Жолмаганбетова Маржан Аманбайқызы



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата10.10.2022
өлшемі1,18 Mb.
#152433
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
ekologiya zhane omir kauipsizdigi. zholmaganbetova m.a.

Экологиялық факторлар
дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін 
тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық 
күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне түрлі реакция (жауап) 
береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минерал заттар 
шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы. 
Шөл-шөлейтті жерлердегі өсімдіктер үшін жоғарғы температура мен ылғалдың 
аздығы мен ылғалдың аздығы қолайлы фактор болса орман өсімдіктеріне қолайсыз орта 
факторлар болып табылады. Міне, осы жағдайлар мен факторлар оларға организмдердің 
бейімделуі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан тарихи дамудың жемісі деп білеміз. 
Нәтижесінде, өсімдіктер мен жануарлардың түбегейлі қалыптасқан географиялық 
зоналары айқындалады.
Факторлар үш негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және 
антропикалық. 
Абиотикалық факторлар
дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық 
ортаның жиынтығы. Олар – химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы 
сулар, шөгінділер т.б.) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жер, радиация т.б.) – 
деп бөлінееді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық 
құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, комостқы сәулелер т.б. факторлар 
организм үшін әртүрлі деңгейде әсер етеді. 
Экологиялық факторлар көптүрлі болғанымен олардың организмдерге әсер етуі 
бірдей болмайды. Бірақта әрбір жеке факторлардың өзіндік әсер ету әрекеті ерекшеленеді. 
Жарық
.
Жарық тірі организмдер үшін негізгі факторлардың бірі. Күн сәулесінің жер 
бетіне келіп жететін барлық мөлшерінің тек 50% ғана бізге көрінсе, ал қалған бөлігін 
көрінбейтін инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер құрайды. Жарық әсіресе жасыл 
өсімдіктер үшін өте қажет. Өйткені, фитосинтез процесі тек жарықта ғана жүреді. 
Тірі организмдер үшін жарықтың мол түсуі, күші, сапасы мен мөлшері үлкен роль 
атқарады. Көптеген организмдер үшін жарық оның тіршілігі үшін (көбею, бағдар, т.б.) 
міндетті түрде болуы керек. Ал, біраз организмдер үшін жарықтың қажеттігі шамалы. 
Сондықтан жарыққа қатысты организмдерді – жарық сүйгіштер, көлеңке сүйгіштер 
немесе қараңғылықты сүйетіндер деп атайды. 
Температура.
Организмдердің тіршілігі мен дамуы және таралуы үшін қажетті 
факторлардың бірі. Сондықтан организмдер төменгі немесе жоғарғы температураға 
бейімделе отырып өзінің қалыпты тіршілігін үйлестіріп отырады. 
Жылу режимі
. Қазақстан жағдайында оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгеріп 
отырады. Өсімдіктер мен жануарлар жылуды түрліше қабылдайды және уақыт пен жыл 
маусымдарына байланысты әртүрлі талап қояды. Мәселен, жылу өсімдіктер үшін ауа 
райының қолайсыз мезгілінен сақтап қалу үшін қажет. Суықтан немесе ыстықтан қорғану 
үшін өсімдіктердің әртүрлі табиғат зоналарына бейімделген формалары келіп шыққан. 
Мәселен, тундра өсімдіктері аласа әрі жербеттенген болып келсе, ал тропика мен 
субтропика өсімдіктерді өркен, жапырақтарының түрін өзгертіп, қурап немесе кеуіп 
кетуден сақтануға бейімделген. Шөл, шөлейтті жерлерде өсетін өсімдіктер де жылудан 
қорғану үшін сабақ, жапырақ, тамыр т.б. мүшелерінің түрін өзгерткен. Мәселен, 
Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында өсетін сксеуіл, қылша, құм акациясы, теріскен, 
жантақ, ақ жусан, изен т.б. өсімдіктерді атауға болады. Жоғарғы немесе төменгі 
температура өсімдіктердің анатомиялық-физиологиялық бейімделуге де күшті әсер етеді. 
Мәселен, жоғары температура өсімдіктерде транпирация процесін, клеткада тұз 
жинақтауды тездетіп, устица арқылы суды буландыруды азайта түседі. Ал 


26 
температураның төмендеуі өсімдік клеткасындағы қант т.б. органикалық заттарды 
көбейте түсіп суыққа төзімділігін арттырады. 
Жануарлар дүниесінде климаттың қолайсыз жағдайларына бейімделу жолдары 
өсімдіктерге қарағанда көп салалы болып келеді.Оның негізгі белгілері – жануарлардың 
қысқа дайындығының қор жинау, түсінің өзгеруі, қоңдануы, мінез-құлқының өзгеруінен 
көруге болады. Соның бірі – жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі. Ұйқының – қысқы және 
жазғы түрлері болады.Жазғы ұйқы жоғарғы температураға тәуелді. 
Жануарлардың ұйқыға кету кезеңі мен сол уақыт аралығында организмдер 
денесінде түрлі физиологиялық, биохимиялық өзгерістер болады. Қысқы ұйқыға кету 
сүтқоектілер, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер және омыртқасыз т.б. 
организмдер өкілдеріне тән құбылыс. Кейбіреулер қысқы ұйқы кезеңін әлсін-әлсін оянып, 
тіпті активті өткізеді.Мәселен, кәдімгі біздің қоңыр аю қысқы екзеңінде дүниеге әкеледі. 
Көптеген организмдер үшін көбеюдің бейімделуге қатысты қайталанудыңмаусымға 
тәуелділігі байқалады.Жалпы көбеюге әсер ететін қозғаушы фактор сол ортаның жарық 
режимі болып келеді.Ал,кейбір қосмекенділер,Бауырмен жорғалаушылар үшін қозғаушы 
күш ылғал немесе температура болуы мүмкін. 
Организмдердің тыныштық кезеңі (диапауза) әсіресе насекомдарда,өрмекші және 
шаян тәрізділерде жиі білінеді.Олардың біздің жерімізде қыстық және жаздық тыныштық 
кезеңін даму фазаларының әртүрлі сатысында өткізуге бейімделген.Мәселен, түт жібек 
көбелктерінің қыстай жұмыртқалары, кәдімгі қарағай көбелегінің гусеницасы, ал қалақай 
мен капуста көбелегінің ересектері қыстап шығады. 
Жануарлар дүниесінің көптеген түрлері – ауа райының қолайсыз жағдайынан орын 
ауыстыруға (миграция), ұзақ сапарлар шегуге (жыл құстары) бейімделеді.Бұл 
бейімделулер көбіне – фотопериодизм құбылысына тәуелді.Орын ауыстыру ұзақ немесе 
қысқа мерзімді болып бөлінеді. Олардың тәуліктік , маусымдық және жылдық түрлерін 
ажыратуға болады.Ең ұзақ сапар шегетіндер құстар мен жарқанаттар. Мысалы, біздің 
республикамыздың жеріне сонау тундра, қиыр шығыс аймақтарынан құстар келсе, ал 
біздің құстарөз кезегінде Дерорта теңізі,Африка, Австрия, Үнді жағалауларына сапар 
шегеді.Құстардың кейбіреулері осы кезеңде 400-13000 шақырымға дейін ұшатыны 
анықталған.Анықтаудың бірден бір жолы – құстарға көктемде немесе күзде сақина салу. 
Сол арқылы жыл құстарының қыста немесе жазда қай жерлерге баратынын дәл анықтап 
отырады. Оны бүкіл дүниежүзілік орнитология ұйымы жүзеге асырады.
Организмдердің бейімделу процесіндегі ерекше құбылыстың бірі - анабиоз. Анабиоз 
организмдердің бейімделу деңгеиінің ең төменгі сатысы. Бұл кезде организмдерде 
тіршілік нышанының барлық белгілері тоқталып өлім шекарасында тұрады. Оларға 
негізінен өсімдік тұқымы, спора, бір клеткалы организм, колевратка, дөңгелек құрттар, 
буын аяқьылардың көптеген өкілдері жатады. Мәселен, аталған организмдер анобиоз 
кезінде ең төменгі -180
0
С тан төмен немесе +270
0
С жоғарғы температураны да көтеретіні 
туралы ғылыми деректер бар. Организмдердің аталған қасиеттері олардың даму 
эволюциясындағы ең жоғарғы бейімделу деңгеиін көрсететін фактор екені сөссіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет