Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет25/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

 
Бақылау сұрақтары: 
1. Төтенше жағдай дегеніміз не? 
2. Табиғи төтенше жағдайларға не жатады? 
3. Техногенді төтенше жағдайлар 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.“Тiршiлiк қауiпсiздiгi” жоғарғы оқу орындары студенттерiне арналған оқу құралы 1-2 
кiтап. Алматы қ., 2003 ж. 
2.Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөнiндегi материалдардың ақпараттық-
әдiстемелiк жинағы. 2000-2004 ж. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi 
Агенттiгi. 
3. Жолмаганбетова М. А. Тіршілік қауіпсіздігі.-Алматы. 2004 
 
№10 Лекция- 2 сағат 
Химиялық қауiптi объектiлерде қолданылатын қатты әсер ететiн улы 
заттардың сипаттамасы 
 
Өнеркәсiптiң дамуы технологиялық процестерге әртүрлi химиялық өнiмдердiң 
барған сайын қолдануын қажет етiп отыр. Өнеркәсiптерде химиялық қатты әсер ететiн 
улы заттарды қолданады. 
Қазақстан Республикасында химиялық қауiптi 450 астам нысандар орналасқан. 
Химия, қағаз, түстi және қара металлургия, тоқыма, қорғаныс, мұнай, минералды 
тыңайтқыштар, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы ж.т.б. өнеркәсiптерде қатты әсер 
ететiн улы заттардың қоры жинақталған.
Қатты әсер ететiн улы заттар шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын 
шаруашылық объектiлерi химиялық қауiптi объектiлер деп аталады, олардың зақымдалуы 
немесе бүлiнiуi адамдардың, хайуанаттар мен өсiмдiктердiң, қоршаған ортаның жаппай 
улануына алып келедi.
Қатты әсер ететiн улы заттарды жабық ыдыстарда өзiнiң газ қысымымен сақтайды. 
Ыдыс қирағаннан кейiн сұйық заттағы қысым атмосфера қысымына дейiн төмендейдi, 


43 
қатты әсер ететiн улы заттар қайнайды және атмосфераға газ немесе бу түрiнде бөлiнедi. 
Олар зақымдану ошағын құра отыра үлкен қашықтыққа таралады. Бейбiт уақытта 
химиялық қауiптi нысандарды авария қондырғының жұмыс iстемеуiнен, қызметкерлердiң 
қатесiнен, пайдалану тәртiбiнiң бұзылуынан пайда болады. Ал соғыс уақыттары қарсылас 
жаққа химиялық қару қолдану немесе химиялық қауiптi нысандарды жару нәтижесiнде 
қатты әсер ететiн улы заттармен улану болады. 
Қатты әсер ететiн улы заттар өзiнiң қасиеттерiне байланысты төмендегiдей топтарға 
бөлiнедi; 
1. Тұншықтырғыш әсерi басым заттар; 
2. Жалпы улылық әсерi басым заттар; 
3. Тұншықтырғыш және жалпы улылығы әсерi
басым заттар; 
4. Нейротропты улы заттар; 
5. Тұншықтырғыш және нейротроптық әсерi бар; 
6. Метаболдық улы заттар; 
7. Зат алмасуды бұзатын улы заттар; 
Тұншықтырғыш әсерi басым заттарға
 
улы қосылыстар хлор, фосген жатады, олар 
тыныс алу мүшелерi арқылы организмдi зақымдайды. Зақымданудың бүкiл процесi 
шартты түрде 4 кезеңге бөлiнедi; затпен байланыс кезеңi, жасырын кезеңi, өкпенiң 
улануынан қабыну кезеңi, асқыну кезеңi. Әр кезеңнiң ұзақтығы қатты әсер ететiн улы 
заттардың улылық ерекшелiгi мен экспозициялық дозаның көлемiмен анықталады. Кейде 
жинақталған бiрқатар улы заттардың буының әсерiнен терiнiң ашық жерлерi, кiлегейлi 
жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпенiң қабынуынан адамның қаза болу мүмкiн. 
Жалпы улылық әсерi басым заттарға энергетикалық алмасудың күрт бұзылуын 
тудыруға қабiлеттi, ауыр жағдайларда зақымданушының қаза болуына себеп болатын 
қосылыстар, яғни көмiртегi тотығы, цианды сутегi және басқалар жатады. 
Тұншықтырғыш және жалпы улылық әсерi бар заттарға тыныс алу кезiнде өкпенi 
қабындыруға, ал сiңу кезiнде энергетикалық алмасуды бұзуға қабiлеттi азот қышқылы, 
азот тотығы, күкiрттiң қос тотығы, фторлы сутегi және т. б. жатады. Осы топтың көптеген 
қосылыстары күштi күйдiргiштiк қасиетi бар және алғашқы көмек көрсетудi қиындатады. 
Нейтропты улы заттарға жүйкенi реттеу механизмiн және жүйкенiң қалыпты 
жұмысын бұзатын тетраэтилқорғасын, күкiрттi көмiртегi, фосфорорганикалық 
қосылыстар және т. басқалар жатады.
Тұншықтырғыштық және нейтроптық әсерi бар заттар тыныс алу кезiнде өкпенi 
умен қабындару мен соның салдарынан жүйке жүйесiн қатты зақымдайтын қосылыстар 
аммиак, гептил, гидразин және басқалар жатады. 
Метаболдық уларға организмдегi заттардың метаболизмнiң процестерiне араласатын 
улы қосылыстар этилен тотығы, дихлорэтан және басқалар жатады. 
Зат алмасуды бұзатын заттарға
 
галогенденген ароматты көмiрсутегiлердiң тобына 
жататын улы қосылыстар диоксин, полихлорланған бензофуран және басқалар жатады. 
Осы заттар өкпе, ас қорыту жолы мен терi ұлпаларына әсер ете отырып, ұзақ созылатын 
ауру тудырады, зат алмасу процесiн бұзып ақырында адамда өлiмге ұшыратуы мүмкiн. 
Ең көп таралған қатты әсер ететiн улы заттарға хлор, аммиак, көмiртегi тотығы 
жатады. 
Хлор (CI
2
)
 
- қатты тiтiркендiргiш исi бар, қоңыр-жасыл түстi газ, ауада 2,5 есе ауыр. 
Ерекшелiгi- хлор аласа жерлерде, жер төлелерде, тоннельдерде, құдықтарда жасыл 
түстi тұман болып жинақталады. Барлық химиялық элеметтермен дерлiк қосылыс түзедi. 
Хлорды органикалық қосылыстар шығаруға, матаны ағартуға, ауыз суды 
залалсыздандыруға қолданады. 


44 
Организмге әсерi. Хлор буы тыныс алу мүшелерiн, көз бен терiнi қатты 
тiтiркендiредi. Ұзақ уақын бойы хлормен тыныс алғанда өкпенi қабындырып қиын 
жағдайға душар етедi.
Улану белгiлерi. Кеуденiң шаншып ауруы, көзден жас ағу, құрғақ жөтел, құсқысы 
келу, ентiгу. Жоғары концентрациялы хлор әсер еткенде зардап шегушi тұншығып, бетi 
көгередi, қашуға ұмтылады, алайда құлап есiнен айрылады. 
Қорғану құралдары. Тыныс мүшелерi мен көздi азаматтық сүзгiлi газқағарлар 
қорғайды. Газқағар жоқ жағдайда мақта-мата таңғышын 2% ас содасы қосылған суға 
ылғалдап пайдалануға болады. 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету. Зардап шегушiнi жедел таза ауаға алып шығып, 
су буымен демалдыру керек. Ауыр клиникалық жағдайда оттегiмен дем алдыру қажет. 
Күлдiреген терiнi 15 минут бойы 2% ас содасы қосылған сумен жуу керек. Тыныс алмаған 
жағдайда “ауызға ауыз үрлеу” әдiсiмен қолдан тыныс алдыру керек. Зақымданушының 
мойын жағын жылы киiммен қымтап ыстық сүт немесе шай берiп тыныштықта қалдыру 
керек. Тасымалдаған кезде тек жатқан күйiнде көтеру қажет. Содан кейiн мiндеттi түрде 
ауруханаға жеткiзу керек (4-сурет). 
Аммиак (NH
3
)-
 
мүсәтiрге тән қатты иiстi, түссiз газ. Ауада 1,7 есе жеңiл. 10% 
аммиак мүсәтiр спиртi, 18-20% аммиак аммиак суы деп аталады. Аммиакты органикалық 
қосылыстар алу үшiн, тоңазытқыш машиналарының қажеттi заты ретiнде пайдаланады, 
сондай-ақ азотты тұздарды, синил қышқылын, несеп нәрiн, тыңайтқышты алуға да 
қолданады. 
Организмге әсерi.
 
Көзге, тыныс алу органдарына, орталық жүйке жүесiне, терi 
ұлпаларына өте қауiптi. Аммиактың қатты әсерiнен кейiн бiрнеше минуттан соң бұлшық 
еттiң әлсiздiгi, дене құрысу пайда болады. Есту күрт төмендейдi, өкпенiң қабынуы 
мүмкiн. Аммиакпен зақымдану нәтижесiнде психикалық және неврологиялық ауытқу 
ықтымал. Қабақпен көз жанарына күш түсiп, кейде көз көрмей қалуы мүмкiн. 
Зақымдау белгiлерi. Тұмау, жөтел, дем алудың қиындауы, жүрек соғысының 
жиелеуi. Аммиактың буы сiлекей бездерi мен терi қабатын қатты тiтiркендiредi. Дәреттi 
кешiктiрiп, көмейдiң түйiлуi мен дыбыс сiңiрлерiнiң қабыну қаупi пайда болады. Жоғары 
концентрациялы аммиак буы мен тыныс алған кезде жүйке жүйесiне әсер етiп адам талып 
қалады. Аммиактың өлiмге душар ететiн концентрациясы 30 минутта 7 мг/л. тең. 
Қорғаныс құралдары
.
К- жасыл түстi, И-қызыл түстi, КД-сұр түстi маркадағы 
қорапқа салынған сүзгiштiк өнеркәсiптiк газқағарлар. ГП-5, ГП-7 сүзгiлi азаматтық 
газқағарлары. 
Өте жоғары концентрацияларда оқшауланған газқағарлар мен қорғаныс киiмiн кию 
керек. Газқағар жоқ жағдайда лимон қышқылының ерiтiндiсiне шайылған мақта–мата 
таңғышын пайдалануға болады. 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету.
 
Аммиакпен зақымданған адамады жылы киiм 
кигiзiп таза ауаға шығару керек. 10% ментол мен хлороформ ерiтiндiсi бар жылы су 
буымен дем алдыру керек. Ыстық сүт iшкiзу керек. Тұншыққан жағдайда оттегi жiберiп, 
ал дауыс қуысы бiтелген кезде мойынды қымтап, тамаққа қыздырғыш қағаз басу керек. 
Терi мен кiлегейлi қабықтарды 15 минут бойы сумен немесе бор қышқылының 2% 
ерiтiндiсiмен шайған жөн. Көзге альбуцидтiң 30% ерiтiндiсiн 2-3 тамшысын тамызып, 
мұрынға зәйтүн майы мен шабдалы майын тамызу керек. Тасымалдаған кезде тек жатқан 
күйiнде көтеру қажет. Содан кейiн ауруқанаға жеткiзу керек. 
Көмiртегi тотығы (CO)-
 
көмiртегiнiң немесе оның қосындысының жартылай жануы 
кезiнде пайда болады. Қан түйiршiктерiнен оттегiнi ығыстырады. Оттегi көлемi 18-20%-
тен 8%-ке дейiн төмендеуi мүмкiн. Көмiртегi тотығы ұлпаларға тiкелей умен әсер етiп, 
тыныс алуды бұзады. Көмiртегi тотығының әсерiн қолқа және демiкпеге ұшыраған, 
өкпесi, бауыры, қан тамырлары ауыратын адамдар тез сезедi. Дем алу тоқтаған бойда адам 
өмiрмен қоштасады. 


45 
Зақымдану белгiлерi. Көмiртегi тотығының әсерiнен маңдай мен шекенiң тартылуы 
сезiлiп, бас қатты айналып ауырады. Құлақ шуылдап, беттiң терiсi қызарып күйедi. Тамыр 
соғысы жиелеп, әлсiздiк билейдi, құстырады. Одан әрi әлсiздiк пен бойкүйзелiс пайда 
болады, адам талықсып, ұйқы басады. 
Қорғаныс құралдары
.
Сүзгiлi азаматтық газқағарлары пайдаланады. Оттегi жоқ 
жағдайда мысалы өрт кезiнде оқшауланған газқағарлар қолданылады. 
Алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету
.
Зардап шегушiнi өзi қозғалатын болсада жатқан 
күйiнде таза ауаға көтерiп шығару керек. Мүсәтiр спиртiн искетiп, жеңiл уланған 
жағдайда кофе, шай беру керек. Денесiн жылытып, аяғына қыздырғыш қағазын басып, 
тыныштықта қалдыру керек. Содан кейiн зақымданушыны стационарға жатқызады. 
Уландырғыш заттар, химиялық қару 
Уландырғыш заттар химиялық қарудың негiзiн құрайды. Соғыс кезiнде олардың 
сұйықтық тамшысы, аэрозоль күйiнде және бу тәрiздi күйге ауыстырып қолданады. 
Химиялық қарудың әсерiнен қоршаған орта, адамдар, хайуанаттар мен өсiмдiктер 
әлемi жаппай зақымданып химиялық зақымдану аймағын құрады. 
Улы заттардың зақымдау әрекеттерiнiң белгiлi ерекшелiгi болады. Олар қысқа 
мерзiмнiң iшiнде адамдар мен жануарларды уландырады, сонымен бiрге жер үстiндегi 
қабатты да зақымдайды. 
Уландырғыш заттар тыныс алу мүшелерi арқылы организмге енедi, сiлемейлi 
қабықшалар мен терi арқылы сiңедi де iшкi мүшелердi зақымдайды. Уландырғыш заттар 
организмге кейде сумен, киiммен де енуi мүмкiн. 
Барлық уландырғыш заттар организмге әсер ету сипаты бойынша төмендегiше 
жiктеледi. 
1. Жүйкенi жансыздандыратын уландырғыш заттар, оған улылығы ерекше жоғары 
фосфорорганикалық заттар (ФОЗ) тобы – зарин, зоман, табун. V-газы жатады. 
ФОЗ организмге, тыныс алу мүшелерi, жара, кiлегейлi қабық, азқазан-iшек жолдары 
арқылы өтедi де жүйке жүйесiн зақымдайды. 
ФОЗ-дың зақымдау әсерi үш дәрежеге бөлiнедi. 
Жеңiл зақымдау дәрежесi көз қарашығының қысылуы, көру дәрежесiнiң төмендеуi, 
көз бен маңдай төңiрегi сырқырап, кеуде қатты қысып, жүрек қысылып, жалпы әлсiздiк 
байқалады. 
Орташа зақымдау дәрежесi


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет