімдіктердің зерттелу
тарихы.
Достарыңызбен бөлісу: