ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ №
1
Синтаксис пәні, ол туралы түсінік.
2
Сөз тіркесі. Сөз тіркесінің номинативті немесе грамматикалық мәні
туралы.
3
Сөз тіркесінің грамматикалық, ұйымдасу түрлері.
4
Етістікті сөз тіркесінің құрылу ерекшелігі.
5
Тұрлаулы сөйлем мүшелері.
6
Тұрлаусыз мүшелер.
7
Айқындауыш және бірыңғай мүше. Олардың формасы, жасалуы,
түрлері.
8
Жай сөйлемнің грамматикалық сипаты мен семантикасы.
9
Екі негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесіндегі орны, түрлері.
10 Бір негізді сөйлемдер. Сөйлемдер жүйесіндегі орны, түрлері.
11 Сөйлемдердің айтылу мақсатына сай түрлері: хабарлы және сұраулы
сөйлемдер, грамматикалық сипаты.
12 Бұйрықты және лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктері.
13 Қазақ тілінің синтаксисіндегі үндеу амалдары, орны жұмсалуы.
14 Қазақ
тілі синтаксисіндегі үстеме тәсілдер, олардың негізгі
грамматикалық жүйеге қатысы.
15 Қазақ тілі синтаксисінің лингвомәдени аспектілері, сөйлемдердің
құрылымы мен семантикасындағы ұлттық таным.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ Кіріспе Пәннің мақсаты. Пән қазақ тілінің синтаксистік деңгейіне кіретін
құрылымдарды жеке-жеке қарап, нақты танытуға тиіс. Синтаксистік
тұлғалардың құрылысын біліп, ол тұлғалардың бір жүйенің компоненттері
ретіндегі байланысты білдіреді. Студенттер әр құрылымның функциясын да
таниды.
Синтаксистік жүйенің тілдің басқа деңгейдегі амалдарымен ұштасып
жатқанын біліп алады.
Пәннің міндеті. Студенттер бұл пәнді оқу үстінде келешек тікелей
мамандығы бойынша, жалғас кәсіп үстінде практикалық жұмыстарына негіз,
сүйеніш болатын құзыреттілікті игеруге тиіс. Сондықтан пәннің міндеті осы
құзыреттілікке қажет теориялық, фактологиялық мағлұматтың мол болуын
қамтамасыз етеді, практикалық дағды береді.