Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

 
тамырдың тарылуы
 
салдарынан демiкпе пайда болып, 
жүрек айниды, кейде құстырып, iш өтедi. Жүрiс-тұрыстың бұзылуы пайда болады. 
Ауыр зақымдау дәрежесi
 
ұстама тәрiздес құрыспа мен сипатталады. Тыныс алу 
тоқтауы мүмкiн, дене көгерiп, дәрет күшейедi. Дененiң құрысуы 30-40 минутқа дейiн 
созылады, алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетiлмесе адам қаза тадады. 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек.
 
Уландырғыш заттармен зақымдану аймағында 
зақымданушыларға газқағар кигiзедi, алдын ала беттi химиялық заттардан қорғайтын 
ИПП-8 жеке пакетiндегi сұйықпен сүрткен жөн. Зақымданудың алғашқы белгiсi 
байқалысымен шприц-түтiк арқылы антидод егедi, зақымдалудың жеңiл түрi байқалса 
АИ-2 медициналық қобдишадан 2 таблетка, ал ауру өршiген жағдайда тағы 1 таблетка 
бередi. Зақымданушының азқазанын тазалайды.Тыныс алу тоқтаған жағдайда қолдан 
тыныс алдырады. Қолдан тыныс алдыру химиялық зақымдану аймағынан тыс жерде 
жүргiзiлу керек.
2. Жалпы улағыш әсерi бар уландырғыш заттар- синиль қышқылы, хлорциан, 
фосфорлы және мышьякты сутегi жатады. 
Синиль қышқылымен организм уланған жағдайда ащы бадамның исi келiп, ауызда 
металдың дәмi пайда болады, таңдайдың құрғауы, жүрек айниды, құсық пайда болады, 
басы аурып, жалпы мазасыздық сезiм билейдi. Терi бозарып, көздiң қарашығы кеңейедi, 
жүрiсiнде оғаштық байқалып, есiнен таниды. 


46 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету. Зақымданушыға газқағар кигiзедi, шлем-
масканың астынан амилнитритi бар ампуланы енгiзедi, ауыр зақымданған кезде 2-3 
минутты үзiлiстен кейiн амилнитриттiң 2-3 ампуласын енгiзу керек. Тыныс алу тоқтаған 
жағдайда қолдан тыныс алдыру керек. Тыныс алу орнына түскен жағдайда емдеу 
мекемесiне апару керек.
3. Терiнi құрысуына, iрiңдете әсер ететiн уландырғыш заттар тобына- иприт, люизит, 
азотты иприт жатады. 
Иприттiң әсерiн көз тез сезедi. Көз зақымдалғаннан кейiн 2-5 сағаттан соң топырақ 
түскен сияқты түйiлiп, жасаурап, жарық керi әсер етедi. Терiге 3-7 минуттан кейiн-ақ енедi 
де 18-24 сағаттан соң терi бөртедi, ал тыныс алу мүшелерiне 2-6 сағаттан соң әсер етiп, 
тамақ құрғап, жөтел пайда болады, даусы қырылдайды, бiраздан соң өкпенi қабындырады. 
Асқазанға енген кезде 20-40 минуттан соң азқазанның маңайын сырқыратып, жүрек 
айниды, құстырады, ауыз қуысы қанталайды. 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек. 
Зақымданушыға газқағар кигiзедi, ИПП-8 жеке пакетi көмегiмен iшiнара санитарлық 
тазалау жүргiзiледi. Егер улы зат көзге түскендiгi туралы күдiк алса, онда көздi ағынды 
сумен қайта-қайта шаю керек. Асқазанды тазалау керек. Терi қышыса санитарлық 
тазалаудан кейiн асептикалық таңғыш қою керек. Содан кейiн емдеу мекемесiне жеткiзу 
керек.
4. Тұншықтырғыштық әсерi ететiн уландырғыш заттар тобына- фосген, дифоскен 
жатады. Бұлар қоқыс шөп пен шiрiген алманiкiндей жағымсыз исiмен сипатталады. 
Организмге тек тыныс алу мүшелерi арқылы өтедi. Уландырғыш заттың әсерiнен ауызға 
тәттi дәмнiң келуi, тамақтың құрғауы, жөтел, бастың айналуы, кеуденiң қысылуы, жалпы 
әлсiздiк пайда болады. 4-6 сағаттан соң терi ұлпалары көгередi, өкпе домбығады. 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек.
 
Зақымданушыға газқағар кигiзедi, зақымданушыны 
жылыту, көрпеге орау керек. Зақымданушыны субъективтiк жағдайға қарамастан басқа 
жаққа әкетуге тиым салынады. 
Тұншықтырғыш затармен зақымданған кезде қолдан тыныс алдыруға болмайды! 
5. Көздiң жасын ағызып, тiтiркендiре әсер ететiн уландырғыш заттар тобына- 
хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит, CS (си-эс) жатады. 
Олардың әсерiнен көздiң шымшылуы сезiледi, жас қатты ағады, жарық әсер етедi, 
қабақ домбығады. Қатты уланған жағдайда көздiң тiтiркендiредi, жоғары тыныс алу 
жолдарын зақымдайды. 
Тiтiркендiргiш затпен уланған кезде мұрын қуысында қыжыл пайда болады, 
түшкiртедi, жөтел пайда болып, сiлекей ағады. Бұлар организмге 20-60 секундта әсер 
етедi. 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек. Зақымданушыға газқағар кигiзедi, зақымдану аймағынан 
алып кетуi керек, 2-3 минуттан соң түтiннен қорғайтын қоспамен дем алдыру керек. Тез 
арада емдеу мекемесiне жiберу керек. 
6. Психохимиялық әсер ететiн уландырғыш заттарға- BZ (БИ-ЗЕТ), диэтиламид 
лизергин қышқылы, псилоцибин. 
Бұл улы заттармен зақымданған кезде адамдарда құштарлық, мастану көңiл күй 
пайда болады, кейiн жүрсi бұзылады, бұлшық еттiң әлсiреуi байқалады, бұдан кейiн 
орталық жүйке жүйесiнiң зақымдануы бiлiне бастайды. Зақымданудың ауыр түрiнде сана 
көмескiленiп, адам тұрған жерiн бiлмейдi, көзге басқа заттар елестеп, тiл күрмеледi, құлақ 
шала естидi.
Алғашқы дәрiгерлiк көмек. Зақымданушыға газқағар кигiзедi, терiнi iшiнара 
санитарлық тазалау керек, азқазанды шайады, тезiрек емдеу мекемесiне жеткiзедi. 
Улылық әсерiн анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететiн уландырғыш зат 
(зарин, заман, V-газдар, синиль қышқылы т.б.) және баяу әсер ететiн уландырғыш заттарға 
(иприт, фосген) бөлiнедi.


47 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет