76
4-Тарау. Жасуша туралы ілім (жалпы цитологияның негіздері)
молекулаларының жиналуы және күрделі нәруыздардың — липопротеидтердін
түзелуі жүреді, олар вакуолдердің көмегімен жасушадан тыскары шығарылады.
Гольджи кешенінін вакуолдері лизосомаларға бастау береді.
Лизосомалар
Лизосомалар (lysosomae) —
көлемдері 0,2-0,4
мкм болатын, бір кабат кана
мембранамен шектелген әр түрлі вакуолдер тобы. Лизосомалардың ерекше
белгілеріне
олардың ішінде, кышкыл pH деңгейінде, әр түрлі биополимерлерді
ыдыратушы гидролитикалык ферменттердің — гидролаздардың (протеиназа-
4 .1 3 - с у р е т . Лизосомалардың қүрылысы: a — жасуша қүрылымдарының
лизосоманың түзелуіне және жасуша ішілік ас қорытуға қатысуының схема-
сы: 1 — түйіршікті эндоплазмалық тордан қурамында гидролиттік ферменттері
бар усақ көпіршіктердің пайда болуы; 2 — ферменттердің Гольджи кешеніне
тасымалдануы; 3 — алғашқы лизосомалардың түзелуі; 4 — жасушадан
тыс ыдыратуда гидролазаларды бөлу және қолдану (5); 6 — эндоцитоздық
көпіршіктер; 7 — алғашқы лизосомалардың және эндоцитоздық көпіршіктердің
бірігуі; 8 — екінші реттік лизосомалардың түзелуі; 9 — телолизосомалар;
10 — қалдық денешіктердің экскрециясы; 11 — алғашқы лизосомалардың
Достарыңызбен бөлісу: