Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет60/229
Дата20.09.2022
өлшемі1,82 Mb.
#150035
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   229
Байланысты:
5В020500-Филология

Зерттеу объектісі.
Синтаксис жөніндегі ғылым бірнеше саладан 
құралады. Оның сала-салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара 
деңгейлерінің ыңғайына, оларды зерттеп, тану мақсатына бағынышты. Жай 
пікірді хабарлау үшін жұмсалатын сөйлемді құрайтын грамматикалық 
амалдарды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемнің грамматикалық 


60 
түрлерін жай сөйлем зерттейді. Пікір алмасудың ең кіші бірлігі сөйлемді 
құраушы элементтер бар: сөз тіркестері мен сөйлем мүшелері. Сөйлем 
құрамына енетін сөздер қалыптасқан ереже бойынша өзара тіркесіп, 
грамматикалық байланысқа түседі. Синтаксистік құрылымдар белгілі бір 
грамматикалық жүйеге, ережеге сүйеніп құрылады. Ережелер грамматикалық 
амалдар кейде стильді талғайды, белгілі бір лексикалық, грамматикалық 
шеңберге ғана бейімделіп жұмсалады, сондықтан да оларды жалпы танып, 
зерттеумен қатар, олардың жұмсалу аясын, мүмкіндігін білу де осы пәннің 
еншісінде.
Зерттеу әдістері.
Бұл пәннің зерттеу әдісі, тілдік фактілерді талдау, 
тану әдісінің бастылары мыналар: 
1. Талдау, жүйелеу әдісі: тіл фактілерін мағына, форма көрінісіне қарай 
даралап, оларды басқа формаларға қарсы қойып салыстыру, талдау.
2. Салыстыру әдісі: тіл фактілерін тарихи ескерткіштердің 
фактілерімен, туыс тілдердің фактілерімен салыстыру, оның құралу, жұмсалу 
ерекшелігін ашу.
3. Типологиялық әдіс: туыс емес тілдердің фактілерімен салыстырып 
зерттеу. Тіліміздің синтаксистік құрылысындағы ерекшеліктерді анықтап 
тануға, бір логикалық мағынаны білдіретін түрлі тілдегі синтаксистік 
формаларды салғастыру арқылы тіл мен ойлаудың арақатынасын ашуға 
септігін тигізеді.
Өзге пәндермен байланысы. 
«Тіл қатынас құралы» десек, қатынас 
құралы ретінде қызмет ету үшін тілдің фонетика (дыбыс, буын), 
лексикология (жеке сөздер), морфология (сөз тұлғалары) саласында 
қарастырылатын объектілерінің бәрі де өздігінен құрал бола алмайды. Бәрі 
жиналып синтаксис саласында бас қосып барып, тілдің қатынас құралы 
қызметін атқаруға үлес қосады. Демек, синтаксис - тілдің ең жоғары деңгейі. 
Сөздер өзара тіркесу арқылы сөйлем құралады, сөйлемдерден мәтін 
құралады. Сөйлем ойды, пікірді жинақтап жеткізуші құралға айналады да, 
мәтін құрамында қатынас құралы қызметін атқарады. Олай болса синтаксисті 
оқытудағы мақсат фонетика, лексикология, морфология пәндерінде алған 
білімге сүйене отырып, сөз қалай тіркесетінін, сөйлем қалай құралатынын, 
мәтін қалай түзілетінін жеткізуді, ұқтыруды қажет етеді.
Сөз тіркесіне қатысты құбылыстарды сөйлем аясында қарастыру ХХ 
ғасырдың басынан бастау алады. А. Байтұрсынұлының «Тіл-құралында» 
сөздердің тізбегі сөйлем болып танылу үшін сөздердің «басын құрап, біріне-
бірінің қырын келтіріп, қиындастыру» туралы айтса, «Әдебиет та-
нытқышында»: 1. сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, 
жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді жақсы біліп, әрқайсысын өз орнына 
тұтыну; 2. сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыра-
ластыру деп көрсетеді. 
Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасындағы» сөйлемдегі «Сөз 
қиыны», «Жетек сөз бен жетекші сөз» дейтін бөлімдерінде айтылған 


61 
заңдылықтардың қазіргі күні сөз тіркесі шегіндегі заңдылықтар ретінде 
қаралып жүр.
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесін синтаксистің бір саласы ретінде іргесін 
қалаған М.Балақаевтың зерттеулері болды. Қазақтың классик тіл-
танушысының бұл бағыттағы зерттеулері қазақ тіл білімі үшін ғана емес, сол 
кездегі түркі тілі грамматикасында сөз тіркесін алғаш рет арнайы түрде іргелі 
деңгейде қарастырған алғашқы еңбек ретінде бағаланып, басқа түркі 
тілдерінің синтаксисінен сөз тіркесінің орын алуына қатты ықпал етті. 
М.Балақаев осы күні сөз тіркесі синтаксисінің нысаны ретінде қаралып 
жүрген ұғымдар мен санаттардың сипаттарын ашып берді.Мұнан соң осы 
дәстүрмен сөз тіркесі туралы ілімді Р.Әміров, М.Серғалиев, Т.Сайрамбаев, 
Ә.Аблақов т.б. дамытты [7, 12].
Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің мынадай құрылымдық схемалары 
анықталған. Бұл тұста екі ұстын (принцип) негізге алынады: сөз тіркесінің 
құрамына қарай, сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай. Сөз 
тіркесінің құрамына қарай екі үлгі-тип бар: бағыныңқы-басыңқы есім сөз; 
бағыныңқы-басыңқы етістік сөз. Құрамына қарай сөз тіркестерінің 
схемаларына бірнеше мысал: зат есім– зат есім (темір күрек), сын есім– зат 
есім (үлкен үй), сын есім– етістік (жақсы оқу), үстеу– етістік (бұрын көру), 
көсемше– етістік (күліп сөйлеу), зат есім– етістік (кітап оқу) т.с.с. 
Байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай қазақ тілінде үш типті схема 
бар:
1) қабыса байланысқан сөз тіркестері;
2) матаса байланысқан сөз тіркестері;
3) меңгеріле байланысқан сөз тіркестері. 
Сөйлемнің схемасы сөйлем құраудың басты жолы, сөйлемнің маңызды 
сипаты болып табылады. Өйткені синтаксис әрбір жеке нақты сөйлемді 
бөлек-бөлек зерттей алмайды, сөйлемдерді типтендіруге ұмтылады. Қазақ тіл 
білімінде анықталған екіқұрамды сөйлем, бірқұрамды сөйлем, жақты және 
жақсыз сөйлемдер, етістік және есімді сөйлемдер, жалаң және жайылма 
сөйлемдер, толымды және толымсыз сөйлемдер, жай және құрмалас 
сөйлемдер – осының айғағы. Сөйлемдер лексикалық құрамы жағынан әртүрлі 
болуы мүмкін, алайда олар құрылымдық жағынан бір үлгімен құрылады, бұл 
тұста басты назар тұрлаулы мүшелердің тұрғысына аударылады. Мәселен, 
«Белгісіз бір дүлей күш қол-аяғымды матап, тіптен ойыма да құрсау салып 
тастаған сияқты», «Абай – пайғамбар» деген екі сөйлем лексикалық құрамы 
жағынан әр-түрлі болғанымен, бастауышы мен баяндауышы болғандықтан 
бірдей үлгідегі екіқұрамды сөйлемге жатқызылады. Ал сөйлемдегі тұрлаулы 
мүшелерден басқа мүшелер сол сөйлемнің құрылымын кеңейтіп, 
толықтырып тұрады [7, 12].
Жай сөйлем құрылымына қарай екі негізді және бір негізді болып 
бөлінеді. Екі негізді жай сөйлемнің предикативтік негізі тұрлаулы 
мүшелердің 


62 
– бастауыш пен баяндауыштың тіркесуінен жасалады. Бір негізді жай 
сөйлемнің предикативтік негізі бір ғана тұрлаулы мүшеден тұрады. Мысалы: 
Ай жап-жарық болып тұр(екі негізді сөйлем). Жарқыраған ай (бір негізді 
сөйлем). Бастауыш пен баяндауыш– екі негізді жай сөйлемді құрайтын бас 
мүшелер. Тіл туралы зерттеулерде бастауышты субъект, баяндауышты 
предикат деп қолдану дәстүрі орын алған. Бірақ субъект пен бастауыш, 
предикат пен баяндауыш үнемі сәйкес келе бермейді. Мысалы: Ағамның 
Астанада тұрғысы келеді. Сөйлемдегі субъект– ағам. Бірақ ол сөйлемде 
анықтауыш қызметінде жұмсалған. Бастауыш пен баяндауыштың өзіне тән 
белгілері нақтыланып, олардың сөйлем мүшелері жүйесіндегі алатын орны
айқындалса да, сөйлемді Бастауыш пен баяндауыштың өзіне тән белгілері 
нақтыланып, олардың сөйлем мүшелеріне талдауда қиындықтар кездеседі. 
Ол қиындық бастауышқа тән негізгі белгілердің бір і– оның субъект 
атауымен байланысты. Субъект– баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не 
басқа сапаның иесі. Логикалық тұрғыдан бастауыш-субъект, баяндауыш-
предикат болады да, сөйлемнің предикативтілік негізін осы екі мүше 
құрайды. Бастауыш– екі негізді сөйлемдегі бас мүшенің бірі. Сөйлемде 
айтылған ойға негіз болатын, баяндауыш арқылы айтылған қимылдың не 
басқа сапаның иесі болатын мүшені бастауыш дейміз. Сөйлемнің 
құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі бастауышқа тән белгілер 
мыналар:
1) сөйлемдегі бас мүше; 
2) құрылымдық жағынан басқа мүшелерге тәуелсіз;
3) сөйлемде атау септігі тұлғасында қолданылады;
4) сөйлемдегі орны– баяндауыштың алды;
5) айтылған ойдың, қимылдың субъектісі(иесі);
6) сөйлемге«тема» ретінде қатысады.
Сөйлемнің 
құрылымдық-семантикалық 
компоненті 
ретіндегі 
баяндауышқа тән белгілер:
1) сөйлемдегі негізгі мүше;
2) құрылымдық жағынан бастауышқа бағынышты;
3) етістік, зат есім, сын есім т.б. сөз таптарымен келіп, жіктік тұлғада 
қолданылады;
4) сөйлемдегі қалыпты орны – сөйлемнің соңы;
5) логикалық предикатпен сәйкес;
6) сөйлемге «рема» болып қатысады. 
Синтаксистік теорияның дамуы сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін тануда 
жан-жақты ұстанымды қажет етеді. Ол үшін мыналарды ескереміз:
1) сөйлем мүшелерінің көп аспектілігі мен синкреттілігін негізге алу; 2)
сөйлемдегі сөздер сөйлем мүшесін кеңейту үшін немесе сөйлемді 
кеңей-ту үшін еніп тұрғанын түсіну; 3) сөз тіркесіндегі қатынас пен сөйлем 
мү-шелері бір еместігін білу қажет.
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің қызметі әртүрлі: атрибуттық қа-
тынастағы сөздер анықтауыш қызметін; нысандық қатынастағы сөздер 


63 
толықтауыш қызметін; кеңістік, уақыт, себеп, мақсат қатынасындағы сөздер 
пысықтауыш қызметін атқарады.
Анықтауыш. Анықтауышқа тән белгілер. Сөйлемде зат есімнен болған, 
не зат есім орнына жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді түрлі 
қырынан сипаттап тұратын сөйлем мүшесін анықтауыш дейміз.
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі анықта-
уышқа тән белгілер:
1) сөйлем негізін құрамайды(тұрлаусыз мүше); 
2) сын есімнен және ілік септік тұлғасындағы зат есімнен жасалады;
3) анықтайтын сөзі(анықталатын сөз) – зат есім немесе заттанған сөз;
4) анықтайтын сөзімен қабыса да, матаса да байланысады;
5) анықтайтын сөзінің алдында орналасады;
6) заттық белгілерін нақтылайды;
7) сөйлемнің«тема» (алғашқы бөлігі) және «рема» (жаңа ақпарат бе-
ретін бөлігі) құрылымына да қатысады;
8) сөйлемнің барлық мүшесімен сөйлемге енеді;
9) анықтайтын сөзімен атрибуттық қатынаста тіркеседі.
Толықтауыш – сөйлемде етістіктен, сын есімнен, үстеуден жасалған 
баяндауышпен кіріп, іс-әрекеттің немесе сапаның нысаны ретінде сөйлемді 
жайылмаға айналдыратын тұрлаусыз мүше.
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі то-
лықтауышқа тән белгілер:
1) сөйлемнің негізін құрауға қатыспайды(тұрлаусыз мүше); 
2) зат есімнен, есімдіктен, заттанған есімдерден жасалады;
3) бағыныңқы сыңар ретінде өз басыңқысымен меңгеріле байланысады;
4) толықтайтын сөзінің алдына орналасады;
5) сөйлемге баяндауышпен енеді; 
6) толықтайтын сөзімен нысандық қатынаста тіркеседі;
7) сөйлемнің «тема» және «рема» бөлігіне де орналасады. 
Пысықтауыш – сөйлемде етістіктен жасалған баяндауыштың сапасын, 
мезгілін, мекенін, мақсатын, себеп-салдарын, сипаттайтын тұрлаусыз мүше.
Сөйлемнің құрылымдық-семантикалық компоненті ретіндегі пы-
сықтауышқа тән белгілер:
1) сөйлемнің негізін құрауға қатыспайды(тұрлаусыз мүше);
2) үстеуден, көсемшеден және жанама септік тұлғалы зат есімнен жа-
салады;
3) бағыныңқы сыңар ретінде өз басыңқысымен қабыса, жанаса бай-
ланысады;
4) пысықтайтын сөзінің алдына орналасады;
5) сөйлемге баяндауышпен енеді;
6) өзі тіркескен сөзімен пысықтауыштық қатынаста болады;
7) сөйлемнің «тема» және«рема» бөлігіне де орналасады.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі – сөйлемге мүше болып кірген сөз-
дердің орналасу реті. Қазақ тіліндегі сөйлемдерде сөздердің орналасу тәртібі 


64 
тілдің грамматикалық құрылымымен айқындалып, әдеби тіл дәстүрі арқылы 
қалып-тасқан. Сөйлемнің әртүрлі типтеріндегі сөздердің орналасу ерекшелігі 
сөй-лем мазмұнына, құрылымына, сөйлем мүшелерінің санына, айтылу мақ-
сатына байланысты.
Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібінің атқаратын функциялары 
мыналар:
1. Тұлғасы(формасы) бірдей сөздердің бастауыш немесе тура то-
лықтауыш екендігін орналасуына қарай ажыратамыз: Бала кітап оқып отыр. 
Әнші ән айтады. Бірінші орналасқан сөз – бастауыш, етістікке меңгеріліп 
тұрған келесі сөз – толықтауыш.
2. Атау тұлғасында жұмсалған екі зат есімнің қайсысы бастауыш, 
қайсысы баяндауыш екенін де орын тәртібі арқылы ажыратамыз: Анам – 
дәрігер. Мұғалім - әкем. Інім – оқушы. Оқушы – інім. Алдында тұрған 
бастауыш, сөйлемді аяқтап тұрған баяндауыш. 
3. Сөйлемдегі сын есімнің қай мүше қызметінде жұмсалғанын да оның 
орналасу ретіне қарай анықтаймыз: Әселдің киімі – жылы. Әсел жылы 
киініпті. Әселдің жылы киімі өзінде. Бірінші сөйлемдегі жылы сөйлемнің 
соңында тұрып, баяндауыш болса; екінші сөйлемдегі жылы етістік 
баяндауыштың алдына орналасып, пысықтауыш қызметінде жұмсалған; ал 
үшінші сөйлемдегі жылы есім бастауыштың алдына орналасып, анықтауыш 
қызметінде жұмсалған. Демек, сөздер сөйлемге мүше болып кіргенде сол 
мүшенің орнына сай енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет