32
мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін. Қазіргі гигиена
ғылымының өзекті мәселесі адам өмір сүретін ортаның зиянды және қауіпті факторларын
анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың халық денсаулығына тигізетін қауіп-қатерін
бағалай білу болып табылады. Қауіп-қатер туғызатын әртүрлі факторлар нақты елдің,
аймақтың жағдайларына да тәуелді екенін ескеру қажет.
Қ
азақстан полигондары
.
Республика жерінде соғыс полигондары болған
аумақтар
30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары,
бақылау
обьектілері
ешбір
көмусіз
шашылып
жатыр.
Олар
негізінен
-
Семей, Нарын(Капустин
Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр
ғарыш
айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.
Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны
болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде -
183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс
ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды.
Батыс Қазақстан
аумағында 1966-1979 жылдары
24
рет
ядролық
қару
сыналған.
Соның
ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-
1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау
облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары
мен Байқоңыр
ғарыш
айлағы да
жатады.
Осы
аймақтарда радиоактивті
заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.
Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын
сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей
облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының
аумақтары
атом
сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен
экологиялық апатты аймаққа
айналды.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер
жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған
километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн
адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары,
сәулелік ауру, жүйке
ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең
жоғары.
Бақылау сұрақтары:
1. Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы
деген не?
2. Қазақстанда қандай радиациялық ластанған аймақтар бар?
3. Адам ағзасына радияция қалай әсер етеді?
4. Қазақстан полигондары
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Экология, охрана природы, экологичекая безопастность. Под.ред. проф. Никитина А.Т.
М.,2000
2. Протасов В.Ф. экология, здоровье и охрана окружающей среды в России: Учебное и
спровочное пособие. М.,2001
3. Бейсенова Ә.С.,Самақова А.Б.,ЕсполовТ.И.,Шілдебаев Ж.Б. Экология және табиғатты
пайдалану.-А.: Ғылым, 2004.-Б.37-71.
Достарыңызбен бөлісу: