94
95
Қазақ жерінің табиғи-жағрапиялық ерекшеліктеріне байланысты
қазақтар көшпелі жəне жартылай көшпелі
мал шаруашылығымен
айналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланысты
өзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу,
қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан
жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Əрбір ру белгілі бір
аймақ шеңберінде көшіп-қону дəстүрін ұстанды. Жайылымдық
қоныстардың арақашықтығы жүздеген шақырымға созылды. Мал
шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тəуелді болды.
Жем-шөп дайындау болмады, қыста мал тебіндеп жайылды. Қыс
қатты болған жылдары жұт болып, малдың жаппай қырылуы жиі
кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп,
көбі отырықшылыққа ауысатын. Дегенмен мал шаруашылығын
жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүрі сақталып, үнемі
жетілдірілумен болды.
Қазақтар жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Соның ішінде жылқыға
үлкен мəн берді. Жылқының түр-түрі болған: жүк таситын, салт
мінетін жəне жүйрік-арғымақтар. Көшпелі
мал шаруашылығына
жылқыны үйірмен бағу тəн. Бір үйір 12-15 биеден тұрды. Бірнеше
үйір жылқы табынын құрады. Салт мінетін жылқы ат деп аталды.
Қазақтардың шаруашылығында қой жетекші орын алды. Қыпшақ
даласы көшпенділерінің басты байлығы қой болған. Қыпшақ
қойлары төзімділігімен, етті-сүттілігімен ерекшеленген. Қойдың
еті мен сүті тағам болды, терісі мен түбітінен киім-кешек, аяқ-киім,
ыдыс-аяқ жасалынды. Қазақ шаруашылығында түйенің де алатын
орны зор болды. Қазақтар негізінен қос өркешті, жүнді түйе өсірді.
Жылқы, қой, түйемен қатар қазақтар сүті мен түбіті үшін ешкі де
өсірген. Бірақ ешкі мен сиыр қазақ шаруашылығында аз болды.
Қазақ философиясында ешкі белгісіздікті білдірсе,
сиыр жұтпен
теңеседі. Сондықтан қазақтар бұл жануарлардың етін тек жұт жыл-
дары ғана жеген.
Мал жеке адамның жəне отбасының меншігінде болды. Мал
көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының ба-
сты өлшемі болды. Ал жайылымды қоғам мүшелері қауымдасып
пайдаланған. Əр рудың өзіндік жері болды жəне бұл жерге меншік
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырды.
Қазақтар егіншілікпен де айналысты. Қазақ хандығының
түрлі аумақтарында егіншіліктің дамуы əркелкі болды. Негізінен
отырықшы — егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
халықтары айналысты. Қазақтар көбіне тары дақылын екті. Сыр
бойындағы қалаларда ирригациялық жүйе барынша дамыған.
Қалалардың маңында суландыратын арнайы алқаптар болды. Қала
маңдарындағы бұндай алқаптарда бау-бақша өнімдері өсірілді.
Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше
түрлері болған: құс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның
ішінде
қыран құстармен аң аулау басым болды. Аң аулау дербес кəсіп
болмаған, мал шаруашылығына көмекші кəсіп қана болған.
Қазақтардың шаруашылығында əр түрлі қолөнер мен үй
кəсіпшіліктері елеулі орын алған: тері өңдеген, киіз басқан, құрақ
құраған, металдан əртүрлі бұйымдар жасаған.
Қазақтар көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлерде өмір сүрді. Көлеміне
жəне иесінің əлеуметтік жағдайына байланысты киіз үйлердің
түрлері көп болды. Күзеу мен қыстауда ағаштан жəне кірпіштен
салған жылы үйлерде тұрды.
XVI ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы
жəне Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстарын жандан-
дырды. Сырдария қалалары арқылы халықаралық сауда жəне
көшпенділермен дəстүрлі сауда дамыды. Түркістан қалалары мен
елді мекендері арқылы Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жол-
дары өтті. ХVІ—ХVІІ ғасырларда бұл қалалар саяси орталықтарға
айналып, онда қазақ хандары мен сұлтандары қоныстанды.
Көшпенділермен негізінен айырбас сауда жүргізілді. Сыр бойындағы
қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жұмыс істеді.
Қазақстанның көшпенділері оңтүстіктегі қалалармен сауда-саттық
қарым-қатынаста болды. Көшпелілердің астыққа — бидайға, тарыға,
арпаға, егіншілік пен бау-бақша шаруашылығының басқа
өнімдеріне
деген жəне əсіресе, маталарға деген сұранымы барынша тұрақты
болды. Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы
мен отырықшы-егіншілік аудандары жəне қала шаруашылығының
тұрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажырамас
белгісі болды.
Қазақ хандығы тұсында қазақ қоғамы негізгі екі əлеуметтік топ-
тан тұрды: ақсүйек жəне қарасүйек. Ақсүйектер əлеуметтік тобына
Шыңғыс ханның ұрпақтары — сұлтандар, төрелер жəне Мұхаммед
пайғамбардың үрім-бұтақтары — қожалар жатты. Бұл топ үш жүз
қазақтарының генеалогиялық құрылымынан бөлек тұрды. Шыңғыс
ханның ұрпақтары туылысымен сұлтан атағын иеленіп, бұл
əлеуметтік топқа тиесілі барлық ерекше құқықтармен қамтамасыз
етілді. Шыңғыс ханның ұрпақтарының əрқайсысы хандық билікке
үміткер саналды. Сонымен бірге, бұл əлеуметтік топ руға бөлінбеді.
96
97
Əрбір сұлтанның өзіндік үлесі болды. Қалған əлеуметтік топтардың
бəрі қарасүйектерге жатты. Қарасүйек өз ішінде тайпаға, руға
бөлінді.
Қарасүйек əлеуметтік тобынан ерекше құқықтар иеленген тек би-
лер болды. Атап айтсақ,
ру биінің қолында соттық, əкімшілік билік
шоғырланды. Билер сұлтандармен бірге мемлекеттік мəселелер
шешілетін жылдық жиналысқа — құрылтайға қатысты. Небір
беделді билер хан жанындағы «билер кеңесінің» құрамында болды.
Танытқан ерлігі немесе соғыс қимылдарын шебер басқарғаны
үшін хан немесе сұлтандар батыр деген құрметті атаққа ие болған.
«Батыр» ердің атағы ғана емес, сонымен бірге кəсіби жауынгерлер.
Қарапайым жауынгер батырлық танытқанымен,
қолына Шыңғыс
əулетіне тəн билік берілмеген. Батырлардың ерліктерін жыршы-
ақындар дəріптеп отырған.
Қазақ қоғамындағы ешқандай құқығы жоқ мүшелері — құлдар
болды. Бұл əлеуметтік топ өкілдерін негізінен соғыс тұтқындары
құрады. Олар өз қожайындарына тəуелді болды.
Қоғам мүшелері дəулет-мүлкінің мөлшеріне сай «бай» жəне
«кедей» болып бөлінді. Осы кезеңдегі қазақ қоғамы əлеуметтік
топтардың иерархиялық ұйымдасқан құрылымынан тұрды.
Бұл əлеуметтік топтар бір-бірімен тығыз байланыста болды. Əр
əлеуметтік топтың өзіндік құқықтары болды.
Достарыңызбен бөлісу: