Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет68/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#151187
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   96
Байланысты:
ГЕНЕТИКА

ПОПУЛЯЦИЯЛАРДЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ
ДИНАМИКАСЫНЫҢ ФАКТОРЛАРЫ
Организмдердің эволюциясы барысында сапасы жағынан бір- 
бірінен айырмашылығы бар генотиптердің өзгергіштікке үшырауына 
байланысты бір генотип үнемі екінші бір генотиппен алмасып 
отырады. 
Оны 
популяцияның 
генетикалық 
қүрылымының
185


динамикасы 
дейміз. 
Популяциядағы 
генотиптік 
өзгергіштіктің 
негізіне мутациялық жэне комбинативтік өзгергіштік жатады.
Панмиксиялық 
популяциядағы 
генотиптердің 
тепе-теңдігі 
кейбір тұрақты эсер ететін факторларға 
байланысты өзгеріп 
отырады. 
Ол 
факторларға 
мутациялық 
процесс, 
сұрыптау, 
популяцияның мөлшері, изоляция т.б. жатады.
1. МУТАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСС
Гендердің популяцияда тұрақты түрде қайталанып отыруы үшін 
олар мутацияға ұшырамауы керек. Бірақ ондай өзгеріс үнемі болып 
отырады. Әрбір жеке ген мутацияға сирек үшырағанмен, генотиптегі 
гендердің саны көп болғандықтан, түрлі мутациялардың жалпы 
мөлшері де едэуір көп болып келеді.
Популяциядағы генотиптері гетерозиготалы организмдер түрлі 
мутацияларға бай болады. Мысалы, жүгерінің эртүрлі сорттарында 
«жасыл өскінді» мутация бойынша гетерозиготалы өсімдіктер 34-66 
пайызға дейін кездеседі.
Әрбір буын сайын генофонд (тектік қор) жаңа мутациялардың 
жиынтығымен толықтырылып отырады. Ол процесті мутациялық 
қысым деп атайды. Қандай болмасын жаңа пайда болған мутация 
түрге тэн генотиптің түтастығында өзгеріс тудырады. Сол себепті 
генотип системасында сүрыптаудан өтпеген мутация жеке даму 
барысында 
организм 
функцияларының 
тарихи 
қалыптасқан 
корреляциясын (бір-біріне сәйкестілігінін ) бұзады. Сондықтан да 
мутация алғашқыда көбінесе зиянды болып келеді.
186


2. С¥РЫ ПТАУ
Сұрыптау 
деп 
генотиптің 
организмнің 
сыртқы 
орта 
жағдайларына мейлінше көп бейімделуін қамтамасыз ету процесін 
айтады. Организмнің тіршілік ету және ұрпақ қалдыру мүмкіндігі 
оның 
ортаға 
бейімделу 
дәрежесіне 
байланысты. 
Организмде 
бейімделу реакцияларының нормасы неғұрлым жоғары болса, оның 
популяция құрамында сақтальгп, дами беру мүмкіндігі соғұрлым мол 
болады.
Дарвиннің табиғи сұрыптау туралы теориясы артта қалатын 
ұрпақ мөлшері олардың ата - аналарының сапалық ерекшеліктеріне 
байланысты деген принципке негізделген. Егер белгілі бір генотипі 
бар организмдер сұрыптаудың нәтижесінде жарамсыз болып қалса, 
онда популяциядағы соған тиісті геннің мөлшері азаяды, яғни 
сұрыптау тиімсіз /жарамсыз/ гендердің таралуын бөгейді.
Әрбір буын сайын популяциядағы зияны көбірек мутацияның 
концентрациясы зияны азырағына қарағанда тез төмендеп отырады.
Доминантты 
жэне рецессивті 
аллельдердің 
популяциядан 
шығып кету жылдамдығы да эртүрлі болады. Доминантты летальді 
гені бар организмдер сұрыптау арқылы бірінші буынның өзінде 
шетке шығып қалады. Басқаша айтқанда доминанты ген эрбір буын 
сайын үнемі сұрыптаудың бақылауында болады. Рецессивті мутация 
доминанттыға қарағанда популяция құрамында үзақ сақтала алады. 
Сондықтан да рецессивті гендердің сүрыпталуының доминантты 
гендере қараганда нәтижесі томен болады.
187


Сөйтіп, гендердің сұрыпталуы түрлердің дивергенциясында 
шешуші роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет