Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1. Қауіп-қатерді белгілері бойынша топтау 
Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптерi мен нормаларын 
сыйлайды, мемлекеттер арасында көршiлес ынтымақтастық қарым-қатынас, олардың 
теңдiгiн, бiр-бiрiнiң iшкi саясаттарына араласпау, халықаралық келiспеушiлiктердi 
бейбiт жолмен шешу мақсатын көздейдi.
Қазақстан өзiн қарусыз мемлекет ретiнде жариялайды, өйткенi өзiнiң аумағында 
ядролық және басқа да жаппай зақымдау қару түрлерiн шығарудан, сақтаудан, 
қолданудан бас тартты. Қазақстанның әскери доктринасы соғысқа қарсы, оның мақсаты 
аймақта және дүнижүзiнде қауiпсiздiктi нығайтуға бағытталған.
Қазақстан халықаралық ұйымға мүше елдердiң қатарында, барлық iргелес, көршi 
мемлекеттермен бейбiтшiлiк сүйгiш саясатын жүргiзедi. 
Тәуелсiз егемендi ел ретiнде Қазақстан Республикасының ең басты алға қойған 
мiндетi, оның ұлттық қауiпсiздiгiн нығайту. 
Мемлекеттiң кең байтақ жерiне, қазбалы байлықтарына, қорғаныс жүйелерiне, 
шекараларына көзалартыушылықты болдырмауды қамтамасыз ету үшiн сенiмдi 
азаматтық қорғаныс жүйесi мен қазiргi заманға сай Қарулы күштерi болуы керек және 
барлық уақытта дайын тұру қажет. 
Қазақстанның барлық аудандары әртүрлi табиғи және техногендi сипаттағы 
төтенше жағдайларға бейiм екенiн ескерген жөн, ол үлкен адам шығынына әкеп соғады,
қоршаған ортаға, шаруашылық жүргiзетiн нысандарға, елiмiздiң экономикасына үлкен 
нұқсанын тигiзедi, өнеркәсiптiң, көлiктiң және химиялық, радиациялық жарылыс, өрт 
қауiп бар нысандарда iрi аварияның, апаттың болуына әкеп соғады. Iрi авария, 
Қауіп-қатер 
Шыққан тегі 
бойынша: 
- табиғи; 
- техногендік; 
-
- антропо-
гендік; 
- -экологиялық; 
- -биологиялық 
-
Әсер ету әдіс-тері 
бойынша: 
- -физикалық; 
- -химиялық; 
- -механикалық; 
- -биологиялық; 
- -
жүйкефизиологи
ялық. 
-
- Жинақтал-ған 
орны бойынша: 
- -литосфера-
лық; 
- -гидросфера-
лық; 
-
-атмосфера-
лық.
- Зардап зияны 
бойынша: 
- -әлеуметтік; 
- -техникалық; 
- -экологиялық; 
-
- т.б. 
Байқалу саласы 
бойынша: 
- өндірістік; 
-тұрмыстық; 
-спорттық; 
- -жол-көліктік; 
-
- т.б. 
-
Салдары 
бойынша: 
-ауру табу; 
-жарақат алу; 
-әлсіреу; 
-өрт; 
-т.б. 
- Әрекет сипаты 
бойынша: 
- -сылбырлы-ғы; 
- -белсенділі-гі; 
- -т.б. 
- Уақыты 
бойынша: 
- -соқпалы; 
- -кумулятивті; 
-т.б.


38 
жарылыс, өрт, апат туа қалса, оның алдын алуға және оның келтiретiн залалын 
төмендету үшiн арнайы шаралар кешенiн жүргiзу қажет екенiн анықтайды. Бұл 
мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымы 
тағайындалды. 
1997 жылдың 7 мамырында «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы қабылданды. Бұл 
заңда Қазақстанның әрбiр азаматтары, аумақтары, шаруашылық жүргiзетiн нысандары 
бейбiт және соғыс уақыттарындағы төтенше жағдайлардан сенiмдi қорғалатындығы 
туралы және Азаматтық қорғанысының негiзгi мiндеттерi, құрылыуы, жұмыс iстеу 
принциптерi, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мiндеттерi, төтенше 
жағдай аймағындағы азаматтардың құқықтары туралы айтылған. 
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының ұйымдастырушылық 
құрлымына: 
-
азаматтық қорғаныстың басқару органдары; 
-
азаматтық қорғаныстың күштерi; 
-
азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай қызметтерi; 
-
азаматтық қорғаныстың материалдық-техникалық құралдары; 
-
азаматтық қорғаныстың жұмылдыру резервтерi жатады. 
Азаматтық қорғанысқа Қазақстан Республикасының премьер-министiрi жалпы 
басшылық жасайды. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының 
бастығы болып табылады.
Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасы төтенше 
жағдай жөнiндегi агенттiк жүргiзедi, оның төрағасы Қазақстан Республикасының 
Азаматтық қорғанысының бастығының орынбасары болып табылады. 
Жоғарғы оқу орындарында Азаматтық қорғанысқа ректор жалпы башылық етедi 
және азаматтық қорғаныстың бастығы болып табылады. Ол Азаматтық қорғаныстың 
ұйымдастырылуы мен жәй күйiне, оның күштерi мен құралдарының құтқару және өзге 
шұғыл жұмыстарды жүргiзуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы 
құрамының, студенттер мен қызметкерлердiң тосын жағдайлардағы iс-әрекетке 
икемдiлiгi үшiн жеке жауап бередi. Жоғарғы оқу орныны Азаматтық қорғанысы 
бастығының бұйрығымен АҚ штабы және Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай 
қызметтерi құрылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығының және Төтенше 


жағдай жөнiндегi орталық атқарушы органдарының шешiмiн барлық орталық және 
жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдар және республиканың халқы орындауға 
мiндеттi болып саналады. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Қауіп-қатердің түрлері 
2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай ұйымының қызметі қандай? 
3. ЖОО орындарындағы Азаматтық қорғаныс ұйымы 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Закон Республики Казахстан в области чрезвычайных ситуаций. Алматы, 2002 г. 
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргiзу 
жөнiндегi нұсқаулық. Алматы қ, 2012 ж.
3. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға 
арналған оқу құралы. Алматы қ,.2002 ж. 
4.Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам чрезвычайных 
ситуаций и Гражданской обороны. г. Алматы, 2013 г. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет