Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет66/96
Дата29.09.2022
өлшемі8,63 Mb.
#151187
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96
Байланысты:
ГЕНЕТИКА

ПОПУЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ
Түрді белгілі бір ареалға тараған, шығу тегі бірдей, сыртқы орта 
жағдайларына 
бейімделуі 
де 
үқсас 
оргаизмдердің 
тарихи
қалыптасқан жиынтығы деп қарастыруға болады. Бір түрге жататын 
организмдердің өзіне тән генотипі және фенотипі бар. Кейбір 
түрлердің таралу ареалы кең, оған бірнеше географиялық нәсілдер 
(раса) немесе түр тармақтары енеді, оларды политипті дейді. Ал енді 
біреулерінің ареалы шектеулі болып келеді де географиялық нэсілдер 
құрай алмайды, ондай түрлерді монотипті деп атайды. Түрді 
құрайтын особьтар өзгермейтін біртекті масса емес. Белгілі бір түрге 
жататын әрбір организмнің сол түрге тэн жалпы қасиеттерімен қатар 
өзіндік жеке генотиптік ерекшеліктері де болады. Түр организмдердің 
біртүтас жиынтығы бола отырып, жекелеген 
популяцияларға 
бөлінеді.
Популяция деп өмір сүру ортасы бір және оған бейімделу 
қабілеті де бірдей, бір-бірімен будандасып, ұрпақ бере алатын бір 
түрге жататын дарақтарды атайды. Қолдан сұрыптау жолымен
179


алынатын жануарлар тұқымдары мен өсімдіктер сорттары да 
жекелеген популяцияға жатады. Популяцияның қалыптасу процесі 
жэне оның динамикасы микроэволюция болып есептеледі.
Популяцияның генетикалық құрылымын анықтау селекционер- 
лерден басталады деуге болады. Себебі олар қандай болмасын бір 
сорт не тұқым шығару үшін будандастыратын ата-ана жұбын таңдап 
алумен қатар, бірнеше буын бойы олардың ұрпақтарын зерттейді. 
Бірақ популяцияны генетикалық тұргыда зерттеудің ғылыми негізі 
тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары, яғни Мендель заңдары 
ашылғаннан кейін салынды.
Популяция 
құрлымын 
ең 
алғаш 
статистикалық 
және 
генетикалық эдістер қолдана отырып зерттеген дат генетигі 
В.Иоганнсен. 
Оның 
1903 
жылы 
«Популяциядағы 
жэне таза 
линиялардағы тұқым қуалау» деген еңбегі жарық көрді.
Иоганнсен популяцияны зерттеу үшін объект ретінде өздігінен 
тозаңданатын өсімдіктерді алды, себебі олардан таза линияарды бөліп 
шығару оңай. Ол бұршақ тұқымдарының салмағын өлшеп, оған 
талдау жасаған. Сонда олардың салмағы 150-750 мг аралығында 
болған. Содан кейін салмағы 250-350 мг тұқымдар бір бөлек, 550-750 
мг салмағы бар тұқымдар бір бөлек себілген. Олардан өсіп шыққан 
өсімдіктердің тұқымдары қайтадан өлшенген. Бір сортқа жататын 
бұршақтан іріктеліп алынған ауыр және жеңіл салмақты тұқымдардан 
өсіп 
шыққан өсімдіктер тұқымдарының да салмағы жөнінен 
айырмашылығы болған, яғни ауыр салмақты тұқымдардан өсіп 
шыққан өсімдіктердің дәндері орта есеппен 518,7 мг ал жеңілдері 
343,4 мг тартқан. Сонда бұл тэжірибенің нэтижесі бұршақтың сорт-
180


популяциясының 
генетикалық 
жағынан 
әртекті 
особьтардан 
тұратындығын жэне оның әрқайсысы таза линиялардың бастамасы 
бола алатындығын көрсетеді.
Өздігінен ұрықтану жағдайында эрбір жеке организм жаңа бір 
түр тармағының немесе түрдің және сол сияқты сорт немесе 
түқымның шығар көзі бола алады. Мысалы, бидайдың жаңа 
сортының популяция ішінен сұрыпталып алынған бір ғана дәннен 
шығуы мүмкін.
Айқас тозаңданатын организмдердің популяциясы генотиптері 
әртүрлі дарақтардың еркін будандасуы негізінде қалыптасады. Ондай 
популяцияны 
панмиксиялық 
популяция 
деп 
атайды. 
Айқас 
тозаңданудың өздігінен тозаңданудан айырмашылығы сүрыптау және 
сүрыпталған 
формаларды 
будандастыру 
жолымен 
бастапқы 
популяциядан өзгеше белгілері бар линиялар алуға болады. Бүл 
олардың гетерогенді екендігіне байланысты нәрсе.
Панмиксиялық 
популяцияның 
генетикалық ерекшеліктерін 
білудің бір жолы - жекелеген гендер бойынша гомозиготалы және 
гетерозиготалы дарақтардың таралу сипатын зерттеу. Мысалы, 
қандай болмасын бір популяцияда бір геннің эртүрлі аллельдері 
бойынша, айталық, АА және аа гомозиготалы формаларды сан 
жағынан бірдей десек, бұндай панмиксиялық популяция тең 
мөлшерде А жэне а гендері бар аталық және аналық гаметалар түзе 
алады. Осындай гендерді алып жүретін дарақтар будандасқанда 
мынадай комбинация шығады:
181



\
0,5А
0,5 а
0,5 А
0,25 АА
0,25 Аа
0,5 а
0,25 Аа
0,25 аа
Сонда Ғ г де доминантты гомозиготаның пайда болу жиілігі - 
0,25-ке, гетерозигота - 0,5-ке, рецессивті гомозигота - 0,25-ке тең. Ал 
келесі буында гамета түзілгенде қайтадан доминантты аллелі бар 
гаметаның мөлшері 0,5-ке тең болады, себебі 0,25 гетерозигота 
Аа-
дан келеді. Ал енді рецессивті (а) аллелі бар гаметаның мөлшері де 
0,5-ке тең. Себебі 0,25 рецессивті гомозигота 
аа-
дан, ал 0,25 
гетерозиготадан беріледі. Сөйтіп, бұл мысалдан еркін будандасу 
жағдайында эр буын сайын доминантты және рецессивті гендері бар 
гаметалардың мөлшері бірдей деңгейде, яғни 0,5 А жэне 0,5 
а
болып 
отыратындығы байқалды.
Бірақ кейде 
популяциядағы 
гомозиготалар санының тең 
болмайтындығы да кездеседі. Мысалы, қара бидайда сабағының 
түктілігін анықтайтын А жэне түгінің жоқтығын анықтайтын 
а
аллельдері бар. Егер қара бидайдың бір популяциясында түгі бар 
өсімдіктер түгі жоқ өсімдіктерге қарағанда төрт есе көп болып келсе 
(4 АА : Іаа), бұл жағдайда гаметалардың арақатынасы 0,5 А : 0,5 
а
емес 0,8 А : 0,2 
а
болып келеді. Будандасудың нәтижесінде олардан 
мынандай комбинация түзеді:
сГ
9
0,8 А
0,2 а
0,8 А
0,64 АА
0,16 Аа
0,2 а
0,16 Аа
0,04 аа
182


Сөтіп эр жүз өсімдіктің 96-сы түкті (64-і гомозигота 32-сі 
гетерозигота), тек 4-уі ғана түксіз болып шығады.
Бұл жағдайда келесі буындарда да «а» аллелі бар гаметалардың 
мөлшері 0,2 (0,04-гомозигота ш-дан, 0,16-гетерозигота Аа-дан 
келеді). Ал «А» аллелі бар гаметалардың мөлшері 0,8 болады (0,64 
гомозигота АА-дан, 0,16 гетерозигота Аа-дан).
Сөйтіп, бұл популяцияда да бірнеше буын бойы гендердің 
белгілі бір ара қатынасы, яғни 0,8:0,2 сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет