құзыреттіліктерге ие болуы тиіс: - білім алушы қазақ тілінің сөз тіркесінің қалыптасу жүйесінің өзіндік
ерекшеліктерін
білуі тиіс ;
- изафеттік тіркестердің түркі тілдеріне тән феномен екендігін
білуі тиіс ;
- етістікті тіркестердегі септік жалғауларының бір-бірімен функциялас
немесе тек сол септікке тән дара қызметін, семантикасын саралай
білуі тиіс ;
- сөйлем мүшелерінің коммуникативті тұлғаны құраушы элемент
екендігін, оның жасалуындағы сөз таптарының лексикалық, грамматикалық
өзгерістерінің сөйлем мүшелерінің жасалуына қатысын
білуі тиіс ;
- сөйлем мен пікірдің ара-қатынасын айқындай
білуі тиіс ;
- базистік және коммуникативтік талаптарға сай екінші дәрежелік
сөйлемдерді ажырата
білуі тиіс ;
- бір негізді және екі негізді сөйлемдердің сөйлем жүйесінде алатын
орны мен түрлерін
білуі тиіс ;
- білім алушы өз пікірін, ойын дұрыс жеткізуге
талаптануы тиіс ;
- коммуникативтік талапқа сай құруға, шебер сөйлеуге
талаптануы тиіс ;
- қалыптасқан теориялық білімнің негізінде синтаксистік тіркестердің
номинативті немесе грамматикалық мәнін, грамматикалық ұйымдасу
түрлерін анықтауға
дағдылануы тиіс ;
- сөйлемді сөйлем мүшелеріне, олардың құрылысын, күрделі мен үйірлі
мүшелерді ажыратып талдауға
дағдылануы тиіс ;
- сөйлемді құрылымына, айтылу мақсатына, логика-грамматикалық
типіне қарай ажыратып талдауға
дағдылануы тиіс .
Оқу пәнінің пререквизиттері: «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы»,
«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Қазіргі қазақ
тілінің морфологиясы».
Оқу пәнінің постреквизиттері: «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем
синтаксисі», «Мәтін синтаксисі», «Синтаксистің коммуникативтік аспектісі»,
«Қазіргі қазақ тілінің функционалды-коммуникативтік синтаксисі».